Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет186/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

2-параграф. 1 - жартыжылдық


      194. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:



      1) жүру:бір-бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап, залды айнала жүру; жүруді жүгіріспен кезектестіре отырып, жұптасып бірінің артынан бірі жүру; қолдың қимылын өзгерте отырып (жоғары, жанына қарай созу, белде), бағытты өзгерте аяқтың ұшымен, өкшемен, дыбыстық сигналдардың аяқталғанына қарай тоқтап жүру;



      2) жүгіру: бірінің артынан бірі, бағытты өзгерте, әртүрлі кедергілерді айналып өтіп, дыбыстық сигнал бойынша тоқтап, тізе бүге отырып; жүгірісті жүрумен кезектестіре отырып, жан-жаққа шашырай жүгіру;



      3) секіру:бір орнында тұрып, қолдарын белде ұстапсекіру; алға қарай жылжи отырып секіру; тақтайдың көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см), ұзын орындықтан тізесін бүгіп өз бетінше секіру; бір орнында тұрып, арқаннан, гимнастикалық таяқшадан, еденнен 5-10 см биіктікте керілген жіптен секіру; бір орнында тұрып еденде сызылған (ені 20-30 см) "жылға" бау арқылы ұзындыққа секіру;



      4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:салмағы, көлемі, материалы әртүрлі доптарды лақтыру және қағып алу, допты қабырғаға, енденге соғу, екі қолымен ұстап алу; допты бір-біріне қашықтықтан (1,5-2 м) лақтыру; құм салынған допты нысанаға лақтыру, сақиналарды өзекке лақтыру;



      5) еңбектеу, өрмелеу, асып түсу:керілген жіптің астынан (биіктігі 30-35 см) еңбектеп өту; гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу; "Маймыл жүгірісі" (табаны мен қолын тірек ете отырып, жылдам қозғалу); еңкіш саты (биіктігі 1,5-2 м) бойымен өрмелеу; швед қабырғасы бойымен аралықтан аралыққа кезектескен қадаммен өрмелеу; еліктеу бойынша биіктіктері әртүрлі заттардың астымен жер бауырлап еңбектеп өту;



      6) тепе-теңдік сақтау:тепе-теңдігін сақтай отырып, еңкіш тақтай бойымен жүру (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық, бөрене бойымен жүру; қол жағдайын (жоғары көтерілген, белде) өзгерте отырып, бірінің артынан бірі аяғының ұшымен жүру; басты оңға-солға бұру, алға қарай ию, артқа қарай шалқайту; бір орында тұрып аяғын кезектестіре басып айналу, дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналу;



      7) сапқа тұру:аяқ ұшын теңестіріп, сызық бойымен сапқа тұру; бір-бірден сапқа тұру, үлкен және кіші шеңбер құрап тұру;



      8) музыкалық-ырғақтық жаттығулар: музыкалық сүйемелдеуге сәйкес таныс дене жаттығуларын түрлі қарқында орындау;



      9) спорттық жаттығулар: биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау; ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау; үш дөңгелекті велосипед, самокат тебу; оңға, солға қарай бұрылу;



      10) спорттық ойын элементтері:кегль ойындарына үйрету: бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру, 1,5-2 м арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру;



      11) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз): қолды алға, жоғары көтеру, жанына қарай созу, иыққа, белге қою, төмен түсіру; айқастырылған қолды бастан асыра, төмен қарай сермеу; қолдың қимылын бір мезгілде өзгерте отырып, қол басын айналдыру, бұлғау, жұдырық түю, жазу; қолды белде ұстап, денені оңға, солға бұру, алға қарай еңкею, артқа қарай шалқаю; қол жоғары, аяқ иық ендігіндегі бастапқы қалыптан қолды төмен түсіріп, жанына қарай түзулеп көтеріп, басынан асыра шапалақтау; "қайшы" (отырған, қолды артқа қарай тіреген бастапқы қалыптан аяқтың жоғары-төмен кезектестірілген қимылы); етпетінен жатқан бастапқы қалыптан еңкейіп, қолды артқа қарай айқастыру; қол жоғары көтерілген, білезіктен айналдыру; аяқты кезектестіре басып, тізе бүге отырып айнала бұрылу; аяқтың ұшымен айнала отырып секіру.


      195. Күтілетін нәтижелер:


      1) дене жаттығуларын орындауға қызығушылық байқатады;



      2) жаттығуларды көрсету, еліктеу, сөздік нұсқау бойынша орындайды;



      3) көлемі үлкен және орташа допты лақтырады және қағып алады;



      4) допты бір-біріне береді;



      5) затты (құм толтырылған дорба) нысанаға лақтырады;



      6) гимнастикалық орындық арқылы еңбектейді, өрмелейді;



      7) швед қабырғасы бойымен жоғары-төмен өрмелейді;



      8) қолын жан-жағына қарай созған қылыпта, тақтай, орындық бойымен жүреді;



      9) алға қарай секіріп жылжиды;



      10) шапшаң қимылды ойындардың ережелерін сақтайды;



      11) әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып сапта бір-бірден жүреді;



      12) ересек адамның көмегімен төбеден шанамен сырғанайды;



      13) ересек адамның көмегімен үш дөңгелекті велосипед, самокат тебеді.


      196. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері:


      1) үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіз тәртіп негіздері:балабақшадағы балалар үшін оңай және қолжетімді тәртіп ережелерімен (ойын кезінде бір-біріне бөгет жасамау, өзіне де басқаларға да ауыртатын әрекет жасамау) таныстыру; тыйым салатын тәртіп ережелерімен (жеуге жарамсыз заттарды аузына салмау, заттарды құлағына, мұрнына тықпау) таныстыру; топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре білуге, баспалдақтан таянышынан ұстап түсуге жаттықтыру;ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана білу дағдысын қалыптастыру; үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету;



      2) көшедегі қауіпсіз тәртіп негіздері: көшеге экскурсия кезінде жүргіншілердің тәртібін, көліктің қозғалысын бақылау; дидактикалық (көлемді) бағдаршаммен таныстыру; бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру; ойын әрекеттерін бағдаршамның сигналы бойынша (ересектің көмегімен) орындау: қолдарынан ұстасып бағдаршамның сигналын күту, көшеден жасыл сигнал бойынша өту, қызыл түсте тұру; көліктердің дыбыстық сигналдарын ажырату; көшеде бейтаныс адамдармен кездесуі мүмкін жағдайлар туралы түсінікті қалыптастыру, осындай жағдайларда өздерін дұрыс ұстауға (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бейтаныс адамның мәшинесіне отырмау, олардың ұсынған ойыншықтар мен тәттілерді алмау) үйрету;



      3) табиғаттағы қауіпсіз тәртіп негіздері: серуен кезінде әртүрлі өсімдіктерді қарап анықтау және қоршаған табиғат үшін қауіпсіз тәртіп ережелерімен (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) таныстыру; серуен кезінде құстарды бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету; серуен кезінде жануарларды (ит, мысық) бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (жануарлармен кездескенде абай болуға, жақын бармауға, ызаландырмауға, зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету.


      197. Күтілетін нәтижелер:


      1) балабақшадағы қарапайым тәртіп ережелері туралы түсінігі бар;



      2) өмір мен денсаулық үшін қауіпті, тек ересектер ғана пайдалануға болатын заттарды біледі;



      3) топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре біледі, баспалдақтан таянышынан ұстап түседі;



      4) ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана біледі;



      5) үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдері туралы түсінігі бар;



      6) бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді бар;



      7) табиғаттағы дұрыс тәртіп (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) туралы түсінігі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет