Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет178/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

9-параграф. 2 - жартыжылдық


      153. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:



      1) сандықтар ұғымдар: теңдік немесе теңсіздікті ажырату арқылы: "тең-тең емес", "соншама-соншама емес"дискретті көптіктерді саны бойынша салыстыру;үш көлеміндегі көптік элементтерін, есту арқылы дыбыстарды, сипау арқылы заттарды, қимылдарды санау;заттар мен дыбыстарды, заттар мен қимылдарды, дыбыстар мен қимылдарды саны бойынша салыстыру: көп, 1, 2, 3; 3 саны көлеміндегі заттарды санау, қорытынды санды атай отырып, таяқшалардың, саусақтардың санымен сәйкестендіру;еліктеу, үлгі және сөздік нұсқау бойынша көптіктен 3 затты ерекшелеу;санауды тексеру тәсілі ретінде пайдалана отырып, 3 затты немесе бейнені санамай-ақ тану; 3 саны көлеміндегі заттар тобын салыстыру: артық немесе кем, артық немесе жетіспейтін элемент;



      2) санау: үш көлеміндегі ашық нәтижелі біріктіру және ажырату әрекеттері, нәтижені санау арқылы анықтау; 3 саны көлеміндегі кеңістікте әртүрлі орналасқан, түсі, көлемі әртүрлі заттарды санау;жетіспейтін элементті қосу, артығын алып тастау тәсілімен заттардың екі тобын саны жағынан теңестіру;



      3) көлем: заттарды бір-біріне қабаттастыра қою тәсілін пайдалана отырып, биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстыру; салыстырылатын екі заттың қайсысының биік (аласа) екенін тану және көрсету; бірінің үстіне бірін қою тәсілімен заттардың енін (енсіз-жалпақ) салыстыру; салыстырылатын екі заттың қайсысының енсіз (жалпақ) екенін тану және көрсету;үш заттың арасындағы көлемдік арақатынасты (үлкен-кіші-ең кіші) табу;



      4) геометриялық фигуралар:геометриялық фигураларды:дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратуға; геометриялық фигураларды пішіні, түсі бойынша біріктіруге; көлемді геометриялық фигураларды ажыратуға; жазық геометриялық фигураларды ажыратуға;үлгі бойынша геометриялық фигураларды белгілі бір дәйектілікпен орналастыруға; геометриялық фигураларды қоршаған заттар сұлбасынан тануға үйрету;



      5) кеңістікте бағдарлау:өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол;педагогтың көрсетуі бойынша заттарды өзіне қатысты орналастыру: алыс-жақын, жанында, онда, мұнда;



      6) мезгілдік бағдарлау: жыл мезгілдері (күз, қыс, көктем, жаз); қозғалыс жылдамдығы (жылдам, ақырын); тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке).


      154. Күтілетін нәтижелер:


      1) 3 саны көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды атайды немесе көрсетеді;



      2) үлгі бойынша бір текті және әртүрлі текті көптіктерден 3 көлемінде (1, 2, 3) берілген сандағы заттарды ерекшелейді;



      3) үлгінің негізінде заттарды сандық белгілері бойынша топтастыруды жүзеге асырады;



      4) дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіреді (арттырады, кемітеді);



      5) үш саны көлеміндегі көптіктерді біріктіру және ажырату әрекеттерін орындайды, нәтижені санау арқылы анықтайды;



      6) жетіспейтін элементті қосу, артығын алып тастау тәсілімен заттардың екі тобын саны жағынан теңестіреді;



      7) 2-3 затты көлемі, биіктігі бойынша салыстырады;



      8) қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлайды;



      9) геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратады;



      10) жыл мезгілдері: күз, қыс, көктем, жаз туралы түсінігі бар;



      11) өз дене мүшелерінде бағдарлайды;



      12) қозғалыс жылдамдығы (жылдам, ақырын) туралы түсінігі бар;



      13) тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке) туралы түсінігі бар.


      155. Сенсорика:


      1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ересектің әрекетіне еліктеу бойынша 4 элементтен құрастыру процесінде пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажырату; үлгі бойынша пішіні ерекшеленетін пішінді (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) таңдау; бір пішінді басқасына қою тәсілін пайдалана отырып, жазық пішіндерді сәйкестендіру; заттарды берілген бір белгі (пішін, көлем немесе түс) бойынша топтастыру; көлемдерді қабылдауға үйрету: кіші, үлкен, өте үлкен; заттың қолданысынан тыс, пішінді белгі ретінде ерекшелеу ("Қорапқа барлық дөңгелектерді жинаймыз"); заттың қолданысынан тыс, түсті белгі ретінде ерекшелеу ("Жасыл мәшинеге жасыл текшені сал"); практикалық өлшеу тәсілін пайдалана отырып, көлемін ескеріп 3-4 сақиналы пирамидканы, матрешканы жинастыру; 4 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру; заттар арасындағы кеңістіктік қатынастармен (жоғарыда, төменде) практикалық таныстыру;



      2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: дыбысқа еліктеуді 2-3 ұсынылғанның ішінен таңдап жіктеу; дыбысталуы жағынан жақын дыбысқа еліктеулерді жіктеу; суреттерді пайдалана отырып, буындық құрылымы әртүрлі сөздерді жіктеу; қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажырату;



      3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: ересектің сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықтарды сипай отырып таңдау (үш ойыншықтың ішінен); заттардың пішіні мен көлемін сипай отырып қабылдау; ересектің сөздік тапсырмасы бойынша заттарды сипай отырып, көлемі бойынша таңдау; заттарды зерделеу, оларға тән белгілерді ерекшелеу; 2 саны көлеміндегі қатты және жұмсақ заттар мен нысандарды қабылдау және жіктеу; материалдың сыртқы беттерінің әртүрлі сапаларымен (темір - суық, ағаш - жылы) таныстыру;



      4) дәм сезуді дамыту: тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу; тамақты әр түрлі дәмдік белгілер ("тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл") бойынша жіктеу; тамақты дәмдік белгісі ("тәтті-тұзды") бойынша жіктеу; қышқыл, тәтті, тұзды дәмі бар тағам өнімдерімен таныстыру; тамақты дәмі "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды" бойынша анықтау; ұсынылған тамақтардың ішінен тәтті-ащы-қышқыл-тұзды тағамдарды таңдау.


      156. Күтілетін нәтижелер:


      1) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) сәйкестендіреді;



      2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады;



      3) берілген сенсорлық белгілері бар нысандарды көптіктің ішінен ерекшелейді;



      4) 3-4 құрамды пирамидканы жинастырады;



      5) 3-4 бөліктен тұратын матрешканы жинастырады;



      6) 4 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;



      7) заттардың пішіні мен көлемін сипай отырып жіктейді;



      8) сипай отырып қатты және жұмсақ нысандарды ажыратады;



      9) дыбысталуы жағынан ұқсас дыбысқа еліктеуді жіктейді;



      10) музыкалық аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажыратады;



      11) тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктейді;



      12) тамақтың "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды" дәмін анықтайды.


      157. Құрастыру:


      1) балаларды үлгі бойынша заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша практикалық әрекет арқылы салыстыруға; құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіруге, салған құрылыстарын ойын барысында пайдалануға үйрету;



      2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы, түстерді сәйкестендіру; заттардың көлемі (үлкен, кіші, бірдей) туралы; заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина, призма) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралыбілімдерін қалыптастыру;



      3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөліктерін (текше, кірпіш, пластина, призма) түсі, көлемі, пішіні бойынша салыстыру; қандай да бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды салу; пішінді үстел жазықтығының жағдайына (тұр, жатыр) тәуелсіз тану;үлгі бойынша қуыршақ үшін тар жол, мәшинеге арналған кең жол салу; үлгі бойынша құрылыстарды призманы пайдаланып (үй, шырша, қала көшесі) салу; үлгі бойынша қарапайым құрылымдарды (жиһаз - үстел, орындық, кереует, диван) салу; құрылымдарды әртүрлі жағдайларда (үстелде, еденде) құру;



      4) заттық емес құрастыру:ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; 2 элементтердің арасындағы өзгеріп тұратын кеңістіктік қатынастарды "жоғарыда-төменде", "алдында-артында" үлгілеу; практикалық әрекеттер барысында өз денесінде бағдарлау: "Ойыншықты сол (оң) қолыңда ұста", "Сол аяғыңды, оң аяғыңды бас";құрылыс жиынтығының элементтерін олардың графикалық бейнелерімен сәйкестендіру;



      5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды салу; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды (шырша, үй, қайық) салу;



      6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: заттарды оның бейнесінің сұлбасымен салыстыру; трафареттің сұлбасын саусақпен жүргізу арқылы жазық пішінді ерекшелеу; заттың бүтін бейнесін жетіспейтін бөліктерін таңдай отырып толықтыру;



      7) дағдыларды қалыптастыру: бірін-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерін пайдалану; кірпіштерді жіңішке қырымен қатарластырып бір-біріне тығыздап қою; текшені кірпішке қою; текшені пластинаға қою;екі бөлікті үшіншісімен біріктіріп, қарапайым жабын жасау.


      158. Күтілетін нәтижелер:


      1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады;



      2) алған дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;



      3) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;



      4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады;



      5) үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады;



      6) құрылыс жиынтығының элементтерін олардың графикалық бейнесімен салыстырады;



      7) кеңістіктік қатынастарды (жоғарыда-төменде, алдында-артында) ажыратады;



      8) ойында құрылыстарды пайдаланады.


      159. Жаратылыстану:


      1) табиғат құбылыстары: жыл мезгілдері (көктем, жаз) туралы түсініктерді қалыптастыру;



      2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (картоп, сәбіз); жемістер (апельсин, шие, жүзім) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (шырша) таныстыру; гүлдер (қызғалдақ) туралы түсініктерін қалыптастыру;



      3) жануарлар әлемі: жануарлармен (сиыр, жылқы, мысық, ит, түлкі, қоян) және олардың дене құрылысымен танысу; таныс жануарларды, олардың дауыстарын (дыбысқа еліктеу) тану арқылы естіп қабылдауын дамыту; жануарлардың төлдерімен (бұзау, құлын, марғау, күшік, түлкішек, көжек) танысу; үй құстарымен (әтеш, тауық, шөжелер) танысу. жабайы құстармен (қарға) танысу.



      160. Күтілетін нәтижелер:



      1) педагогтың көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді анықтайды;



      2) иллюстрациядан көктем мен жаздың қарапайым белгілерін көрсетеді;



      3) кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады;



      4) иллюстрациядағы шыршаны атайды немесе көрсетеді;



      5) иллюстрациядағы қызғалдақты атайды немесе көрсетеді;



      6) кейбір үй және жабайы жануарларды және олардың төлдерін біледі;



      7) жануарлардың дене мүшелерін атайды немесе көрсетеді;



      8) үй құстарын атайды немесе көрсетеді;



      9) иллюстрациядағы қарғаны атайды немесе көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет