Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6 -7 (8) жастағы балалар)



бет71/135
Дата31.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#78110
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   135
6-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6 -7 (8) жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
266. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Денешынықтыру
267. Мақсаты: баланың денсаулығын нығайту және сақтау, дене шынықтыруға қызығушылықтарын, қимыл икемділіктері мен дағдыларын денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып қолдануға ұмтылысын дамыту.
268. Міндеттері:
1) көрсетілімді жаттығуды өздігінен орындауға арналған үлгі деп қабылдауға үйрету;
2) қимыл техникасының негізгі элементтерін дұрыс орындау икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3) жүру мен жүгірістегі, секіру мен лақтырудағы, лақтыру мен қағып алудағы, еңбектеу мен өрмелеудегі қимылдың негізгі түрлерін жетілдіру;
4) дене сапасын, икемділікті, ептілікті, төзімділікті, қимыл тепе-теңдігін сақтауды, үйлесімділікті қалыптастыру;
5) шапшаң қимылды ойындардағы ережелерді сақтай білуді қалыптастыру;
6) құрдастарының қимылын бағалауға және олардың қателерін байқауға үйрету;
7) дене жаттығуларын орындауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
269. "Дене шынықтыру" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту тараулары бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
270. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) денсаулық және дене қалпы;
2) қозғала білу және сенімділік.
271. "Денсаулық және дене қалпы" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) денсаулықты нығайту.
272. "Қозғала білу және сенімділік" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қимыл-қозғалыс;
2) дене сапасы.
273. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
1-кесте

1-бөлім. Денсаулық және дене қалпы

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Денсаулықты нығайту

0.1.1.1 қолға арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау

0.1.1.2 денеге арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау

0.1.1.3 аяққа арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау

0.1.1.4 тепе-теңдікке арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау

0.1.1.5 дұрыс қалыпты қалыптастыруға бағытталған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау

0.1.1.6 жалпы дамытушы жаттығуларды затпен орындау

274. "Денсаулықты нығайту" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды: қолды көтереді, бүгеді, жазады, айналдырады; қол қимылымен бір мезгілде (жоғары, екі жаққа) отырырып, тұрады; етпетінен жатып қолын екі жаққа, жоғары созады; шалқасынан жатып, екі аяғын көтереді, айқастырады; шалқасынан етпетіне аунап түседі және керісінше, әртүрлі қалпында тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкейеді; бір орнында тұрып топылдату, аяқтың ұшымен, өкшемен кезектестіре қадам басады;
2) тепе-теңдікті сақтауды дамытуға арналған жаттығуларды орындайды: тепе-теңдігін сақтай отырып, көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық, бөрене бойымен кезектескен қадаммен бүйірлей жүреді; аяқтың ұшымен сатының аралықтыры арқылы, текшеге басып жүреді; қол белде тізе жоғары көтерілген қалыпта бір-бірінің артынан жүреді; аяқты кезектестіре басып бір орнында айналады; дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналады; екі қолын жанына қарай созып, бір аяқпен тұрғанда тепе-теңдігін сақтайды;
3) дұрыс мүсінді сақтауға арналған жаттығуларды орындайды: көлбеу тақтай үстінде етпетінен жатып, қолын тіреп кеудесін көтереді; отырған қалыпта табанымен арқанды домалатады; ішімен жатқан қалыпта допты бір-біріне домалатады; кілем үстінде еңбектейді;
4) заттар, дене шынықтыру снарядтары пайдаланылатын жаттығуларды орындайды: гимнастикалық таяқты ұстап жүреді; шеңберді алдында, басынан асыра ұстайды; кіші допты ұстап қолын бүгеді және жазады; қол басын айналдырады; допты лақтырады және ұстап алады.
2-кесте

2-бөлім. Қозғала білу және сенімділік

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

2.1 Қимыл-қозғалыс

0.2.1.1 бір орнындағы және қозғалыстағы қайтадан құру түрлерін орындау

0.2.1.2 жүріс пен жүгірістің негізгі түрлерін орындау, оларды кезектестіру, қарапайым дене жаттығуларымен үйлестіру

0.2.1.3 әртүрлі секіріс түрлерін орындау

0.2.1.4 өрмелеу мен еңбектеуді, өрмелеп өтудің әр түрлі түрлерін орындау

0.2.1.5 тік және көлденең нысанаға лақтыру

0.2.1.6 допты домалату, лақтыру және қағып алу, екі қолмен, оң қолмен еденге ұру, екі қолмен бастан асыра лақтыру және бір қолмен кедергі арқылы лақтыру

2.2 Дене сапасы

0.2.2.1 дене сапасын көрсету: әртүрлі дене әрекетіндегі икемділік, ептілік, тепе-теңдік, үйлесімділік, күш, жылдамдық пен реакция

0.2.2.2 құрдастарының шағын тобымен таныс ойынды ұйымдастырудағы дербестік пен ынталықты дамыту

0.2.2.3 кеңістіктік бағдарлауды, мезгілде бағдарлауды, берілген жағдайлар мен орындық, бөрене бойымен жоғары және төмен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау

275. "Қимыл-қозғалыс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) бір-бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап, қол созым арақашықтықты сақтап, залды айнала жүреді; жүруді жүгіріспен кезектестіреді; қолдың қимылын өзгерте отырып (жоғары, жанына қарай созу, белде), бағытты өзгерте аяқтың ұшымен, өкшемен, дыбыстық сигналдардың аяқталғанына қарай тоқтап жүреді; заттарды аттап жүреді; жүргізушінің артынан әртүрлі бағытта жүреді; жыланша, залдың диагоналы бойымен жүреді;
2) бірінің артынан бірі, бағытты өзгерте, әртүрлі кедергілерді айналып өтіп, жүгіреді; жүгірісті жүрумен кезектестіре отырып шашырай жүгіреді; бағытын (оңға, солға) өзгерте отырып, ұстап алу мен қашып құтылуға арналған тәсілде шашырай жүгіреді;
3) бір орнында тұрып секіру; алға қарай жылжи отырып секіреді; қолын басынан асыра шапалақтап секіреді; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см) тізесін бүгіп өзі секіреді; бір орнында тұрып, арқаннан, гимнастикалық таяқшадан, еденнен 5-10 см биіктікте керілген жіптен секіреді; бір орнында тұрып еденде сызылған (ені 20-30 см) "жылға" бау арқылы ұзындыққа секіреді; шеңберден шеңберге секіреді; заттарды айнала қос аяқтап және бір аяқпен секіреді; секіртпе арқылы секіреді;
4) салмағы, көлемі, материалы әртүрлі доптарды лақтырады және қағып алады, допты қабырғаға, енденге соғады, екі қолымен ұстап алады; допты бір-біріне лақтырады; құм салынған допты нысанаға лақтырады, сақиналарды өзекке лақтырады; шариктерді қақпаға домалатады; допты екі қолымен, бір қолмен еденге ұрады; допты орындықтар арасымен домалатады;
5) гимнастикалық орындық бойымен еңбектейді; көлбеу саты бойымен өрмелейді, аралығын тастап кетпей түседі; швед қабырғасы бойымен аралықтан аралыққа кезектескен қадаммен өрмелейді;биіктіктері әртүрлі заттардың астымен жер бауырлап еңбектеп өтеді; заттардың астынан, заттардың үстінен өрмелеп өтеді;
6) аяқ ұшын теңестіріп, сызық бойымен сапқа тұрады; бір-бірден сапқа, үлкен және кіші шеңбер құрап тұрады, тәрбиешінің сигналы бойынша сапты қайтадан құрайды.
276. "Дене сапасы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) икемділіктерді дамытуға арналған жаттығуларды орындайды: пішіні, фактурасы әртүрлі заттармен орындалатын жаттығулар, қимылдың қарқыны мен ырғағын өзгертеді;
2) күш сапасын дамытуға арналған: арқанды тарту, гантельмен әртүрлі жаттығуларды орындайды;
3) ептілікті дамытуға арналған жаттығулар: еңкею, теңселу, сермеу қимылдарын орындайды;
4) төзімділікті дамытуға арналған: бағытын өзгерте отырып, шеңбер бойымен 5 минут жүгіреді, заттарды тасмалдаумен орындалатын әртүрлі эстафеталарға қатысады, әртүрлі шапшаң қимылды ойындарға қатысады;
5) көзбен шамалауды дамытуға арналған жаттығуларды орындайды: "Нысанаға дәл тигіз", "Асық", кегль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет