Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет181/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

12-параграф. 2 - жартыжылдық


      172. Сурет салу:



      1) балаларды заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру және жіктеуге оқыту: түсі, пішіні, көлемі; түстерді бекіту және жіктеу, түсті көңіл күйді беру құралы ретінде пайдалану; сурет салар алдында заттарды белгілі бір дәйектілікте (ересектің көмегімен) зерделеу; қағаз бетінде бағдарлау: жоғары, төмен, ортасында; өзінің және басқаның өнімін дұрыс бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатар отырып жұмыс істей білуге үйрету;



      2) заттық сурет салу: қағаз бетін ары қарай аппликацияны немесе суретті орындау үшін жалпақтығы әртүрлі қылқаламдармен, поролоннан жасалған тампонмен, губкамен айналдыра, тік, көлденең қиымылдармен бояу; дөңгелек пішінді заттардың суретін салу;бұрышты пішінді заттардың (жалауша, текше) суретін салу; пішіні бірдей, бірақ көлемі әртүрлі бөліктерден құралған заттардың суретін салу; таныс заттарды алдын ала көру-қимыл тәсілімен зерделеуден кейін оның суретін салу; бояумен "сулау" және қылқаламның ұшын тигізу тәсілдерімен сурет салу;



      3) сюжеттік сурет салу: бір заттың бейнесін қайталай отырып ("үлескедегі шыршалар"), күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені бүкіл парақ бетіне орналастыруға үйрету; бір суретте ортақ мазмұнмен біріктірілген бірнеше заттардың бейнелерін біріктіру;



      4) сәндік сурет салу: сәндік өрнектерді құрастыру, элементтерін белгілі бір дәйектілікпен жолақта орналастыра отырып, өрнек (қазақ оюы, хохлома суретінің элементтері) құрай білу; дөңгелекке, шаршыда өрнек элементтерін симметриялық орналастыру ережелерімен таныстыру;



      5) негізгі түстертуралы, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) салыстыру туралы; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш) туралы білімдерді қалыптастыру;



      6) үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны сүрту; майлық қағазды пайдаланудағдыларын қалыптастыру.


      173. Күтілетін нәтижелер:


      1) заттың негізгі қасиеттері туралы түсінігі бар;



      2) дөңгелек және бұрышты пішінді заттардың суретін салады;



      3) суретте заттардың қасиеттері мен сапасын бере біледі:түсі, пішіні, көлемі;



      4) қағаз бетінде бағдарлайды (жоғары, төмен, ортасында);



      5) қазақ оюы, хохлома суретінің элементтерін пайдалана отырып, сәндік өрнектерді құрастыра біледі;



      6 дөңгелекке, шаршыда) өрнек элементтерін симметриялық орналастыру ережелерін біледі;



      7) педагогтың көмегімен өзінің және басқалардың өнімін дұрыс бағалай біледі.


      174. Мүсіндеу:


      1) балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу (заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу) арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау;домалақ, сопақша пішінді заттарды зерделеу; педагогтың көмегімен бұйымды үлгімен салыстыруға үйрету; мүсіндегенде заттардың негізгі белгілерін (пішін, көлем, түс) бере білу; мүсінділген заттарды бір қарапайым сюжетке біріктіру; саздан, қамырдан жаслаған бұйымдарды бояу үшін бояу түстерін таңдау; кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ;



      2) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк) салыстыру туралы; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш) туралыбілімді қалыптастыру;



      3) пішін жасау қимылы - жаю, созу, басу, жапсыру, тегістеу; оқтаумен жұмыс жасау және оны еліктеу бойынша қолдану дағдыларын дамыту;



      4) заттық мүсіндеу: созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды (жұмыртқа) мүсіндеу; еліктеу бойынша шардың, цилиндрдің ортасын басу арқылы қуыс жасап, домалақ пішінді заттарды мүсіндеу;үлгі бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен тұратын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндеу (аққала); үлгі бойынша бір бөлікті басқасына қыса, саусақтардың көмегімен кейбір бөліктерді соза (құс) отырып бұйым бөліктерін біріктіру; мүсінделген заттардың пішіндерінің үстіңгі жағын саусақпен тегістеу;



      5) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру: жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, пластилинді (қамырды, сазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу.


      175. Күтілетін нәтижелер:


      1) көлемді пішіндерді (шар, сопақша, үшбұрыш) ажыратады;



      2) заттарды көлемі бойынша (үлкен, кіші) ажыратады;



      3) негізгі түстерді (қызыл, сары, көк) ажыратады;



      4) еліктеу бойынша басу тәсілін пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды мүсіндейді;



      5) педагогпен бірге, еліктеу бойынша созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды мүсіндейді;



      6) еліктеу бойынша көлемі әр түрлі, домалақ пішінді екі бөліктен құралатын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндейді;



      7) бүтін кесектен басу тәсілін пайдалана отырып, іші қуыс шар тәріздес және цилиндр пішіндерді мүсіндейді;



      8) педагогпен бірге мүсінделіп жасалған бұйымдармен ойнайды;



      9) педагогпен бірге бұйымдарды үлгімен салыстырады;



      10) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;



      11) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.


      176. Аппликация:


      1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге; пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеуге; қағаздың мүмкіндіктерін пайдалануға; қағазды текстурасы бойынша ажыратуға; аппликацияны шынайы нысандармен салыстыруға; өзінің және басқаның жұмысын дұрыс бағалай білуге, үлгімен салыстыруға; бір-біріне бөгет жасамай, бірге жұмыс істей білуге балаларды үйрету;



      2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) туралы білімдерін қалыптастыру;



      3) заттық аппликация: қағаз бетіне қарапайым заттардың (қияр, үлкен және кіші алма) дайындамаларын орналастыру және желімдеу; қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (үш қабатты үй, пирамида) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; үлгі бойынша заттарды түсі, пішіні, мөлшері бойынша кезектестіре отырып, өрнек құрау; аппликацияны бейнеленген заттың сұлбасына жапсыру;



      4) сюжеттік аппликация: көрсету бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсыру; ұжымдық аппликацияны орындау;



      5) дағдыларды қалыптастыру: сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қылқаламды пайдалану; дайындамаға желім жағу, дайындаманы аудару; артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.


      177. Күтілетін нәтижелер:


      1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;



      2) еліктеу бойынша қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын дайын пішіндерді жапсырады;



      3) көрсету бойынша қарапайым заттарды қағаз бетінің барлық кеңістігіне жапсырады;



      4) аппликацияны бейнеленген заттың нобайына жапсырады;



      5) көрсету бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсырады;



      6) ұжымдық аппликацияны орындауға қатысады;



      7) заттардың мөлшері (кіші, үлкен, орташа) туралы түсінігі бар;



      8) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы түсінігі бар;



      9) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) туралы түсінігі бар;



      10) қылқаламды пайдаланады, артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдаланады;



      11) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады.


      178. Музыка:


      1) музыканы тыңдау икемділігін қалыптастыру: музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау; таныс әуендерді жануарлардың бейнесімен (қоян, аю, жылқы) байланыстыру; жоғары және төмен дыбыстарды ажырату;



      2) ән салу икемділігін қалыптастыру: таныс дыбысқа еліктеуді пайдалана отырып, ересекпен қосылып әндету; фортепианоның сүйемелдеуімен ересектің интонациясына еліктей көңілді, сергек, еркелей ән салу; оңай өлеңдерді айту, педагогтың көмегімен шағын фразаларды әндете айту;



      3) музыкалық-ырғақтық қимылдау дағдыларын қалыптастыру: қарапайым би элементтерін орындау: жеңіл жүгіріс, аяғын тыпырлату, алақан соғу, айналу, еліктеу немесе бірлесе әрекеттену бойынша шеңбер бойымен қол ұстаса жүру; педагогтың көмегімен жұптасып билеу қимылдарын орындау; қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді ересекпен бірге өлең мәтіні бойынша орындау; зал бойымен бағдарлау икемділігін қалыптастыру;



      4) музыкалық-дидактикалық ойындар: музыкалық аспаптарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, дағыра) тани білуді қалыптастыру; музыкалық аспаптарда ойнау арқылы есту зейінін дамыту.


      179. Күтілетін нәтижелер:


      1) дыбыстардың динамикасын (ақырын-қатты) ажыратады;



      2) таныс әуендерді жануарлардың бейнесімен (қоян, аю, жылқы) байланыстырады;



      3) педагогтің көмегімен оңай өлеңдерді айтады;



      4) педагогтің көмегімен қарапайым би қимылдарын орындайды;



      5) музыкалық зал бойымен бағдарлайды;



      6) қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді өлең мәтініне сәйкес еліктеу бойынша немесе педагогпен бірге орындайды;



      7) музыкалық аспапты дыбысталу тембрі бойынша таниды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет