2023 жылғы «____» ______
№ _____________бұйрығына
1 - қосымша
Облыстық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастығымен ұйымдастырылған «Үздік БЖБ» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелері
1) Осы ереже қашықтан өтетін «Үздік БЖБ» облыстық конкурсының (одан әрі - байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру ретін, қатысушылар жұмыстарына қойылатын талаптарды, бағалау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілейді.
Байқау екі кезеңде өтеді:
- қалалық, аудандық кезең – 2023 жыл 20 наурызға дейін;
- облыстық кезең – 2023 жыл 30 наурыз;
Байқауға 3 жылдан астам еңбек өтілі бар жалпы білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатыса алады.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеті
1) Оқу процесіндегі білім алушыларға арналған жиынтық бағалаудың озық педагогикалық тәжірибелерін тарату және жариялау, жинақтау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
2) Міндеттері:
- Ағылшын тілі пәні бойынша БЖБ жинағын құрастыру;
- Жиынтық бағалау өткізудің озық тәжірибесімен бөлісу және жариялау.
3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1) Байқауға Маңғыстау облысының барлық білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады.
2) Аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған қатысу туралы өтінім мен жұмыстары/ қатысушының тегі, аты-жөні/ жұмыс орны/ лауазымы/ байланыс телефоны/ электронды почтасы туралы толық мәліметі бар сұраныс және қатысушы жұмысы 2023 жылғы 27 наурызға дейін english.assosiation@mail.ru электрондық поштасында қабылданады.
3) Байқауды ұйымдастыру, жүргізу, қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастыру алқасы және қазылар құрамы құрылады.
4) Байқаудың қазылар құрамы тәжірибелі ұстаздардан, тренерлерден әдістемелік орталықтың әдіскерлерінен құрылады.
-түскен мәліметтерге сараптама жүргізеді;
-ұстаздың жұмысының нәтижесін бағалайды.
5) Ұйымдастыру алқасы құрамы байқау туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялайды, марапаттау тәртібін реттейді.
6) Байқауды өткізуді Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы басшылыққа алады.
4. Байқауды өткізу шарттары мен қойылатын талаптар
1) Байқау 1 бөлімнен тұрады.
БЖБ материалдары негізгі стандарттарға және жалпы білім беру мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек, сонымен қатар бөлім бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеуге қойылатын талаптарға сай болуы керек.
Бағалау критерийлері: (әр критерий 5 ұпаймен бағаланады)
- Оқу мақсатына сәйкес келуі;
- Ойлау дағдыларының деңгейі бағалау критерийіне сәйкес келуі;
- Тапсырма құрастырылуының түсінікті болуы;
- Тапсырманың жас ерекшелігіне сәйкес келуі;
- Дискрипторлар, ұпай қою кестесі тапсырмаға сәйкес келуі;
2) Байқауға қатысушылар өзінің педагогикалық іс-тәжірибесінен алынған, өзі жасаған құжаттарды ұсынады және өзге үшінші (басқа) тұлғалардың интеллектуалдық авторлық құқығын бұзғаны үшін жауап береді.
3) Мазмұнында елеулі ескертулер болған, плагиат, логикалық, грамматикалық қателер анықталған жағдайда, Байқау комиссиясының шешімімен жеңімпаздың жұмысы жойылуы мүмкін.
4) Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.
5) Байқау материалдарына рецензия берілмейді және қайтарылып берілмейді.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың ресімделуіне қойылатын талаптар
1) Жұмыс мәтіні компьютерде 14 Times New Roman шрифтімен терілген болуы тиіс.
6. Қорытындылау және марапаттау
1) Байқауға қатысушылардың материалдарын бағалауды қазылар құрамына енетін үздік педагогтар жүзеге асырады.
2) Қазылар құрамының шешімі өзгертілмейді және өзгертуге жатпайды, тиісті хаттамамен ресімделеді.
3) Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.
4) Байқаудың қорытындысы Орталықтың сайтында және әлеуметтік желіде жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |