Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қашықтықтан оқыту (ҚО) – оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен білім алушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Дипломдық жұмыстың объектісі және пәні. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісін қашықтықтан оқыту технологиясының теориялық және әдістемелік негіздері құрайды. Дипломдық жұмыстың нақты зерттеу пәнін қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері сипаттамасы айқындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Орта мектептің қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктерін айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
қашықтықтан оқытудағы маңызы және рөлін қарастырып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың технологияларын оқып талдау;
мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері және оны жүргізуде тиімді құралды таңдау;
мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың мәні мен мазмұнын теориялық негіздеу;
қашықтықтан оқыту жағдайында математиканы оқытудың ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу нысаны – орта мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні – орта мектепте қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану оқушылардың білім сапасының артуына әсері.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы.Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс каналдары қашықтықтан оқыту формасының материалдық негізі болып табылады. Қашықтықтан оқыту формасының бағдарламалық жабдықтамасы глобальды желі серверлерінде орнатылады. Бағдарламалық-ақпараттық жинақты басқаша – қашықтықтан оқыту қабықшасы деп атайды. Қабықшаның желілік адресі портал деп аталады. Бұл атау веб-жүйелерді қолданушылар негізінде желіде қалыптастырылды. Білім порталы бос қатысуды емес, күнделікті жұмыс пен авторизацияны талап етеді: форум немесе чатта электронды семинарларға қатысу, электронды пошта бойынша тьютор кеңестерін және тапсырмаларын алу, тест тапсыру.
Бағдарламалық, коммуникациялық, ақпараттық, административтік және педагогикалық құралдардан құралған барлық жинақ - ақпараттық-білім ортасы деп аталады. Және де осы орта виртуальды оқу орны болып табылады.