Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды
дамыту моделі
Модельдің мақсаты
Дені сау, дербес, білуге құмар,
көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын
балаларды қалыптастыру мен
әлеуметтендіруге бағытталған
тәрбиелеу мен оқыту жүйесін өзгерту
арқылы мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытуды дамытудың бағыттары
мен қағидаттарын айқындау.
Модельдің міндеттері:
•
инклюзивті білім беруді қоса алғанда, оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының икемділігін қамтамасыз ету арқылы педагогикалық
процесті ғылыми негізде жетілдіру жолымен мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытудың мазмұнын өзгертуге жағдай жасау;
•
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнындағы өзгерістерді
нормативтік құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
•
педагогтердің деңгейінде және білім беру ұйымдарының деңгейінде
мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті жұмысында зерттеу
жұмысының мәдениетін қалыптастыру;
•
педагогтердің кәсіби өсуінің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
•
өзара әріптестік іс-қимыл орнату арқылы ата-аналардың білім беру
қызметтеріне қанағаттануын қамтамасыз ету.
Модельде
пайдаланылатын негізгі
ұғымдар
Модель – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды
дамыту мен жетілдіру бағытын айқындайтын тәсілдер
мен қағидаттар жиынтығы;
баланы толыққанды дамыту – қимыл белсенділігіне
жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру,
достық қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны
ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың
физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық
денсаулығы мен қауіпсіздігі.
•
5)
қарым-қатынасты қолдау – ересектердің
балаларға деген мейірімді қарым-қатынасы, баланың
дербестігін ынталандыруы, әр баланың жеке басын
құрметтеуі, балаға қиын сәттерде қолдау көрсетуі;
•
6)
инклюзивті білім беру кеңістігі – әр баланың
жеке қажеттіліктері ескеріліп ұйымдастырылған
орта, онда барлық балалар эмоционалдық, зияткерлік
және академиялық қолдауды сезінеді, әлеуметтенуге
қатысады және жеке басына, тәрбиелеу мен
оқытудағы қалауына қарамастан қатысады;
•
7)
сапалы маңызды өзара іс-қимыл – педагогтің әр
баламен жеке қарым-қатынасы, баланың іс-әрекетіне
және оның пікіріне шынайы қызығушылықпен қарау,
тыңдау, қолдау көрсету, балаға жылы қарым-қатынас
көрсету;
Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде шешуді
талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар:
•
1)
балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен
нысандардың заманауи талаптарға сәйкес келмеуі;
•
2)
балалардың танымдық қызығушылықтары мен білуге
құмарлығы, дербестігі жеткілікті ескерілмеуі;
•
5)
кадрлар жасының ұлғаюы және жетіспеуі;
Достарыңызбен бөлісу: |