Мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет14/28
Дата18.05.2022
өлшемі0,92 Mb.
#34957
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Орта мектепте кашыктыктан окыту

Компоненттері

Өлшемдері



Көрсеткіштері

Мотивациялық-еріктік компонент



Тұлғаның оқу қызметін қажетсінуі мен оқу қызметтік іс-әрекетке ынтасы

- оқу қызметтің тұлғалық-құндылық маңызын түсінуі;
- өмірде өз орнын табуға деген құлшынысы;
- өз мүмкіндіктерін тануға, жетілдіруге деген ұмтылысы;
- белгіленген кезеңде атқаратын іс-әрекетке ынтасы, өзгермелі өмірге
икемделуге деген құлшынысы;
- жаңа ақпарат ағымын үздіксіз меңгеруге деген талпынысы;
- «ақпарат-білім-ақпарат» жүйесінде өзінің оқу қызметін жетілдіруге қабілеттілігі.

Мазмұндылық компонент

Жүйелілік, біртұтастық, игерілген білімнің тереңдігі



- пәндік білімді оқу қызметтік іс-әрекетте тұрақты және жүйелі қолдануы;
- оқу қызметті шығармашылық тұрғыда меңгеруі;
- оқу қызметті дамытудың тәсілдерін меңгеруі;
- оқу қызметті жүзеге асырудың тәсілі мен мазмұнын түсінуі.

Әрекетті-тәжірибелік компонент

Оқу қызметі негіздерін игеруі және оны тәжірибеде қолдана білуі, құзыреттілік деңгейінің қалыптасуы



- өз бетінше оқу қызметті жүзеге асыруы;
- оқу қызметтік жағдаяттарға талдау жасай білуі;
- оқу қызметтік іс-әрекетті атқару барысында дәстүрлі емес шешімдер қабылдауы;
- оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастыру бағытында туындаған жағдаяттарды өз бетінше шеше білуі;
- оқу қызметтік іс-әрекетті жоспарлауы және оны тиімді ұйымдастыру жолдарын таба білуі.

Бақылау-бағалау компоненті

Оқу қызметтік іс-әрекетті рефлексиялау қабілетінің дамуы



- оқу қызметтік іс-әрекетті обьективті бағалай білуі;
- оқу қызметтік іс-әрекеттің маңызды сипаттамасы ретінде өзін өзі бақылау мен бағалау дағдыларын меңгеруі;
- оқу қызметтік іс-әрекетке талдау жасай білуі; рефлексия;
- оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастыруда жіберілген кемшіліктерді анықтауы және түзету енгізуі.

Оқушылардың өзіндік оқу қызметтік іс-әрекетін басқаруы қашықтықтан оқытуда маңызды роль атқарды.
Мектепте қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың басты міндеттері мынадай мәселелерді анықтауды қамтыды:
- мектепте қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін;
- қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметтік іс-әрекеттерін қалыптасуына әсер етуші факторлар мен дидактикалық шарттарын;
- қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың деңгейлерін;
- мектепте қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудыңдың мазмұнын, әдістемелік бағыттарын.
Тәжірибелік сынақтан өткізілетін модельдің негізін оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың төмендегі теориялық негіздері құрайды:
1) оқушының кіріктірілген-тұлғалық сапасы ретінде оқу қызметтік іс-әрекетінің қалыптасуының жүйелілігін қамтамасыз ететін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезеңдері;
2) эксперименттің әр кезеңінде шешілетін міндеттердің нақтылығы;
3) жоғары мектеп жағдайында қашықтықтан оқытуда оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастыруда жобаланатын және жүзеге асырылатын механизмдер мен білімге негізделген арнайы пәндік мазмұн;
4) қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру жүйесін жүзеге асыруға бағытталған кезең-кезеңмен күрделенетін пәндік міндеттер жүйесі;
5) кәсіби-тұлғалық қалыптасудың әр кезеңінде оқушылардың оқу қызметтік іс-әрекетінің қалыптасу деңгейін мазмұндық нақты өлшеуге мүмкіндік беретін бақылау жұмыстары мен тәжірибелік тапсырмалар жүйесі.
Экспериментальды тексеру үшін база педагогикалық практика өткен Талдықорған қаласы « INNOVERSE » ЖШС мекемесі алынды.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы педагогикалық эксперименті кезеңінде зерттеу базалары бойынша эксперимент және бақылау топтары таңдалып алынды: 32 оқушылардан тұратын алғашқы топты – эксперименттік, 28 оқушылардан тұратын екінші топты – бақыланушы топ ретінде белгіледік. Эксперименттік жұмыстарға қатысатын мұғалңмдер таңдалып, оларға зерттеу мәселесіне байланысты арнайы дайындалған бағдарламалар мен әдістемелер негізінде ғылыми семинарлар өткізілді.
Эксперименттік жұмыстар бойынша алғашқы бақылау оқу қызметтік іс-әрекеттің қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында жүргізілді. Мектепте оқушылардың оқу қызметтік іс-әрекетіне қашықтықтан оқытудың әсері, оқушылардың аталған бағыттағы теориялық білімдері мен жеке мүмкіндіктері зерттелінді.
Осы мақсатқа сай төмендегі көрсеткіштерді қамтитын тест, тапсырмалар жүйесі негізінде эксперимент жұмыстары жүргізілді:
1) «оқу қызметтік іс-әрекет» ұғымының мәні мен мазмұны туралы түсінік;
2) өзін-өзі, оқу қызметтік сапаларын анықтауы;
3) оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді түсіне білуі.
Анықтаушы эксперименттің екінші сатысында оқушыларға жоғары математика курсы бойынша бақылау сұрақтары берілді.
Тәжірибелік эксперимент жұмысын талдау - зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп, мектеп қашықтықтан оқыту жүйесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудыңға арнайы жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін көрсетті. Сонымен бірге оқушылардың интерактивті семинар сабақтарында жауап беруі, қосымша әдебиеттер пайдалануы, эссе жазуда жауапкершіліктің пайда болуы, кәсіптік қызметке қызығушылығы, тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу, талдау мен тұжырым жасауға деген ынта, кез-келген ситуацияларда жол таба білуі сияқты қасиеттер пайда болды.
Зерттеу нәтижелері бойынша оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастыру мотивтері төмендегідей
1. Оқу қызметтік іс-әрекетке қанағаттану.
2. Оқу қызметтік іс-әрекетке ынталану.
3. Оқу қызметтік шығармашылық таныту.
4. Өз бетінше жұмысқа бейімділік.
5. Өзара түсіністік таныту.
6. Оқу қызметтік іс-әрекеттің қоғамдық маңыздылығын түсіну.
7. Оқу қызметтік іс-әрекет барысында өзін өзі таныту.
8. Оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастыру арқылы материалдық құқықтарға қол жеткізу.
Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін оқушылардың тәжірибелік және өз бетінше жұмысы негізінде оқу қызметін ұйымдастыруға бағытталған «Қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру негіздері» ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты – мектепте оқушыларына «оқу қызметтік іс-әрекет» ұғымының мазмұнын, теориялық негіздерін ұғындыру, қашықтықтан оқыту арқылы оқу қызметін ұйымдастыру мүмкіндіктерін таныту, әдістерін жетілдіру. Курс негізінде оқушытерді оқу қызметін ұйымдастырудыңдың мазмұндық компоненті «оқу қызметтік іс-әрекет», «қашықтықтан оқыту» ұғымдарын қалыптастыру арқылы жүргізілді.
Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
1) интернет жүйесіндегі шығармашылық жұмыстар;
2) білім мен оқу қызметтік іс-әрекетке деген қажеттілікті оқушылардың сұранысын анықтау;
3) оқушылардың пікірін жинақтау;
4) экспериментке қатысушы оқушыларға тренингтер өткізу.

2 - Кесте - Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңінің нәтижесі %



Компоненттер

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Мотивациялық-еріктік

жоғары
орташа
төмен

19,4
41,4
39,2

29,3
49,2
21,5

Мазмұндық

жоғары
орташа
төмен

24,3
41,3
34,4

39,7
62,0
22,3

Әрекеттік
тәжірибелік

жоғары
орташа
төмен

17,6
32,2
50,2

25,9
45,0
29,1

Бақылау-бағалық



жоғары
орташа
төмен

23,7
40,2
36,1

31,3
45,2
23,5




4-сурет - Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезең нәтижесі %


Зерттеу барысында жасалған теориялық қағидалар мен тұжырымдар, қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың үлгісі негізіндегі тәжірибелік зерттеулер алынған нәтижелердің дәйектілігін көрсетеді және мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:


1. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың туралы отандық, әлемдік философиялық көзқарастармен педагогикалық-психологиялық еңбектерді талдау нәтижесінде оқу қызметтік іс-әрекет оқушытің жан-жақты жетілген интеллектуалдық жеке тұлға болып қалыптасуына, қазіргі ғаламдану жағдайына сәйкес, жаңа қоғамға бейімделген жеке тұлғаға деген сұраныс бұл мәселелердің көкейкестілігін бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі айқындалды.
2. Зерттеу проблемамызға байланысты қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың принциптері анықталып, оқу қызметтік іс-әрекет мазмұны мен оқытудың шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда пәнаралық интеграциялық байланыстарды жүзеге асыру арқылы оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастырудың мәні мен маңызы көрсетілді.
4. Қазіргі қоғамның түрлі салаларының әлемдік даму деңгейіне жасалынып жатқан талпыныстары тек қана оқу қызметтік іс-әрекеттер арқылы ғана жүзеге асатындығын дәлелденіп, қашықтықтан оқытуда оқушытердің оқу қызметін ұйымдастырудың – оқыту үдерісін оңтайлы ұйымдастырудың және нәтижелі жұмыс істеудің шарты екендігі дәйектелді.
5. Оқушылардың оқу қызметтік іс-әрекеті – жеке тұлғасының қалыптасуының маңызды көрсеткіші және оқу қызметін ұйымдастыруда: мотивациялық-еріктік, мазмұндық, іс-әрекеттік-тәжірибелік және бақылау-бағалау компоненттерді бір арнаға біріктіру қажеттілігі дәлелденді.
6. Оқушылардың ғылыми білімдерін қалыптастыру, оқу қызметтік белсенділігін, құндылық бағдарын дамытып, жан-жақты жетілген интеллектуалды жеке тұлға болып қалыптасуына қашықтықтан оқытуда оқушытердің оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемесінің тиімділігі анықталды.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудыңда бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
- білім беру мазмұнының түбегейлі жаңарып, қоғам талаптарына сай ақпараттық білім кеңістігін құру және оның мазмұнын оқу қызметтік-тағылымдық, шығармашылық, интеллектуалдық денгейлер арқылы толықтыру әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді;
- қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметтік іс-әрекеттерін қалыптас-тыруда оқу жұмысын жүйелі, мақсатты, кешенді жетілдіру және осы бағытта ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттер шығару;
- еліміздің мектепте қашықтықтан оқыту жүйесі құралдары ретінде телекоммуникациялық технологиялар мен қашықтықтан оқытудың желілік моделін қолданған тиімді;
- коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтан оқыту жүйесіндегі «білім берудің ақпараттық ортасын» құру, қашықтықтан оқыту үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, яғни пән материалдарын игертуге арналған электронды оқулықтар жиынтығынан мектептің электронды кітапханасын құру, ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды құру қажет;
- оқушылардың білімін жетілдіру мектепте қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың бағытындағы атты арнайы курстар мен семинарлар енгізу.
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған проблема толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте қашықтықтан оқыту негізінде оқушытердің оқу қызметтік ізденімпаздық іс-әрекеттері; шығармашылық ынтасы; қашықтықтан оқытуда оқушытердің педагогикалық шығармашылық әлеуетін жетілдіру мәселелері т.б. дербес зерттеуді қажет етеді[22-23].

2.2 Орта мектептің 5-7 сыныптарында математиканы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және оны жүргізуде тиімді тәсілдері


Орта мектептің 5-7 сыныптарында математика пәнін қашықтықтан оқытудағы әдіс - тәсілдер:


Қолданылатын құрал жабдықтар: смарт телефондар, компьютер, ноутбук, планшет. Электронды оқулықтар, интернет желісі, әрине қалам дәптерлер.
Оқушылардың мүмкіндігін ескеру:
Электронды почта- Барлық мұғалімдермен шәкірттердің ақпарат алмасуға болатын тамаша жүйе.
Zoom- қосымшасын телефон, ноудбук , конпьютерге жүткеп алу арқылы қолданады. Бұл видео конференция жүргізуге ыңғайлы платформа.
Telegram –чат өте ыңғайлы телефон жадысын толтырмайды, фото видео сапаларының сақталуы жақсы, көптеген артықшылықтары бар қосымша.
Google classroom- жазбаша тапсырма алмасуға өте ыңғайлы платформа. Бірнеше мұғалім бірігіп жасауға болатын, бірнеше функциялары біріктірілген ұтымды платформа.
WhatsApp – топ құрылуы керек. Сұрақ жауап алмасып, онлайын режимді сабақтарды уақытында белгілеуге , дискуссия жасап, бір шешімге келуге, топпен пікір талас жасауға ыңғайлы жүйе.
Instagram мен Facebook – парақшаларына каментария қалдыру немесе тікелей эфирге шығуға қолайлы жүйелер.
Әр оқытушы өзінің білім алушыларына қандай платформада жұмыс жасау ыңғайлы екенін таңдап алған дұрыс. Сол кезде ғана ол өзінің жұмысын жоспарлы түрде іске асыра алады.
Математика сабағын дәстүрлі емес әрі қашықтықтан оқыту оңай жұмыс емес екенін барлығымыз жақсы білеміз. Дегенмен стандартты орындау, оқушыға сапалы білім беруге міндеттіміз.
Математика сабағын түсіндіру үшін әр мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда. Бірі слайд жасап түсіндірсе екіншісі WhatsApp желісі арқылы видео, аудио жіберіп жатты. Ал кейбірі білімланд платформасындағы дайын тапсырмаларды берсе тағы біреулер телесабақтармен маршуттық парақтармен жұмыс жасап жатты. Әрине бұл платформалардың барлығын қолдана отырып оқушылардың білімін арттыру үшінгі жасаған ұстаздардың еңбегі ерен. Дегенмен оқушылар өз ұстаздарының бет бейнесін көріп дауысын есту оларға басқаша әсер қалдыратыны сөзсіз. Сондықтан сабақ барысында жаңа тақырыптың тақырыбын ашу үшін Қараевтің модульдік технологиясын қолданып трек сызба бойынша модуль жасап тақырыпты ашуға әрекет ету. Ол үшін тақырыпты ашатын бірнеше сұрақтар қою, сол сұрақтарға жауаптар табу арқылы жаңа сабақтарды талдауға болады[34].
Idroo бағдарламасы: Бұл бағдарламада көптеген функиялар бар. Математикалық клеткалы парақ ашылады сол жерге кәдімгідей дәптерге жазғандай жазып, сызып тікелей жаңа сабақты үйретуге болады. Барлық онлайын түрде көрініп тұрады. Бұл бағдарламамен алдын ала үйрететін сабақты жазып ссылка жасап қоюға болады.
Тапсырмаларды орындату үшінгі қолданылатын әдіс –тәсілдерін жүзеге асыру бағдарламалары:
Kahoot бағдарламасы –бұл сабақты бекітуге, білімді тиянақтауға қолдануға болады. Бұл жерде бірнеше тест тапсырмасы беріледі оқушыларға жеке код арқылы кіреді кім қанша тест жасады яғни сабақты қаншалықты түсінген түсінбегенін көретін анализ бөліміне қарап біле алатындығымен ерекшеленеді.
Quizizz.com бағдарламасы-бұл бағдарламамен тест тапсырмаларды орындатуға болады. Бұл сабақты қорытындылауға қолдануға болады. Яғни бірнеше дұрыс жауабы бар тестмен жұмыс жасауға болады.
Simpoll бағдарламасы – Бұл бағдарлама бойынша жиынтық бағалау, немесе тоқсандық жиындық бағалау жұмыстарын жүзеге асыруға болады[35].
Әр оқушыға кері байланыс жасауға болады. Әр түрлі критерийлерге қарай бағалауға болады.

    • Оқушыларға кері байланыс жасау үшінгі қолдануға қажетті смайликтерді жасау.

Смартфон телефондағы дайын смайликтерден басқа өзіңнің бет бейнеңмен әр түрлі смайликті өз қалауыңша жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама.
Математика сабағын қашықтықтан оқытуда тиімді әрі қол жетімді бағдарламаларды қолданып, оқушылармен дер кезінде кері байланыс жасап отыру дұрыс деп санаймын.
Қашықтықтан оқыту мен оқу үшінгі платформалар мен бағдарламалар оқытушылармен оқушылардың техникалық, ақпараттық құзыреттілігін арттырды.
Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мен мұғалім алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау[36].
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосу
Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл – тіптен жаңа формат. «Балапан», «Ел Арна»,«Қазақстан» телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды[37].
Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.
2. Төтенше жағдай кезінде біз қашықтықтан қалай оқытамыз. Платформаларды білу және тиімдісін пайдалану. Тапсырма қалай берілуі керек. Баланың жасына сай, шағын, бірақ қызығушылығын төмендететін өте жеңіл болмауы керек. Оқушыға қойылатын талаптар азайғанымен жауапкершілік төмендемеуі керек. Әр мұғалім өзінің шәкіртінгің әлеуметтік жағдайын және интелектуалдық деңгейін білуі шарт. Кейде оқушы шамасы келіп тұрған тапсырманың жартысын ғана орындап жібереді. Ондайға жол бермеуіміз керек. Сонда ғана білімнің сапасын жоғалтпаймыз. Бұл өте маңызды. Білімленд, Дарын онлайн, Опрig.kzkz платформаларындағы электронды мәліметтерді лайықтап беру.
3. Нені ескеруіміз керек: Әр мұғалім оқушылардың ғана алдында тұрмағанын әрдайым естен шығармау керек. Өйткені әр тапсырманы оқушы ата-ана, туған туыстарымен бірге талқылайды. Соған байланысты мұғалім сабағын мұқият дайындауы керек. Кейбір жағдайда оқушыдан гөрі ата-аналардың абыржуы мен жоқтан кінә іздеуі орын алады. Сондықтан мұғалімнің ата-аналармен ынтымағы күшейіп, байланысы артуы керек. Оқушының үйінде жұмыс орны өзіне қолайлы жерде ұйымдастырылуы қажет. Оқушы үйінде жұмыс режімін сақтауы маңызды. Мысалы оқушы уақытымен оянып, уақытымен тамақтануы,бір пәннен тапсырманы орындап болғаннан соң 10 минутқа үзіліс жасауы, белсенді дем алуы сияқты қажеттіліктерді ата-аналары мұқият қадағалауы керек. Ал оқу қызметтік телеарналарды жібермей қарау шарт[38].
Қорыта келгенде, математиканы қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеді оқытушы оқушының жұмыстарын, жеке қызығушыларын ескереді. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтан оқыту кезінде интервативтіліктің жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауда үнемі кері байланыс жасалынып отыру тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет