7-параграф. "Таным" білім беру саласы
30. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
31. Мақсаты заттардың қасиеттері мен сапаларын ойын және өнімді әрекетте қабылдауға жағдай жасау, құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойынғаоң қарым-қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.
32. Міндеттері:
1) көріп, естіп, тактильдік-қимылдық қабылдауын және зейіндідамыту;
2) перцептивтік әрекеттерді қалыптастыру (қарастыру, сипау, суыру, салу);
3) заттардың оңай ерекшеленетін қасиеттерін көру, тактильді-қимыл, есту және дәм сезу арқылы саралауға үйрету;
4) бағдарлаудың іздеу тәсілдерін қалыптастыру;
5) қолдың көру-қимылдық үйлесімділігін дамыту;
6) еліктеу бойынша әрекеттенудің қарапайым дағдыларына үйрету;
7) құрастыру әрекетіне эмоциональді әсер ету және қызығушылық тудыру;
8) құрастыруға арналған әртүрлі материалдармен таныстыру;
9) ересекпен бірге құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарды орындауға; ересектің іс-әрекетіне еліктеу бойынша құрылыстармен ойнауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |