Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы



бет115/135
Дата31.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#78110
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
24. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны баланың әр түрлі күн тәртібі сәттерін игеру процесінде кездестіретін қоршаған орта заттары туралы елестерін қалыптастыру мақсатында жағдаяттарды ыммен немесе сөзбен айту арқылы жүргізілетін бала мен ересектердің біріккен заттық-тәжірибелік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. Күнтізбе - коммуникацияның белгілік жүйесін қолдану.
25. Мақсаты - вербальды және вербальды емес қолжетімді құралдар арқылы қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасау қабілеттілігін қалыптастыру; әртүрлі формада балалардың мүмкіндіктеріне байланысты коммуникативті дағдыларын дамыту мен қалыптастыру: ым-ишаратпен сөйлеу, көру мен есту қабілетінің бұзылыстары ұштасқан балалар үшін дактильді-қатынас сөйлеу тілін, сөйлеу тілі мүлдем шықпаған балалар үшін зат-белгілер көмегімен, қалдық естуі бар балалар үшін ауызша сөйлеу тілін.
26. Міндеттер:
1) коммуникативті мінез-құлықтың салдарын, коммуникацияның қажеттілігін түсінуін қалыптастыру;
2) өзіне, басқа адамдардың көңілін аударту үшін әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында қолдана алу қабілеттілігінжәне коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.
5-параграф. 1 - жартыжылдық
27. Ым-ишарат, дактильді-қатынас сөйлеу тілін қалыптастыру (көру мен есту қабілеті бұзылыстарыныңүйлесуі кезінде):
1) нақты тактильды қоздырғыштарға зейінін тұрақтандыруға үйрету (қыдықтау, ақырын шапалақтау); контрасты тактильды қоздырғыштар (ыстық - суық, жұмсақ- қатты);
2) шынайы ым-ишаратты қолдану арқылы баланы күнтәртіп реттілігіне қосу (күнтәртіп сәттерін белгілейтін ым-ишараттарды таңдап алу);
3) баланың зат немесе адаммен дене мүшелерінің байланысын орнататын позицияны табуға үйрету;
4) күтпеген жағдайда нәтиже беретін ("Хандз әдісін" қолдана отырып, шаршыны шаршының үстіне қою; шаршылар құлайды) қоршаған ортамен дене арқылы өзараәрекеттесуіне үйрету;
5) балаға көмекті ұйымдастыра отырып таныс адамның заттарын (қол, сағат, сақина, дауыс) тактильді, көру және есту арқылы тануға үйрету;
6) бала ойыншықты еденге лақтырғанда ересек адамның "болмайды!" деп айтқаны мен ыммен көрсетуі барысында орындауға үйрету;
7) күнтәртіп сәттерін орындау кезінде сәйкес ым-ишаратты қолдану: тамақ жеу, су ішу, отыру, серуендеу;
8) баланың әдейі немесееріксіз қарым-қатынас жасау әрекетіне үнемі жауап қайтару. Егер бала өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ересек адамның қолын тартып көрсетсе, оның сұраныстарында белгі, ым-ишарат немесе сөздерді қолдануға үйрету;
9) баладан педагог ұсынған белгілі бір іс-әрекетті орындауды ыммен немесе сөзбен айтуды талап ету;
10) баламен жағымды қарым-қатынастық өзара әрекетті пайдалану (құшақтау, өзіне тарту, басынан сипалау);
11) өз дене бөліктеріне қызығушылығын ояту;
12) ересек адаммен бірлескен іс-әрекетті орындау барысында оңды қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру: "қолымен көзді жабу" (тығылу), "алақанға қолды жұмып соғу", "басынан жоғары қолын көтеру", "алақандарымен шапалақтау", "қол бұлғау";
13) мимикаға (көзді жабу, жыпылықтау, жалау, тілді шығару, ерінді бір-біріне тигізіп шөпілдету); дауыс интонациясына (үшкіру, жөтелу, күлу), дауыс интонацияларына: "түшкіру", "жөтелу", "күлу", "пысқыру"; дыбысқа еліктеуге үйрету.
28. Үйретілетін біліктер:
1) жүріс-тұрыс реакциясына бақылау жасау: агрессия, өзін-өзі жаралау, бет жүзінің қалпы, күлу, айқайлау, бірнеше ым-ишараттың үйлесімі, айқай, жылау, қозғыштық, адамға жақындау, эхолалия, дене тонусын өзгерту, жыпылықтау;
2) жүріс-тұрысы қарым-қатынас жасау әрекеті ме екенін анықтау;
3) бала ұсынған коммуникацияның белгілік емес құралдарын тану:
заттардың талаптарын (шырыны бар шыныға қолын созады немесе күлшесі бар қорапты көрсетеді);
қарсылық білдіру, қабылдамау (затты итереді, адамнан немесе іс-әрекеттен кері бұрылады, өзіне-өзі агрессия танытады, заттарды лақтырады);
таңдау жасау (заттарға қарайды, заттарға қолын тигізеді, адамға көз тастайды, іс-әрекет, қалаған затына қарай қозғалады);
"маған тағы керек" деп талап ету (бос тәрелкеде тағам алуды жалғастырады, кесесін кері береді);
көмек сұрау (ашқысы келетін ыдысты беріп қолын созады, жүрмей қалған сырмаға үлкеннің қолын қояды);
іс-әрекетін реттеу (үлкеннің қолын жылдам немесе баяу қимылдатуға тырысады);
назар аударуды талап ету (үстелді ұрады, дыбыстар шығарады);
4) баланы жағымды іс-әрекетпен айналыстыру;
5) баланың берген белгілеріне әсер ету: бала белгі берген кезде тоқтау, содан соң іс-әрекетті қайта жаңғырту.
29. Көру мен есту қабілеті бұзылыстарыныңүйлесуі кезінде ым-ишарат дактильді сөйлеу тілін қалыптастыру бойыншакүтілетін нәтижелер:
1) күнтізбе ішіндегі зат-белгілерді қолдана отырып, күн тәртіп реттілігін сақтауға тырысады;
2) балаға көмекті ұйымдастыра отырып таныс адамның заттарын (қол, сағат, сақина, дауысын) тактильды, көру және есту арқылы тануға үйрету;
3) "болмайды!" деген ым-ишараға жауап қайтаруға тырысады;
4) күн тәртіп сәттерін орындау кезінде сәйкес ымды қолдану: тамақ жеу, су ішу, отыру, серуендеу;
5) қажетті жағдайда белгі, ым-ишара немесе сөздерді қолдану;
6) өз дене бөліктеріне қызығушылық танытады;
7) бала педагог ұсынған белгілі бір ым-ишарат немесе сөз бойынша орындайды.
30. Сөйлеу тілі жоқ балалар үшін "күнтізбе" - коммуникацияның белгілік жүйесін қолдану: бұл бала коммуникациясының әр түрлі құралдарын дамытуға негіз болатын және ересек адам мен баланың диалогы үшін тақырыпты өзара түсінуді қамтамасыз ететін күнделікті оқиғалардың реттілігі мен әр түрлі іс-әрекеттерге қосу мақсатында баланы күні бойы іс-әрекеттің негізгі түрлерін көрсету үшін белгілер немесе заттар пайдаланылады.
31. Коммуникациялық "күнтізбелер" баланың интеллектуалды, сенсорлық, сөйлеу тілі мен қимыл-қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай таңдалып, келесі түрде болады:
1) заттық күнтізбе - бұл белгілер ретінде шынайы, кішігірім сызбаланған заттар және барельефті, рельефті, контурлыбейнелері қолданылатын күнтізбе. Күнтізбенің бұл түрі тактильді қабылдауға негізделген біріктірілген қораптар немесе терең емес бөлімшелері бар ағаштан жасалған бір қорап түріндегі контейнер немесе шкаф ретінде болғандықтан көру қабілеті терең зақымдалған балаларға қолжетімді;
2) суретті күнтізбе - бұл қандай да бір заттың, әрекет түрі немесе оны жүзеге асырудың орны бейнеленген сурет. Бұл күнтізбенің түрі көру қабілеті сақталған балаларды коммуникацияға (қарым-қатынасқа) үйрету үшін енгізіледі;
3) сөзбен толықтырылған бейнесі бар күнтізбе.
32. Зат-белгілерді, суреттерді/ "күнтізбені" қолданумен байланысты дағдыларды қалыптастыру(сөйлеу тілі жоқ балалар үшін):
1) зат-белгілер қызметтерін, қандай әрекетке бағытталғанын түсіну (қасық-тамақтану, сабын-жуыну, дабыл-жаттығу, қасық-таңғы ас, есту аппараты-сабақ, қалам-жазу, есептеуші таяқша-математика, фигуралар қорабы-құрастырғыштар, кесе- екінші таңертеңгі ас, қалпақ-серуен, жастық-ұйықтау);
2) коммуникацияны кеңейту мен әрекетті жоспарлау мақсатында күнтізбеге зат-белгілерді енгізу;
3) балаға белгілі бір іс-әрекетті орындар алдында күнтізбеден зат-белгілерді көрсету.
33. Коммуникацияның белгілік жүйесін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) қандай да бір әрекетті көрсететін зат-белгілердің қызметін түсіну;
2) өз ниеттерін білдіру үшін зат-белгілерін қолдану арқылы әрекетті жоспарлауға ынталану.
34. Сөйлеу тілін дамыту (ауызша сөйлей алатын баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту және қалыптастыру):
1) тыныс алу, дауысты дамытуға әртүрлі жаттығуларды орындау;
2) жасайтын іс-әрекеттерді сөзбен жетелеуді ұйымдастыру;
3) баланың жауап реакциясын күту;
4) сөйлеу дағдысын дамыту және қалыптастыру;
5) ұзақ бір дауыстан, әр түрлібуындардан құралған дауыстарға еліктеуін белсендіру, өз былдырлау дыбыстарын және ересек адамның айтқан буындарын қайталау;
6) әнді айтуға қатысу, ересек адамның ым-ишараттық әрекетіне еліктеу, кейбіреуіне женілдетілген (былдырлау) сөздер;
7) баланың ауызша сөйлеуін ынталандыру.
35. Үйретілетін біліктер:
1) баламен қарым-қатынас жасауда дұрыс қалыпты ұстау;
2) ересек адамның аузын көре алатындай өз тізеңізге немесе қарама-қарсы отырғызу;
3) бала басын артқа қарай шалқайтпауын қадағалау, қажет жағдайда баланың иығы мен қолын ұстау;
4) баланы былдырлауға үйрету үшін тілдің, еріннің қимылын дамыту үшін ойын кезінде ауызды бақылау;
5) баладан күтетін дыбыстардың үйлесімділігі мен қимылдарды көрсету;
6) баланың аузын жабық ұстауға үйрету;
7) тыныс алу, дауыс, артикуляциялық қимылдарды дамытуға әртүрлі жаттығуларды орындау.
36. Дыбыстық сөйлеу тілін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) тыныс алу, дауысты дамытуға арналған күрделі емес жаттығуларды орындауға ынталану;
2) ересек адамның артынан қайталау арқылы бір дыбысты, екі буыннан тұратын дыбыстарға еліктеу;
3) әнді айтуға қатысу, ым-ишараттық әрекетке еліктеу, сөздік былдырларды қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет