Екінші тоқсанда тұтықпа балаларды қарапайым және жайылма сөйлемдерді қарастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Ситуативтік сөйлеу дағдыларын бекітіп, контекстік сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгер
Екінші тоқсанда тұтықпа балаларды қарапайым және жайылма сөйлемдерді қарастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Ситуативтік сөйлеу дағдыларын бекітіп, контекстік сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгереді.
Үшінші тоқсанның міндеттері жалпы балабақшаның міндеттеріндегідей болады. Тұтығушылар көрнекілікке сүйеніп, логопедтің сұрағы бойынша әңгіме құрастыруға, мәтіннің мазмұнын айтуға, өзбетімен әңгімелеуге үйренеді.
Төртінші тоқсанның міндеттері әр деңгейдегі өз бетімен сөйлеу дағдыларын бекітуге бағытталған.
Сонымен қатар, бұрынғы кезеңдердегі сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық жағын жетілдіру жұмыстары жалғасады.
2–4 жастағы тұтықпа балалармен логопедиялық жұмыс ерекшеліктері Л. М. Крапивинаның (1992) жұмысында қорытындылады.
Түзету жұмысының негізгі міндеттеріне: жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасын, фонациялық тыныс алуын, сөз қорын анықтау және молайту, грамматикалық жағын, диалогтік сөйлеуін дамыту жатады. Түзету педагогикалық жұмыс тұтықпаның клиникалық түріне байланысты жүргізіледі.
Түзету жұмысының негізгі міндеттеріне: жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасын, фонациялық тыныс алуын, сөз қорын анықтау және молайту, грамматикалық жағын, диалогтік сөйлеуін дамыту жатады. Түзету педагогикалық жұмыс тұтықпаның клиникалық түріне байланысты жүргізіледі.
Г. А. Волкова тұтықпаны ойындарды (дидактикалық, қимыл, драматизациалық т.б) қолдану арқылы түзету жүйесін ұсынады.
2 – 7 жастағы тұтықпа балалармен жүргізілетін кешенді жұмыс жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады:
ойнау іс – әрекетінің әдістемесі (ойындар жүйесі);
Жұмыс келесі кезеңдерден тұрады: тексеру, баланың сөйлеуін шектеу, қосарланып қайталап сөйлеу, сұрақ – жауап, әртүрлі жағдайларда өз бетімен қатынас жасау.
И. Г. Выготский, Е. Л. Пеллиншер, Л. П. Успенскийдің әдістемелерінде ойындар және ойын тәсілдері босаңсыту (релаксация) жаттығулар ретінде қолданады.
Логопед белгілі әдістемелерді қолдануда тұтықпа баланың жеке – психологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Барлық түзету әдістемелері балалар бала бақшада тәрбиелеу және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған, өйткені болашақта тұтықпа балалар қалыпты сөйлейтін балалармен бірге оқып, тәрбиеленеді.