Мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет8/28
Дата18.05.2022
өлшемі0,92 Mb.
#34957
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады.
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).
- Оқулыққа кірістірілген білімді тексеру жүйесі бар.
- Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Желілік–технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік –технологиясына жатады:
- Интернет желісін пайдалану;
- Электрондық поштаны пайдалану;
- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс [13];
Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезінде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.
Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс[14].
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет