5-параграф. 1-жартыжылдық
22. Сөйлеу тілін дамыту:
1) балаларда сөзсіз қарым-қатынас нысандарын дамыту: серіктестің бетіне көз қырын салу икемі, қарым-қатынас жасау кезінде серіктестің көзіне қарау, көз бен қолдың қимылдарын келістіріп, сілтеу ымын пайдалану;
2) педагогтің нұсқауы бойынша заттарды, ойыншықтарды, дене мүшелерін табу, тану және көрсету білігін үйрету;
3) қарапайым нұсқауларды түсіну және орындау біліктерін қалыптастыру;
4) балаларды "бер", "ал", "бар", "отыр" сөздерін түсіну білігіне үйрету;
5) біржақты диалогты жүргізу икемін бекіту (педагог сюжеттік суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, ал бала оған ыммен жауап береді);
6) ата-анасын, жақын туыстарын (ана, әке, әже) атау икемін дамыту;
7) сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету.
23. Күтілетін нәтижелер:
1) сөзсіз қарым-қатынас нысандарын пайдаланады;
2) ересек адамдардың сөз сөйлеулерін, әңгімелерін, өлеңдерін, тақпақтарын, әндерін тыңдайды және қызығушылық танытады;
3) таныс дауыстарға және былдыр сөздерге еліктеуді жүзеге асырады.
24. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну: мазмұны қолжетімді ертегілерді, өлеңдерді, тақпақтарды тыңдауға, қабылдауға үйрету; оқу кезінде ойыншықтарды, суреттерді (фланелеграфта), үстел үсті театры және саусақ қуыршақтарын қоса көрсету; көркем шығарманың иллюстрацияларымен таныстыру, суреттерді қарауға үйрету;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: сөйлеу тілінің мәнерлілігін: көркем шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы интонацияны қабылдауға үйрету; ертегілердің, ойын-өлеңдердің ырғағына және әуезділігіне қарай эмоциональді әрекет етуге үйрету;
3) әңгімелеу және жаттау:оқу кезінде ақындық шығармаларды кішігірім ойын іс-әрекеттерімен қостау;шығармаларды оқу кезінде еліктеу әрекетін орындауға үйрету, дыбыстық жесттерді қайталауға ынталандыру.
25. Күтілетін нәтижелер:
1) қысқа, қарапайым ертегілерді, тақпақтарды тыңдайды;
2) көркем шығармалардың сұраулы интонациясын қабылдайды;
3) кішігірім ертегілерге, өлеңдерге, тақпақтарға эмоциональді әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |