4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
202. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
203. Мақсаты балаларда лексикалық-грамматикалық тіл құралдарын қалыптастыру, түрлі жанрдағы әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдай білуін және түсіне білуін дамыту, балалар көркем әдебиет және халық ауыз әдебиет шығармаларына эмоционалды ілтипатын дамыту, оптико-кеңістік бағдарланулар, фонема талдау дағдылары, графикалық-моторлық дағдыларды меңгерту болып табылады.
204. Міндеттері:
1) қарапайым жалаң сөйлемдерді пайдалануды үйрету;
2) балаларға кішігірім әңгімелерді құрастыруды үйрету;
3) зат есімдер мен етістіктердің жеке және көпше сандарын түсіну мен пайдалануды үйрету;
4) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және ондағы оқиға желісін қадағалауға үйрету;
5) тақпақтар мен өлеңдерді саналы жаттауға үйрету;
6) таныс ертегілердің сюжет реттілігін қадағалауға, педагогтың көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын жеткізуге үйрету;
7) сөйлеу тілінің дыбыстық мәдениетін дамыту;
8) дыбыстық сипаты бойынша заттар мен құбылыстыарды тану біліктілігін қалыптастыру;
9) сөздердің қарапайым дыбыстық талдауын жүргізе алуын қалыптастыру;
10) сөйлемде сөздерді ажырата білуіне оқыту;
11) сөздің буындық құрылымын анықтауға үйрету;
12) ырықты зейіні мен есту арқылы есте сақтауын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |