АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН ЖҰМЫС Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды. Барлық ерекшеліктерді: әлеуметтік жағдайды, отбасы тарихын, елдің мәдени ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін, баланың мінез-құлқы мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі:
1) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
2) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.
МОДЕЛЬДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ Қазіргі уақытта модельді жүзеге асырудың кешенді жоспары әзірленіп, талқылануда. Жоспар келесі 10 бөлімнен тұрады:
І. 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту ІІ. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету ІІІ. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру
Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету
VІ. Педагогтер мен мектепке дейінгі ұйымдардың сапалық деңгейін бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу VІІ. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту VІІІ. Мектепке дейінгі сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету ІХ. Тәрбиелеу мен оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын құру Х. Мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыруды дербестендіру Бүгінге дейінгі ұсыныс, пікірлерді талқылау нәтижесінде жоспарға 46 шара енгізілген.
Осыған байланысты Сіздердің де ұсыныстарыңызды күтеміз. Модельді жүзеге асыру жоспарына қосар ұсыныстарыңыз болса, rcdd_info@mail.ru почтасына немесе www.rc-dd.kz сайтына жолдауларыңызды сұраймыз.