Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата27.09.2022
өлшемі0,88 Mb.
#40481
1   2   3   4
Байланысты:
Смайыл-С.С.-Мектепке-дейінгі-тәрбиелеу-мен-оқытуды-дамыту-моделі

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
жүйесіндегі педагог



Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал 
ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-
аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды. 
Барлық ерекшеліктерді: әлеуметтік жағдайды, отбасы тарихын, елдің мәдени 
ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін, баланың мінез-құлқы мен ерекшеліктерін
ескеру қажет. Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды
бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының 
басты міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Ата-аналармен және ата-аналар
қауымдастығымен жұмыс



Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында 
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-
аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін 
нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған 
міндеттер оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың 
жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және 
оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда 
шешіледі:

1) 
ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

2) 
ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.


мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық 
қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, 
білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың 
толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;

баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған 
трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті
дамытушы орта құруға;

ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар 
негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;

отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау 
өлшемшарттарын әзірлеуге;

Ең бастысы ұйымдастырылған оқу қызметін балаларды шаршатпай, ойын 
түрінде өткізу керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет