Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы



бет95/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

71. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.


72. Мақсаты балаларда сөйлеу белсенділігін ояту үшін жағдайларды жасау,сөйлеу тілін тыңдау және қабылдау біліктілігін қалыптастыру.


73. Міндеттері:


1) қаратпа сөйлеу тілін зейін салып тыңдау икемін дамыту;


2) балаларға тұрмыста жиі кездесетін заттарды, іс-әрекеттерді, кейбір белгілерді атауды үйрету (ересек адаммен бірлесіп және еліктеу бойынша);


3) сөйлеу тілінің көмегімен өз қажеттіліктерін айта білуін қалыптастыру;


4) балаларды екі-үш сөздерден тұратын қарапайым фразаларды белсенді сөйлеу тілінде қолдануға үйрету;


5) ертегілерді, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, жұмбақтарды тыңдауға және қабылдауға үйрету;


6) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және оқиға барысын қадағалауға үйрету;


7) халық ауыз әдебиет шығармаларындағы мәнерлі интонацияны қабылдау біліктілігін дамыту, сөйлеу тіліне еліктеуін белсендірту.

5-параграф. 1-жартыжылдық

74. Сөйлеу тілін дамыту:


1) суретте бейнеленген іс-әрекеттерді түсіну білігіне үйрету;


2) ойыншықпен әрекет жасау бойынша екі сөзден фразаны құрастыру икемділігін дамыту; өз қажеттіліктерін сөйлеу арқылы білдіру икемділіктеріне үйрету;


3) тұрмыстағы заттарды, әрекеттерді, кейбір белгілерді білдіретін бір, екі, үш буыннан тұратын сөздерді атау икеміне үйрету;


4) балалардың өмірімен және практикалық тәжірибесімен байланысты сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету;


5) балалармен тақпақтарды, өлеңдерді, санамақтарды жаттау;


6) бейімделген мәтіндерді тыңдау және олардың суреттерін қарау икемділігіне үйрету.


75. Күтілетін нәтижелер:


1) өз қажеттіліктерін қарапайым сөйлеу тілінде білдіреді;


2) кейіпкерлердің әрекеттерін суреттер бойынша таниды;


3) ересек адамның көмегімен бір немесе екі құрамды сөздердің буындық құрылымын қайталайды;


4) екі сөзден тұратын сөз тіркесін құрастырады;


5) бейімделген мәтіндерді тыңдайды және олардың суреттерін қарайды.


76. Көркем әдебиет:


1) тыңдау және түсіну:ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын тыңдай және қабылдай білуге үйрету;сөйлеу тілінің мүмкіндіктеріне сәйкес қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету; кітаптағы суреттерді қарауға баулу, таныс заттарды атауға, педагогтың сұрауы бойынша көрсетуге ынталандыру;


2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:ертегі мазмұнындағы сұраулы интонацияны, тақпақтардың, өлеңдердің ырғақтылығын қабылдауға үйрету, "кап-кап", "тық-тық" дыбыстық ымдарды қайталауға ынталандыру;


3) әңгімелеу және жаттау:таныс тақпақтардағы негізгі (қайталанатын) сөздерді қайталауға, таныс өлеңдерді,тақпақтарды оқу кезінде сөздерді жалғастырып айтуға үйрету (сөйлеу тілінің мүмкіндіктеріне қарай);


4) лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру; кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын жаңғырту (балапандар жем шоқиды, қоян секіреді).


77. Күтілетін нәтижелер:


1) қысқа ертегілерді, жай әңгімелерді, тақпақтарды, жұмбақтарды тыңдайды және қабылдайды;


2) көркем шығарма мазмұнындағы сұраулы сөйлем интонациясын қабылдайды және түсінеді;


3) ертегі кейіпкерлерінің әрекеттеріне және дыбыстауына еліктейді;


4) шығарма мазмұнын эмоциональді қабылдайды және оған ынтасын байқатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет