Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫ



бет2/2
Дата02.03.2022
өлшемі42,68 Kb.
#26829
1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫ

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Еліміздің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі баланың тұрғылықты мекен жайына, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына қарамастан оған мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланы кешенді тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы тығыз ынтымақтастықта іске асады. Егер отбасы мен мектепке дейінгі ұйымда балаға қойылған талаптар келісілмесе, онда жақсы дағдылар мен қасиеттерді тәрбиелеу қиынға соғады. Қазақстандық ғалым-психологтар Ж.И. Намазбаева, Л.С. Пилипчук, С.Ж. Омирбекова, Л.О. Сарсенбаева, Т.М. Шалгимбаев, , К.М. Арымбаева және шетелдік ғалымдар А. И. Захаров, А. Н. Демидова, О.Л. Зверева, Е. П. Арнаутова және басқаларының арнайы психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулері отбасына мектепке дейінгі жастың барлық кезеңдерінде мамандар көмегінің қажеттігін дәлелдеді. Сонымен бірге баланың толыққанды дамуы үшін өзіндік ерекше қызметтерге ие мектепке дейінгі ұйым және отбасы бір-бірімен өзара тиімді ықпалдастықта болуы қажет. Бұл мәселенің өзектілігі – мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен белсенді ықпалдастыққа баулу. Мақсаты – мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тартуда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. Міндеттері: - мектепке дейінгі ұйым мен отбасының арасындағы ықпалдастықтың заманауи түрлері мен әдістерін қолдануда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету; - ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктерімен таныстыру; - ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатысуға тарту; - отбасылық тәрбиенің үлгілі тәжірибесін, жақсы отбасылық дәстүрлерді тарату. Әдістемелік ұсынымдардың құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы өзара ықпалдастықты ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс түрлері». Ата-аналармен заманауи жұмыс түрлерін қолдану мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналардың бірлескен еңбегімен балаларды әлеуметтік- мәдени нормаларға, мемлекеттің, қоғамның және отбасының дәстүрлеріне тартуға ықпал етеді. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Бүгінгі отбасы бала туылғаннан бастап шынайы себептерге байланысты балаларды тәрбиелеу мен дамытуда, түзету процесін ұйымдастыруда мәселелерінде кәсіби педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды қажет етеді. Ата-аналардың көпшілігі мектеп жасына дейінгі балаға білім берудің маңыздылығын сезінеді, бірақ мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді түрде араласпайды. Оның негізгі себебі, ата-ананың көпшілігі баланың дамуы мектеп жасына дейін қалыптасатынын толық біле бермейді. Осы тұста, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен тікелей жұмыс нәтижесінде не алғылары келетіні, мектепке дейінгі білім берудің мақсатын және оны жүзеге асыру тәсілдерін түсінуі маңызды болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тарту міндеті негізгі үш бағытта шешіледі: 1. Отбасымен ықпалдастықты ұйымдастыру бойынша балабақша ұжымымен жұмыс, педагогтерді ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлері жүйесімен таныстыру. 2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларды тәрбиелеу және оқыту саласымен хабардар болу деңгейін анықтау, білім беру қызметіндегі ата-аналардың қажеттіліктерін айқындау. 3. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен ықпалдастыққа тарту. Балабақшаның отбасымен жұмысын жоспарлауда келесі ерекшеліктерді: - ата-аналардың білім деңгейлері, олардың әлеуметттік қажеттіліктері; - балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі; - мектепке дейінгі ұйым жұмысының басым бағытын ескеру керек Мұның барлығы балабақша мен отбасында баланың дамуына бірыңғай тәсілдер құруға негіз болады. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың арасындағы ықпалдастықты тиімді іске асырудың негізгі жағдайлары баланың отбасын, оның жағдайын, мүмкіндіктерін зерделеу. Мектепке дейінгі ұйым бүгінгі күні үнемі дамуда, жүйелі икемделгіш, ата- аналардың әлеуметтік құрамының өзгерісін, олардың білімдегі қажеттіліктері мен тәрбиедегі сұраныстарын жылдам сезінетін болуы тиіс. Осыған байланысты балабақша мен отбасының арасындағы жұмыстың түрлері мен бағыттары өзгеріп отыруы қажет. Ата-аналармен жұмыста жобалық қызметке қатысу жақсы нәтижелер көрсетеді. Әдеттегідей, кез келген жоба отбасымен жұмыстың топтамасын қамтиды. Оған отбасымен жұмыстың барлық түрлерін (көрмелер ұйымдастыру, экскурсиялар, ата-аналар жиналыстарын, стендтерді безендіруді, бос уақытты тиімді өткізу және т.с.с.) жатқызуға болады. Осындай кешенді тәсілдер қолданғанда ата-аналар педагогтердің белсенді серіктестері бола отырып, міндеттердің табысты шешімін қамтамасыз етеді (1-қосымша). МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, тәрбие беру әлеуетін күшейтуге бағытталған. Балабақша мен отбасы арасындағы педагогикалық өзара байланыстың табыстылығы көбіне тәрбиешінің өз қызметінде қаншалықты ата-аналардың қызығушылығын тудыратын және заманауи мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу мен оқыту процесіне белсене қатысуға жағдай жасайтындай ата- аналармен жұмыс түрлерін қолдануына байланысты. Жұмыс тиімділігінің критерийлері: - жоспарланған барлық іс-шараларға ата-аналардың көп қатысуы; -ата-аналардың балалармен жұмыс кезінде ұсынылған материалдарды қолдануы; - отбасының оң бағасы мен мектепке дейінгі ұйыммен алдағы серіктестікке берілген жағымды пікірлер болып табылады. Балабақша мен отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың түрлері мен мазмұны алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірыңғай стандарты болмайды. Әдетте отбасымен жұмыстың екі түрі белгіленген: - ұжымдық (дәрістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары); - жеке (әңгімелесу, кеңестер, тапсырмалар, отбасын аралау). Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалар ата-аналарымен өзара ықпалдастығының дәстүрлі түрлері замануи инновациялық технологиялармен үйлестірілген. Ата-аналармен жұмыста ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (АКТ) кеңінен қолданылады. Педагогтерде де, ата-аналарда да қатынастың дәстүрлі емес түрлері ерекше танымалдықпен қолданылады. Олар ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын балабақшаға аудартуға бағытталған. Ата-аналар өз балаларын басқа жаңа жағдайда көріп, жақсырақ біледі, педагогтермен жақын араласады. Жекелей және топтық кеңестер, ата-аналар жиналыстары және көрнекі насихаттау өткізуден басқа «ауызша журналдар», педагогикалық қонақжай, мәселелер бойынша дискуссиялар, сұрақ-жауаптар кештері, КТК, «ток-шоу» сияқты түрлерін қолдану ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ерте және кіші топтардағы ата-аналар жиналыстарында ата-аналарды белсендіру үшін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және күн тәртібінің сәттерінде бейнежазбаларды көруді және талқылауды ұсынуға болады. Ересек топтардың тәрбиешілеріне алдын ала белгіленген тақырып бойынша диспуттар ұйымдастыру, белсендірудің интерактивті әдістерін, сұқбаттасуды, талқыланатын мәселенің рейтингтік бағасын, талқылау үшін бірнеше түрлі көзқарастарды қолдану ұсынылады. Ата-аналармен өзара ынтымақтастық өнімділігін арттыруға, ата-аналар мен балалардың бірігуіне конкурстар өткізу де ерекше ықпал етеді. Спорттық іс-шаралар өткізуде барлық қатысушылардың дене дамуы мен денсаулықтарын нығайтумен қатар отбасының беріктігіне, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, эмпатия сезімін қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Мысалы, «Отбасылық старттар», «Денсаулық күндері», «Әкем, анам және мен» спроттық ойындарын, Отан қорғаушылар күніне арналған музыкалық- спорттық мереке. Тәрбиеші, ата-ана мен баланың жақын араласуы отбасында баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен жұмыстың дәстүрден тыс түрлері кеңінен қолданылады: - танымдық; - бос уақытты тиімді өткізу; - ақпараттық-талдау; - көрнекілік-ақпараттық. Өзара ықпалдастықтың танымдық түрлері ата-аналарды бала дамуының жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл топқа:  жалпы ата-аналар жиналыстары;  ата-аналар қатысуымен педагогикалық кеңес;  ата-аналар конференциясы;  отбасылық клуб;  шағын жиналыстар;  қайырымдылық күндері;  ата-аналар мен балалардың бірге сенбіліктері жатады. Бос уақытты тиімді өткізу түрлері педагогтар мен ата-аналар, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас, эмоциялық байланыс орнатады. Бұл ең тартымды, қажетті де ең күрделі түрі. Өйткені, кез келген іс-шара ата- анаға өз баласының проблемаларын ішкі жағынан көруге, басқа балалармен салыстыруға, қарым-қатынастағы қиындықтарды байқауға, басқа балалар қалай жасайтынын көруге, яғни өз баласымен қатар ата-ана қоғамдастығымен байланысу тәжірибесін алуға мүмкіндік берілетінімен түсіндіріледі. Бірлескен іс-шараларды өткізу барысында ата-аналар бірлескен жұмыстан қанағат алып, сәйкес балабақшаның беделі артады. Бұл бағытта:  мейрамдар мен ойын-сауықтар;  ертеңгіліктер;  туған күнді атап өту;  концерттер, жарыстар;  балалар жұмыстарының, отбасылық суреттер көрмесін;  балабақшадан тыс біріккен экскурсиялар мен серуендер;  қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға болады. Ақпараттық-талдау түрлері әр баланың отбасы туралы мәліметті жинау, өңдеу және қолдануға бағытталған (балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата-ананың білім деңгейін анықтауға, құзыреттіліктерін жоғарылатудағы олардың қызығушылықтарына ықпал ететін сауалнамалар алу мен тестілеу консультациялық пункттер, брошюралар, ата-аналарға арналған құралдар ұсыныстарға арналған қорап және т.б.). Мектепке дейінгі ұйым ата-аналарымен жұмыста ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (АКТ) кеңінен қолданылады. Білім беру процесінде АКТ қолдану – білім беру процесінің сапасын арттырумен қатар балабақша педагогі мен отбасы арасындағы қарым- қатынастың жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім беруді жаңғыртудың басым бағыттарының бірі Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі құралдар: - балабақша сайты; - ұялы байланыс; - электрондық консалтингтік қызмет (электронды пошта); - жеке веб-парақты қолдану; - «Дана бала» ғылыми-ақпараттық әдістемелік журналы; - «Отбасы KZ» интернет-порталы кеңінен қолданылады. Сайттар балабақша қызметінің ашықтығы мен педгогтер мен ата-аналар үшін ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Сайтқа кіру барлық қолданушылар үшін ашық. Сайт беттерінде ата-аналар мектепке дейінгі ұйым жұмысының ерекшеліктерімен таныса алады, сайттың негізгі қызметі – мектепке дейінгі ұйым қызметі туралы ресми ақпаратты ұсыну. Ол үшін балабақша Жарғысын, әкімшілік, педагогтер туралы мәлімет, педагог- психолог, логопед, дефектолог жұмыс кестесін, шешілетін мақсат-міндеттер, тәрбие жұмысының жылдық жоспарын орналастыру ұсынылады. Мәтіндік ақпаратты көрнекілік материалдармен толықтырылады (фото, видео). (2- қосымша). Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша кәсіби кеңестер алуға, мектепке дейінгі білім берудегі соңғы жаңалықтарды білуге, нормативтік құжаттармен танысуға, өз аймағындағы мектепке дейінгі ұйым бойынша ақпарат алуға, балабақша мен мектепке дейінгі ұйым және сайт жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша өз ұсыныстарын, пікірлерін және тілектерін қалдыруға болады. Бүгінгі күні тәрбиешілер белсенді түрде WhatsApp қолданбасын қолданады, онда ата-аналар кез келген өзін алаңдататын сұрақты қойып немесе бір мәселелер туралы хабарлама жібереді, ертеңгіліктерден соң пікірлер мен суреттермен бөліседі. Педагогтер күн тәртібінің сәттерінен фрагменттерді жібереді. Сонымен қатар, электронды пошта мен жеке веб-парақ кеңінен қолданылуда. Электронды пошта арқылы педагог түрлі іс-шаралар өткізу туралы ақпарат жібереді. Электронды поштаны қолдану тиімділігі ата-аналарға ақпараттың ауқымды көлемін жіберіп, отбасымен тікелей өзара байланысты жүзеге асыруға болады. Интернет желісіндегі тәрбиешінің жеке веб-парағында көбіне балаларды тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша консультациялық материалдар: мамандардың кеңестері, тәрбиешінің ұсынымдары, электрондық газет және т.б. орналастырылады. «Отбасы KZ» Интернет-порталы балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселелері бойынша ағарту қызметтерін ұсынады. Интернет-портал ата-аналарға балаларды күту мен дамыту ерекшеліктерімен таныстыруға, зияткерлік, тілдік, психикалық және дене дамуындағы проблемаларға түсіністік қалыптастыруға, балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алып, өзара ықпалдастықтың арнайы дағдылары мен тәрбиелеу әдістерін үйретуге жәрдемдеседі. Ата-аналар кәсіби кеңес алумен қатар, үйде балаға не үйрету қажет екенін біліп, практикалық көмек алады. Ата-аналармен бірлескен әрекетте АКТ қолданудың артықшылықтары: - ақпаратты алуға уақытты аз жұмсау; - кез келген құжаттарды, фотоматериалдарды көрсету мүмкіндігі; - әрбір ата-анаға жеке тәсілді қамтамасыз етуі; - жеке жұмыстың мен топтық жұмыспен оңтайлы үйлесімділігі; - ақпарат көлемінің өсуі; - ата-аналармен сұхбаттасуды қамтамасыз ету (электронды пошта, форум); - ақпараттың шұғыл түрде алу; - ақпараттық ағымның кеңеюі; - электрондық газет, журналдарды жариялау. Педагогтер мен ата-аналар қатынасының көрнекілік-ақпараттық түрлері ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның жағдайы, мазмұны мен балаларды тәрбиелеу әдістерімен таныстыру мәселелерін шешеді, педагогтер қызметін бағалауға, үйдегі тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қайта қарауға, тәрбиеші қызметін шынайы түрде көруге мүмкіндік береді. Аталған түріне: - ата-аналарға арналған бұрыш (ата-аналарға арналған ережелер, күн тәртібі, түрлі мазмұндағы хабарландырулар); - балалар жұмыстарының көрмесі; - ақпараттық парақшалар және т.б.; - ата-аналарға арналған жадынамалар; - жылжымалы папкілер; - отбасылық тәрбие тәжірибесімен бөлісуге арналған ата-аналар газеті. Ата-аналармен жұмыс түрлерін қолдану мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде өзара қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Өз баласын үйден ерекше жағдайда көру мүмкіндігі ата-аналарға өздерінің тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін қайта қарауға ықпал етеді. Ата-ананың балабақша өміріне қатысуы педагогтың қалауы үшін емес, өзінің баласына маңызды екеніне ата-аналар біртіндеп көз жеткізеді. Сонымен, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ата-аналармен өзара әрекетті ықпалдастықта ұйымдастыруы бала тұлғасының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді. ҚОРЫТЫНДЫ Мектепке дейінгі білім беру саласының жүйелі мемлекеттік қолдау табуы және балалардың мектепке дейінгі оқу бағдарламаларымен 100% қамтуға кезеңмен көшу жағдайында мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушілер ата- аналары арасындағы өзара бірлескен әрекеттестікте ұйымдастыруда жаңашыл әдістерді табу ерекше рөл атқарады. Сондықтан, балабақша мен отбасы арасындағы байланыстың негізінде бала дамуында мектепке дейінгі ұйымның маңызды рөл атқаратыны туралы идеясы жатыр: бұл жерде бала алғашқы білім алады, басқа балалар мен үлкен кісілермен қарым-қатынас жасау дағдыларын иеленеді, өзінің жеке іс-әрекетін ұйымдастыруға үйренеді. Алайда, бала осы дағдыларды қаншалықты тиімді пайдаланады, ол отбасының мектепке дейінгі ұйымға қатынасына байланысты болады. Бала дамуындағы отбасылық тәрбие отбасы мен балабақшаның арасындағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығын айқындайды. Педагогтер мен ата-аналар арасындағы байланыстың жаңа түрлеріне жабық балабақша аясында көшу мүмкін емес: ол ата-аналарды балабақшаның білім беру процесіне қатыстыруды қамтитын бірінші кезектегі міндеттер қатарындағы ашық жүйе болуы тиіс. Сонымен, педагогтердің ата-аналармен байланысы – бұл бала тәрбиесі бойынша бірлескен қызметке бағытталған педагогтер мен ата-аналардың оңтайлы эмоциялық жағдайы. Балабақшаның отбасымен жұмыстың басым бағыттарының қатарына енген интерактивтік, ізденушілік, ойын технологияларының негізін құрайтын бірлескен әрекет түрлері дұрыс таңдалған жағдайда отбасы мен балабақшаның ықпалдастығы тіптен табысты болады. Ата-аналармен жұмыстың әртүрлі түрлерін пайдалану баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, мемлекет және қоғам, отбасылық құндылықтарға қатыстыруға ықпал етеді. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы; 2. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ; 3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы; 4. Нургалиева Р.Н. Филосовский словарь – Алматы: Ана тілі - 423 стр. 5. Беспалова А.И., Исханова У.К : Семейное право – Алма-Ата, 1984; 6. Миклякова Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. Москва 2006г.; 7. Доронова Д.Н., Глушкова Г.В. Вместе с семьей. Москва 2005 г.; 8. Солодянкина О.В. Сотрудничество дошкольного учреждения с семьей. Москва 2004 г. 1-қосымша «Балабақша» өтпелі тақырыбына сәйкес жобалық әрекеті «Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз» Жоба мақсаты: баланың шығармашылық әлеуетін дамыту және оның өздігінен іске асыруға жағдайлар жасау мәселелерінде мектепке дейінгі ұйым және отбасының қызметін біріктіру. Міндеттері: - әрбір баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату; - жоба қатысушылары үшін байқау шараларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы өзара түсіністік, эмоциялық өзара қолдау, шығармашылық атмосфера құру; - тәрбиеленушілер мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарын қалыптастыру; - ата-аналардың педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру; - жеке педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімдерін қолдау. Жоба қатысушылары: мектепке дейінгі ұйым педагогтері, балалар және олардың ата-аналары Жүзеге асыру мерзімі: үш ай Күтілетін нәтижелер: - балалар, ата-аналар және педагогтер арасында оңтайлы эмоциялық қарым- қатынас ортасын құру; - бірлескен байқауда балалар мен ата-аналардың креативтік қабілеттерін дамыту; - отбасында ересектер үшін де, балалар үшін де ортақ қызығушылықтың пайда болуы; - ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру; - бірлескен іс-шараларды өткізуде ата-аналардың қатысу үлесінің өсуі. Жұмыс кезеңдері І. Дайындық кезеңі Педагогикалық әрекет: - ата-аналардан сауалнама алу; - байқау шараларын жоспарлау және әзірлеу; - байқау сценарийін құру; - МДҰ алдыңғы өткізген байқауларынан фотокөрмелер рәсімдеу; - топтың ата-аналар бұрышында афиша орналастыру. Ата-аналармен байланыс: - сценарийлерді талқылау; - «Шығармашылық қабілеттерді дамыту» тақырыбында кеңес беру; - «Шебер қолдар» практикумы; - байқауларға арналған костюмдер, музыкалық аспаптар, декорациялар жасау бойынша шығармашылық шеберхана. Балалармен жұмыс: - көркем шығармаларды оқу; - тақпақтар мен мәтіндерді жаттау; - өлеңдер мен билерді үйрену; - иллюстрацияларды қарау; - байқау тақырыптарына сәйкес алдын ала жұмыс. ІІ. Қалыптастыру кезеңі Педагогикалық қызмет: - байқауға ұжымдық шақыру қағаздарын дайындау; - байқаулардың сәтті жүзеге асуына жағдайлар жасау; - МДҰ педагогтерімен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету; - байқау қатысушыларымен кездесулер ұйымдастыру. Ата-аналармен байланыс: - әділ қазы таңдау; - шараны ұйымдастыруға ата-аналардың қатысуы; - бейнеролик түсіру; - балалармен бірлескен практикалық қызмет. Балалармен жұмыс: - Мәнерлеп оқу сайысы; - «Жігіт султаны» байқауы; - «Біз епті және батыл» конкурсы; - «Топ аруы» конкурсы. ІІІ. Қорытынды кезеңі Педагогикалық қызмет: - практикалық материалдар жинау және өңдеу, алынған нәтижелер мен жоспарланған деректермен салыстыру; - жоба материалдарын жинақтау; - слайдтық презентациялар жасау. Ата-аналармен байланыс: - «байқау қозғалысы» қорытындысы бойынша ақпарат жинау (сауалнама алу, әңгімелесу, сұрастыру, пікірлер); - жобадағы жұмыс тиімділігін бағалау. Балалармен жұмыс: - балалар суреттері; - байқауларға қатысу қорытындысы бойынша фотоколлаж жасау; - МДҰ балаларына байқауға әзірленген нөмерлерді көрсету. «Дені саудың жаны сау » өтпелі тақырып негізінде жобалық әрекеті «БАЛАБАҚША, МЕН ЖӘНЕ ОТБАСЫ – ДЕНСАУЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ» Жоба мақсаты: денсаулық туралы түсініктерін қалыптастыру, балалар мен ата-аналардың спорт және дене тәрбиесімен айналысуға ынталандыру, салауатты өмір салтын отбасылық дәстүр ретінде насихаттау. Жоба міндеттері: - балалар мен ата-аналардың тақырып бойынша (мониторинг) хабардар болу деңгейін анықтау; - балалардың дұрыс тамақтану, мәдени-гигеналық дағдылар, қимыл белсенділігі туралы білімдерін кеңейту; - ата-аналармен тиімді өзара ықпалдастықты ұйымдастыру: балалар мен ата- аналардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, кеңестер, бірлескен іс- шаралар; - балалармен бірлескен қимыл әрекетінің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту; - оңтайлы-эмоциялық орта құру. Жоба қатысушылары мектепке дейінгі ұйым педагогтері, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары Жүзеге асыру мерзімі: үш апта Күтілетін нәтижелер: - балалар, ата-аналар және педагогтер арасында оңтайлы эмоциялық қатынас ортасын құру; - бірлескен байқау әрекетінде балалар мен ата-аналардың креативтік қабілеттерін дамыту; - отбасында ересектер үшін де, балалар үшін де ортақ қызығушылықтың пайда болуы; - ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру; - бірлескен іс-шараларды өткізуде ата-аналардың қатысу үлесінің өсуі. Жұмыс кезңдері І. Дайындық кезеңі - балалардың тақырып бойынша білімдерінің мониторингі және ата- аналардан сауалнама алу; - жобаның мақсат-міндеттерін анықтау; - топта заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жобалау; - тақырып бойынша әдістемелік, көркем әдебиеттерді және мультипликацияны таңдау; - шараларды дайындау. ІІ. Практикалық кезең - ата-аналарға арналған кеңестер, жадынамалар, ұсынымдар әзірлеу; - балалар мен ата-аналармен бірлескен іс-шаралар; - ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырмалар; - ойын, қарапайым еңбек, игровая, бейнелеу қызметі, құрастыру; - балалармен әңгімелесу; - қимыл (балалар және ата-аналармен бірлесіп) әрекеті; - көркем әдебиет оқу; - театрландырылған қойылымдар; - денсаулық бұрышын толықтыру. ІІІ. Қорытынды кезең - «Спорттық отбасы» фотокөрмесі; - «Дұрыс тамақтану пирамидасы» баннерін жасату; - «Дәрумендер» альбомын дайындау; - «Әкем, анам және мен» спорттық ойын-сауық шарасы. 2-қосымша Мектепке дейінгі ұйым қызметі туралы ақпараттың сайтта орналасу үлгісі Беті Ұсынылатын ақпарат Басты Сәлемдесу Балабақша жарғысы Тәрбие жұмысының жаңалықтары Жұмыс кестесі Тәрбие жұмысы бойынша ақпаратты іздеу және нәтижелері Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сұрақтар Бір терезе Электронды жолдау Мектепке дейінгі ұйым басшыларына ата-аналарды қабылдау кестесі Өтініш үлгілері (демалысқа) Жұмыс кестесі Әкімшілік телефон номерлері Тәрбиелеу мен оқыту қызметін ұйымдастыру бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу мен оқыту қызметі туралы Мақсаты және міндеттері Жетістіктері Нормативтік құжаттар Әкімшілік, мамандар, педагогтер туралы мәлімет Педагогикалық қызметкерлерге «Әдістемелік қоржын» Шығармашылық топ қызметі туралы Мерекелер сценарийлері Іс-шаралардың әдістемелік материалдары Тақырыптық интернет-ресурстар Ата-аналарға Тәрбиелік іс-шаралардың анонсы Отбасылық тәрбие бойынша кеңестер, ұсынымдар Белсенді ата-аналар туралы ақпарат Тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылауға арналған форум МАЗМҰНЫ Түсіндірме жазба 3 Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы өзара ықпалдастықты ұйымдастырудың ерекшеліктері 4 Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс түрлері 5 Қорытынды 10 Қосымша 11 Қолданылған әдебиет 12

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет