7-параграф. "Таным" білім беру саласы
217. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
218. Мақсаты сенсорлық эталондар жүйесін меңгерумен қамтамасыз етуге көмектесетін бағдарлау әрекетін, перцептивтік әрекеттерді қалыптастыру; балаларды салыстыру, сәйкестендіру икемділіктеріне, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтерімен арасындағы сәйкестікті табуға үйрету; құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойынға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру; қоршаған әлеуметтік, заттық және табиғат әлеміне деген танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады.
219. Міндеттері:
1) көру, есту, тактильді - қимылдық қабылдауы мен зейінін дамыту;
2) жалпы фоннан жеке заттарды қабылдауға үйрету;
3) саналуан түрлі балалардың әрекетіндегі заттардың таныс қаситтері мен сапасын практикалық тұрғыда пайдалану үшін жағдай тудыру;
4) көрнекілік-бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
5) төрт және бес көлеміндегі көптіктерді санау және олармен әртүрлі операцияларды (қайталап санау, салыстыру, түрлендіру) орындауға үйрету;
6) бес көлемінде көрнекілік материалмен арифметикалық есептерді шығаруға үйрету;
7) қарапайым өлшеу: шартты өлшем көмегімен созылмалы, сусымалы және сұйық заттарды өлшеу және салыстыру дағдыларын қалыптастыру;
8) геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру;
9) заттардың көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру;
10) кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді қалыптастыру;
11) үлгі бойынша құрылыс материалынан құрылыстарды және құрылымдарды орындауды үйретуді жалғастыру;
12) ауа райыныңжағдайы туралы түсініктерді қалыптастыру;
13) көкөністер мен жемістер туралы түсініктерді кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |