Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың
басым бағыттары модельді іске асыруда
көзделген сапалық көрсеткіштерді арттыруға
бағытталған.
•
6)
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог
мамандығы беделінің болмауы;
•
7)
кадрлардың тұрақтамауы;
•
8)
педагогтерді даярлау бағдарламалары мазмұнының әлемдік
ғылымның заманауи үрдісіне сәйкес келмеуі;
•
9)
ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқшаулануы;
•
10)
инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық
қолдау үшін мамандар тапшылығы;
•
11)
ата-аналар қауымымен байланыстың жеткіліксіздігі.
Сапа к
өрсеткіштерінің үш тобы
құрылымдық сапа – мектепке дейінгі ұйым дизайны, оны ұйымдастыру және кеңістікті
ішкі ұйымдастыру, педагогтердің білім деңгейі мен кәсібилігі, куррикулум дизайны,
қаржылық реттеу, балалар санының ересектер санына арақатынасы, балалармен жұмыс
жүргізудегі жеке тәсіл, балалар қауіпсіздігі үшін жағдайлар, аккредиттеу;
процестің сапасы – мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтер нені қалай жасайды, ойынға
қанша уақыт бөлінеді, педагог пен балалар және балалар арасындағы маңызды өзара
әрекет, күтім мен білім күнделікті практикаға қаншалықты кіріктірілген, оның балаға
мейірімді және оның қажеттіліктеріне сай келуі, педагогтердің әр баланың отбасымен
өзара қарым-қатынасы, ата-аналардың қатысуы және мектепке дейінгі ұйымдардағы
педагогтердің күнделікті практикасы;
нәтиженің сапасы – балалар, отбасы, қоғам нақты бір мектепке дейінгі ұйымнан қандай
пайда алады, бұл нәтиже балалардың аман-саулығын, балалардың эмоциялық, моральдық,
психикалық, психологиялық аман-саулығы мен дамуын, әлеуметтік дағдыларын, болашақ
өмірге дайындығын, балалардың денсаулығы мен олардың мектепке дайындығын өлшеуге
қалай әсер етеді.
•
Мектепке дейінгі кезең – мектепке
дайындық сатысы, баланың өмірлік
маңызды дағдыларын дамыту кезеңі.
Демек, бала өміріндегі мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту тәсілінің
ұйымдастырылған оқу қызметінен
баланың жеке ерекшеліктері мен
қажеттіліктерін ескере отырып, әр
баланың әлеуетін барынша дамытуға
жағдай жасауға қарай өзгеруі тиіс.
Педагогтің алдын ала жоспарлаған
әрекеттерін орындап қана қоймай,
баланың қызығушылығына көңіл бөліп,
күнді өзі таңдаған белсенділік түріне
қарай құрудың маңызы зор.
•
Бірге ойнау дағдыларын, еңбек әрекеті
дағдыларын, тазалықты, тәртіптілікті,
ұйымшылдықты, ойлауды, қабылдауды,
сурет салуды және басқа дағдыларды
меңгерту ойын нысанында іске асуға
тиіс. Ойын – баланың негізгі әрекеті
және дамытудың негізгі құралы.
•
Педагогтің рөлі – күні бойы балалармен
әңгімелесуде денсаулық, қарым-қатынас,
математика негіздері және білімнің басқа да
салалары туралы білімді бойларына дарыту
(
педагог тамақтану кезінде денсаулық пен
тамақтанудың маңызы туралы, серуенде
табиғат туралы балаларға әңгімелеп береді).
Қарым-қатынас дағдыларын педагог өзі
көрсетуге тиіс. Балалармен диалог жүргізуде
педагог қарым-қатынас тәсілдерін көрсетеді,
әңгімелесушінің сезімін ескеру қажеттілігін
түсіндіреді, сыпайылық пен адамдармен
араласу қағидалары туралы айтады. Бала
тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінің
маңызын ескере отырып, баланың ертегілер
мен кітаптарға қызығушылығын қолдау қажет.
Сәбилер мен мектеп жасына дейінгі
балалардың ерекшелігі – олар белсенді
әрекеттер мен практика арқылы үйренеді.
Сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметі тек
ойын түрінде өткізілуге тиіс.
•
Білім беру салаларының міндеттері
бала сол сәтте өзіне қызықты білімді
өз бетінше таңдай алатын қолжетімді
заттық-кеңістіктік ортаны
ұйымдастыру арқылы іске асырылуға
тиіс. Педагогтің міндеті – балалардың
қызығушылықтарын атап өту, оқу
әрекеті барысында әр баламен сөйлесу.
Сабақ нысандарын педагог таңдауға
тиіс.
•
Мектепке дейінгі ұйымдардың
қызметін әдістемелік қолдау
•
Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу,
сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және
шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер
белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын
жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |