4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
71. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
72. Мақсаты балаларда сөйлеу белсенділігін ояту үшін жағдайларды жасау,сөйлеу тілін тыңдау және қабылдау біліктілігін қалыптастыру.
73. Міндеттері:
1) қаратпа сөйлеу тілін зейін салып тыңдау икемін дамыту;
2) балаларға тұрмыста жиі кездесетін заттарды, іс-әрекеттерді, кейбір белгілерді атауды үйрету (ересек адаммен бірлесіп және еліктеу бойынша);
3) сөйлеу тілінің көмегімен өз қажеттіліктерін айта білуін қалыптастыру;
4) балаларды екі-үш сөздерден тұратын қарапайым фразаларды белсенді сөйлеу тілінде қолдануға үйрету;
5) ертегілерді, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, жұмбақтарды тыңдауға және қабылдауға үйрету;
6) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және оқиға барысын қадағалауға үйрету;
7) халық ауыз әдебиет шығармаларындағы мәнерлі интонацияны қабылдау біліктілігін дамыту, сөйлеу тіліне еліктеуін белсендірту.
Достарыңызбен бөлісу: |