Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет68/135
Дата31.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#78110
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135
12-параграф. 2 - жартыжылдық
247. Сурет салу:
1) балаларға әртүрлібейнелеу құралдарын және құрылғыларын пайдалануға; түстердің әдемі үйлесуіне эмоционалды әсерін білдіруге; қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлауға;бейнелерді көлемі бойынша, олардың бір-біріне қатысты орналасуы бойынша салыстыруға; өзінің және басқаның өнімін дұрыс бағалай білуге; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласып жұмыс істей білуге үйрету;
2) заттық сурет салу: дөңгелек, бұрышты, тікбұрышты пішінді заттардың суретін салу; сопақша пішінді заттардың суретін салу; әртүрлі бөліктерден құралған заттардың суретін салу;таныс заттарды алдын ала көру-қимыл тәсілімен зерделеуден кейін олардың суретін салу; заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуын бере білуге үйрету; адамның, жануарлардың дене құрылыстарының (пішіндердің қимылы) ерекшеліктерін бере білуге үйрету;
3) сюжеттік сурет салу:күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені парақтың төменгі жағындағы (жерді білдіретін) жолаққа, бүкіл парақ бетіне орналастыруға үйрету; әдеби шығармалар тақырыбына сюжеттік композиция құрастыру - ұжымдық сурет салу; балаларды сюжеттегі әртүрлі заттардың көлемі (үйлер үлкен, ағаштар биік және аласа) бойынша арақатынасына назар аударуға үйрету;құрған бейнелерін безендіру тәсілдерімен таныстыру;
4) сәндік сурет салу: сәндік өрнектерді құрастыру, элементтерін белгілі бір дәйектілікпен жолақта орналастыра отырып, өрнек (қазақ оюы, хохлома суретінің элементтері) құрай білу; өрнек элементтерін дөңгелекке, шаршыда симметриялық орналастыру ережелерімен таныстыру; өрнектің қайталанатын элементтерін (жағынды, нүкте, доға, жолақ) ырғақпен салу дағдыларын; өрнектерді шаршының төрт бұрышына, шаршының ортасына дәйектілікпен құрастырумен таныстыру; ыдысқа сурет салу;қағаз сұлбасына, ойыншықтарға сурет салу;
5) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) салыстыру туралы; бейнеленетін заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша) туралы; қазақ оюының, хохлома, дымковтық сурет салудың негізгі элементтері туралы білімді қалыптастыру;
6) үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу, қарындаш ұстаған қол қимылының еркін болуына қол жеткізу; қарындашқа түсетін күшті реттей отырып, түс реңктерін бере білу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау; басқа түсті бояуға батырмас бұрын, қылқаламды жуу; қылқаламмен әр түрлі тәсілде сурет салу: жалпақ сызықтар - қылқаламды жалпитып басу, жіңішке - қылқаламның ұшымен, қылқаламды қағазға барынша тигізіп жағынды түсіру, қылқаламның ұшымен ұсақ дақтарды салу; тік және көлденең сызықтардың суретін салудың дұрыс тәсілін; майлық қағазды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
248. Күтілетін нәтижелер:
1) заттың суретін бояумен және қарындашпен затқа қарап салады;
2) үлгі бойынша ыдысқа, ойыншыққа, қағаз сұлбаларына сурет салады;
3) түстері мен ішіндері әр түрлі заттардың суреттерін салады;
4) қағаз бетінде бағдарлайды, суреттің элементтерін педагогтың сөздік нұсқауына сәйкес орналастырады;
5) салған суреттерде заттардың сыртқы басты белгілерін бере біледі;
6) қарапайым сюжеттік композицияларын құрастырады;
7) сәндік өрнектерді құрайды, элементтерді белгілі бір дәйектілікпен жолаққа, дөңгелекке, шаршыға орналастырады;
8) әрекет нәтижесіне қызығушылық байқатады, өзінің және басқа балалардың суреттерін қарайды, үлгімен салыстырады.
249. Мүсіндеу:
1) балаларды өздерінің жасаған бұйымдарымен (жануар, құс) ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдауға үйрету: заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу, пішінін анықтау, көлемі, кеңістікте орналасуын салыстыру; түсі бойынша салыстыру; педагогтың көмегімен бұйымды үлгімен салыстыру арқылы бағалау;
2) заттық мүсіндеу: мүсіндегенде заттардың негізгі белгілерін бере білу, денелерінің негізгі мүшелерін: бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық ерекшелей отырып, құсты, жануарды бейнелеу; адам мен жануарлардың қозғалыс кезіндегі фигурасын мүсіндеу; мүсінділген заттарды қарапайым бір сюжетке біріктіру;
3) саздан, қамырдан жасалған бұйымдарды бояу үшін бояу түстерін таңдау; кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ;
4) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр сәйкестендіру туралы; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, тікбұрыш) туралы білімдерін қалыптастыру;
5) дағдыларды дамыту: пішін жасау қимылы - жаю, созу, басу, жапсыру, тегістеу, шымшу; үлгі бойынша сопақша, домалақ пішінді заттарды (көкөністер, жемістер, саңырауқұлақ) жаю, созу, басу, жапсыру тәсілдерін пайдалана отырып, шынайы түрден мүсіндеу; ыдысты тұтас кесек саздан және ермексаздан ленталық тәсілмен мүсіндеу; құсты, жануардың денелерінің негізгі мүшелерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып мүсіндеу; заттардың ұсақ бөліктеріне (мысықтың құлағы, құстың тұмсығы) шымшу тәсілін пайдалана отырып мүсіндеу; пішіндерді қойғышқа, аяғына орнату; еліктеу бойынша пішіндерді, заттарды қырнауыштың және жапсырудың көмегімен безендіру; мүсінделген заттардың пішіндерінің үстіңгі жағын саусақпен тегістеу;
6) сюжеттік мүсіндеу: заттардың шағын топтарын, пішіндерді қарапайым сюжеттерге (ұжымдық композиция) біріктіру;
7) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен (жұмысты арнайы тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу) таныстыруды жалғастыру.
250. Күтілетін нәтижелер:
1) мүсіндеу алдында затты зерделеу дағдысы бар, пішінін, көлемін және түсін ерекшелейді;
2) мүсіндеу кезіндебасу, жалпайту, созу, бөліктерін біріктіру тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
3) жануарлардың пішіндерін мүсіндейді, таныс ертегілердің сюжеттері бойынша ойнайды;
4) заттардың негізгі бөліктерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
5) үлгі бойынша заттарды саздан, қамырдан және ермексаздан құрылымдық тәсілмен мүсіндейді;
6) еліктеу бойынша адамның пішінін мүсіндейді;
7) көлемі әртүрлі 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді;
8) жұмыста қырнауышты пайдаланады;
9) педагогпен бірге бұйымдарды үлгімен салыстырады;
10) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың бақылауымен қолын жуады;
11) жұмыс барысында эмоциясын білдіреді.
251. Аппликация:
1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру; пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеу; аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; аппликацияны кейбір бөліктер мен дайындамаларды өзі қиып ала отырып құрастырады; қатпарлап бүктелген қағаздан бірдей пішіндерді немесе бөліктерді (гирлянда) қиып алу; ортасынан бүктелген қағаздан симметриялық бейнені кесіп алу (гүл, гүл сауыт); құрастырылған бейнені үлгі бойынша бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласып жұмыс істей білу;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, қоңыр) туралы; негізгі түстерді салыстыру; заттардың мөлшері (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша, үшбұрыш) туралы білімдерін қалыптастыру;
3) заттық аппликация: кейбір бөліктер мен дайындамаларды өзі қиып ала отырып жапсыру (көкністер, жемістер, саңырауқұлақ); қағаз бетіне 3-5 бөліктен тұратын жануарлардың бейнесін (түлкі, қоян, қасқыр), олардың негізгі элементтерін ерекшелей отырып жапсыру; суретті аяқтау тәсілін пайдалана отырып бірнеше бөліктен (тұмсық, көз, аяқ) құралатын құстың (торғай, суықторғай) бейнесін жапсыру; жырту тәсілімен орындалатын заттық аппликация;
4) сәндік аппликация: жолақта дайын пішіндерден сәндік өрнектерді құрастыру және жапсыру; үлгі бойынша сәндік өрнектерді элементтердің қағаз бетіндегі кеңістіктік орналасуына (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы) бағдарлай отырып жапсыру;
5) сюжеттік аппликация: бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсыру; ертегілердің басты кейіпкерлерінің пішіндерін сюжетке сәйкес жапсыру; табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қайшыны пайдалану, түзу сызық бойымен, шаршыны қиғаш сызық бойымен кесу, тікбұрыштың бұрыштарын кесу, қиғаштап кесу; екіге бүктелген қағаздан қарапайым пішіндерді қиып алу; қылқаламды пайдалану; дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару; артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.
252. Күтілетін нәтижелер:
1) алдын ала заттың өзін талдау немесе зерделеу негізінде таныс заттардың заттық аппликациясын орындайды;
2) дайын бөліктерден сюжетті аппликация құрастырады;
3) табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастырады;
4) үлгі бойынша өрнектерді, симметриялық өрнектерді жолақта, дөңгелекте, сопақшада құрастырады;
5) заттарды пішіні мен түсі бойынша әртүрлі бөліктерден құрастырады;
6) жануарлардың және ертегі кейіпкерлерінің пішіндерін жапсырады;
7) суретті аяқтау тәсілін пайдалана отырып бірнеше бөліктен (тұмсық, көз, аяқ) құралатын құстың (торғай, суықторғай) бейнесін жапсырады;
8) қайшымен жұмыс істейді (түзу сызық бойымен, шаршыны қиғаш сызық бойымен кеседі, тікбұрыштың бұрыштарын кеседі, қиғаштап кеседі).
253. Музыка:
1) музыканы тыңдау: музыкалық шығарма сипатына эмоциалды әсер білдіру; ересектің көмегімен әуенді есте сақтау және тану;
2) ән салу: ән айту дағдыларын қалыптастыру: қаттылығы бойынша (ақырын-қатты), қарқыны бойынша (жылдам және баяу); әртүрлі сипаттағы әндерді педагогпен бірге орындау;
3) музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар: дағдыларды қалыптастыру: ырғақты тепкілеуді кезектестіру; педагогтың көмегімен қимылдардың бірізділігін орындау; бидегі таныс қимылдарды ("қайық", "серіппе") орындау; дыбысталған музыка сипатындағы қимылдарды орындау; қазақ және орыс билерінің элементтері бар қимылдарды орындау;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: әртүрлі аспаптырды дыбысталу (бубен, сылдырмақ, қоңырау, металлофон, домбыра, фортепиано) тембрі бойынша анықтау; дыбысталу динамикасын (ақырын-қатты) ажырату. 1-2 дыбыстардан құрылған жеңіл әуендерді педагогтың көрсетуі бойынша балаларға арналған музыкалық аспаптарда ырғақты ойнау.
254. Күтілетін нәтижелер:
1) ән мен маршты ажыратады;
2) зал бойымен маршпен жүре алады;
3) әуенді таниды;
4) жақсы таныс әнді қимылды ілестіре отырып, қатты және ақырын, жылдам және баяу орындайды;
5) музыканың сипатына сәйкес қозғала алады;
6) биде "қайық", "серіппе" қимылдарын және аяқпен тебінуді кезектестіре пайдаланады;
7) педагогтің басшылығымен қарапайым би элементтерін меңгереді;
8) музыкалық аспапты (қоңырау, дағыра, сыбызғы, металлофон, домбыра, фортепиано) дыбысталу тембрі бойынша таниды;
9) балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет