Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет159/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

2-параграф. 1-жартыжылдық


      63. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдардықамтиды:



      1) жүру:қолдарынан ұстасып, сигнал бойынша тоқтап, шеңбер бойымен жүруге; қол белде, аяқтың ұшымен жүруге; арқаннан жасалған түзу жол бойымен, шеңбер бойымен жүруге; тақтай (ені 30 см, ұзындығы 1,5 м) бойымен жүруге үйрету;



      2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіруге; бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; жол бойымен (ені 30-40 см, ұзындығы 7 м) жүгіруге; тәрбиешінің сигналы бойынша бір-бірден, топтасып жүгіруге үйрету;



      3) секіру: педагогтың, бірінің бірі қолынан ұстап секіруге; тәрбиешінің сақтандыруымен және көмегімен тақтайдан (биіктігі 10 см) секіруге үйрету;



      4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру: әрекетті доппен орындау - көлемі мен материалы әртүрлі (үлкен және кіші, үрленген, матадан жасалған, сырты тегіс және бұдыр) доптарды екі қолмен педагогқа, бір-біріне лақтыру; допты екі қолымен тұрған және отырған қалыпта қақпа арқылы (қашықтық - 2 м) домалату;



      5) еңбектеу, өрмелеу: ересектің қолдауымен төбешікке шығу және өздігінен түсу; кілем бойымен еңбектеу, бөрене арқылы өрмелеп өту; педагогтың көмегімен гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу және түсу;



      6) тепе-теңдік сақтау: шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2 м, ені 20-25 см) еңіс тақтай бойымен жүруге және оның бойымен төмен түсуге (ересектің сақтандыруымен және көмегімен орындалады); тәрбиешінің қолынан ұстап ұзын орындық бойымен (биіктігі 20-25 см) жүруге үйрету;



      7) сапқа тұру:сапта еркін тұру; арқанды қолымен ұстап тұрып,еденге түзу салынған арқан бойымен тұру;



      8) жалпы дамытушы жаттығулар:жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға қарай иілу, артқа қарай шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, жоғарыға, иыққа, белге қою, қолдарын кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу, кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяғын топылдату; тұрған және отырған қалыпта оңға және солға бұрылу, бір-біріне зат беру, алға еңкею және түзулену, қолдаумен тізесін бүгу, секіру.


      64. Күтілетін нәтижелер:


      1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді;



      2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;



      3) тәрбиешінің артынан топтасып жүреді, жүгіреді;



      4) жол бойымен және ізінен жүреді;



      5) қол ұстасып шеңбер құрап жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді;



      6) жол бойымен көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді;



      7) допты екі қолымен лақтырады;



      8) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады;



      9) тәрбиешінің көмегімен тақтайдан секіреді;



      10) педагогтың қолынан ұстап аяғының ұшымен секіреді;



      11) кілем, тақтай бойымен еңбектейді;



      12) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді.


      65. Мәдени-тазалық дағдылары:


      1) мәдени-тазалық дағдыларын дамыту білік пен дағдыларды қалыптастыратын ойындар барысында қамтамасыз етіледі: тамақтану дағдыларын қалыптастыру;тамақтану үшін қажет заттар мен азық-түлікті ажырата алуын үйрету;балаларды қасық және тостағанды сәйкестендіре білуін қалыптастыру;асхана аспаптарын ұстау алу дағдысын дамыту (тостаған, қасық);



      2) тазалық дағдыларын қалыптастыру: жуыну алдында бірнеше әрекеттер жолымен киімнің жеңін бүктеу керектігін;ересек адамның көмегімен шүмекті ашуға және жабуға;ересектің көмегі арқылы тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қол жуу керектігін, алақанымен беттің төменгі бөлігін жуу керектігін үйрету (қолды сулау, алақанды бір-біріне үйкелеу, сабын көбігін сумен шаю); ересек адамның көмегімен қол және бетті сүрте білуін үйрету;ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарай ала білуін үйрету; өздігінен шалбарды шешу және түбекке отыру білігін қалыптастыру;балаларға дәретхана қағазын қолдануды үйрету (ересектің бақылауымен);



      3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру: балалардың өзінің киімі тұратын шкафты, үстел басындағы орнын, киімін сақтауға арналған шкафты білуін бекіту (ересектің бақылауымен); тамақ ішіп боған соң "рақмет" айтуды үйрету; дәретхананы дер кезінде қолдана білуін қалыптастыру (ересектің ескертуі және дәретханаға апаруы бойынша);



      4) киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру: балаларды сурет бойынша өз шкафын таба алуына үйрету (ересектің көмегімен, көрсету немесе ауызша нұсқаулық бойынша);балаларды киіндіру және шешіндіруге қатыса білуін үйрету: ересекпен (ересектің көмегімен) ағытылған (байланған) киімді шешу, оны орындыққа бүктеп қою.


      66. Күтілетін нәтижелер:


      1) тамақтану үшін қажетті заттар мен азық-түлікті ажырата алады (жеуге жарамды және жарамсызын);



      2) ересек адамның көмегімен шүмекті аша және жаба алады;



      3) өзінің киімі тұратын шкафты, үстел басындағы орнын, киімін сақтайтын орынды таниды (ересектің бақылауымен);



      4) ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарау бойынша бірлескен әрекет жасайды;



      5) ересектің ескертуі және дәретханаға апарумен дәретхананы дер кезінде қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет