Мектепке дейінгі тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтардың әдістемесі


Қоса сөйлеу логопедиялық сабақтағы іс – әрекетін өздігінен қоса айту. Баланың сөйлеуі біртіндеп күрделенеді ( бір сөзбен, екі сөзбен, толық жауап беру т.б)



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі54,32 Kb.
#122092
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
лекц 8

Қоса сөйлеу логопедиялық сабақтағы іс – әрекетін өздігінен қоса айту. Баланың сөйлеуі біртіндеп күрделенеді ( бір сөзбен, екі сөзбен, толық жауап беру т.б).

Қорытындылап сөйлеу немесе көргенін елестету ізімен сөйлеу; Бұл кезеңнің барлық сабақтарында қоса сөйлеу, қорытындылап сөйлеу (істелген іс – әрекетіне қатысты) түрлері қолданады. Көрнекілікті біртіндеп азайту арқылы контекстік сөйлеуге ауысуға мүмкіншілік жасалады.

Алдын ала сөйлеу кезеңінде бұрын қолданған сөйлеу түрлерімен қоса, баланың орындайтын жұмысын алдын ала жоспарлау біліктілігін дамытады. Бала істейтін жұмысын жоспарлап, іс – әрекетін айтып түсіндіреді. Сөйлеуі күрделене түседі: бірнеше сөйлемді айту, күрделі сөйлемдерді қолдану өз бетімен әңгіме құрастыру, сөздерді дұрыс қолданып, кезектілікті сақтап өз ойын дұрыс жеткізу.

  • Алдын ала сөйлеу кезеңінде бұрын қолданған сөйлеу түрлерімен қоса, баланың орындайтын жұмысын алдын ала жоспарлау біліктілігін дамытады. Бала істейтін жұмысын жоспарлап, іс – әрекетін айтып түсіндіреді. Сөйлеуі күрделене түседі: бірнеше сөйлемді айту, күрделі сөйлемдерді қолдану өз бетімен әңгіме құрастыру, сөздерді дұрыс қолданып, кезектілікті сақтап өз ойын дұрыс жеткізу.
  • Өз бетімен сөйлеу дағдысын бекіту кезеңінде балалар істеген заттарының қалай орындалғанын әңгімелейді, сұрақ қояды, сұраққа жауап береді, талдайды.
  • С. А. Миронова (1975,1979) балабақшаның орта, ересек, дайындық топтарға арналған бағдарламасын өту барысында тұтықпаны түзету ұсынады. Бағдарламаның барлық бөлімдері (айналамен таныстыру, тіл дамыту, сурет жапсыру, құрастыру, қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру) бойынша жүргізілген жұмыс түрлерін тұтығушының сөйлеуін қайта тәрбиелеу мақсатында қолданады. Сондықтан, автор логопедтің алдына екі міндет қояды: бағдарламалық және түзетушілік. Жұмыс төрт тоқсанға бөлініп жүргізіледі.
  • Бірінші тоқсанның міндеттеріне сөз қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау, енжар сөз қорын белсендіру жатады. Логопедтің, тәрбиешінің сабақтарында ситуативтік сөйлеу қолданады. Логопедтің сөйлеуіне ерекше талап қойылады: сұрақ нақты, қысқа, түсінікті, әңгімені көрнекілікке сүйеніп жүргізу және асықпай сөйлеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет