Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дүние жүзі бойынша қашықтықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады.
Елбасының цифрлы Қазақстан Жолдауының жетінші бағытында «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты ... жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі»[1].
ҚР «Білім туралы» заңына сәйкесті қашықтықтан оқыту сырттай, күндізгі, кешкі және экстернат оқыту формаларының бірі ретінде қарастырылады. Қашықтықтан оқытудың өзінің ерекше белгілері бар, бұл белгілерді ұғыну мұғалімдер мен қатар білім алушылар үшін белгілі психологиялық тосқауылды туындатады.
Білімді ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту мәселелерін шешуде Қазақстанда Г.К.Нургалиева, С.С.Құнанбаева, Б.Б.Баймұханов, Е.У.Медеуов, Д.М.Жүсібалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, В.В.Гриншкун, Е.А.Нәбиев, Ж.К.Нұрбекова, А.Т.Шәкілікова, С.С.Үсенов, Г.Б.Ахметова, А.И.Тәжіғұлова, Ж.М.Тусубаева және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, келесі шетел ғалымдарының Дейкстра, П. Деннинг, Д.Коллинс, Д.Кнут, С. Пейперт, Б.Хантер, И.В. Вострокнутов, С.Г. Григорьев, В.П.Демкин, С.А.Жданов, А.Ю.Кравцова, Г.А. Краснова, В.В. Лукин, Е.С.Полат, И.В. Роберт, И.Н.Скопин, О.Г.Смолянинова, А.Н.Тихонов, И.И.Трубина, С.А.Щенников және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Қашықтықтан оқыту табысты жұмыс істеуі үшін ең алдымен ақпараттандырылған қоғамның белгілі деңгейі қажет.
Қашықтықтан оқыту бойынша келесі білім қызметтері ұйымдастырылған болуы керек:
Дайындық курстары;
Білімді алу;
Кәсіби білімді жоғарылату және жалғастыру;
Сертификацияланған бағдарламалар;
Тарсырыс бойынша жасалған шарттық бағдарламалар.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің потенциалды тұтынушылары келесілер болып табылады:
жоғары оқу орны орталықтары аймақтан қашықтықта орналасқан, адамдар;
екінші жоғары білім алғысы келген немесе жаңа білімді игергісі келген және өз квалификациясын жоғарылатқысы келген тұлғалар;
абитуриенттер;
физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар;
шетелдік оқу орындарында білім алғысы келетін адамдар;
қысқа уақыт ішінде білім бағдарламаларын игеруге ұмтылыс жасайтын адамдар.
Тұтынушылар, яғни тыңдаушылар(қосымша білім алу) мен білім алушылар(мамандықтарды дайындау бағдарламасы бойынша білім алу) ролін атқарады. Тұтынушылар компьютермен және Интернет желісінде жұмыс жасай білуі қажет.
Қашықтықтан оқыту формасында білім процесін ұйымдастыру үшін келесі мамандар болуы қажет:
курсты өңдеуші-мұғалімдер және мұғалім-кеңесшілер(тьюторлар);
ақпараттық ресурстың жүйелік администраторлары мен құрылымдық бөлімнің администратор-басшылары;
дизайнерлер, бағдарламашылар;
ұжымның техникамен қамтамасыз етілуі.
Қазіргі таңда оқушылардың әртүрлі білімдерін көтеру және оқушымен тұрақты байланыс орнату мақсатында жасалған интернет ресурстар мен құралдар жеткілікті. Олардың көпшілігі семинарларда, конференцияларда айтылып, көрсетіліп жүр. Дегенмен бұл ресурстардың басым көпшілігі математикаға бейімделмеген (неге десеңіз, математиканың басқа пәндерден өзіндік ерекшеліктері бар: формула енгізу, графигін салу, т.б.). Соның салдарынан математика сабақтарының көпшілігі дәстүрлі сабақ (оқушылар үшін қызықсыз болуының бір себебі) болып қалып қоюына тікелей әсер етіп отыр. Білім берудегі 5 күндік жүйе оқушының үйден өздігінен сабаққа дайындалуға қажеттілігін туғызып отыр. Әрине үй тапсырмасын көлемді етіп бере салу – мұның шешімі бола алмайды. Әр оқушымен жеке байланыс орнатып, өз деңгейіне сай тақырыптық сұрақтар дайындау, сонымен қатар, әр орындалған тапсырмаға кері байланыс беру мұғалім міндетіне жүктеліп отыр[2].
Қашықтықтан оқу бойынша орта мектеп мұғалімдеріне барлық нормативтік құжаттар (Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулықтар) уақатылы жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары WhatsApp чаттары, телефон байланысы арқылы жүргізілуде[3].