Мектептегі білім беруді



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#6066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Cабақ: № 1

Мектеп: №5

Күні: 

Мұғалімнің есімі: Дүйсенова Ш.Д

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны:

Сабақ негізделген оқу 

мақсаты (мақсаттары)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Фариза Оңғарсынованың өмірімен, шығармашылығымен тереңірек 

танысады. Өлеңнің мазмұнын, идеясын ұғынады. 

Оқушылар өз бетімен оқып, шығармашылық дағдылары қалыптасады.

Оқушылардың   басым   бөлігі:  Ынтымақтастық   атмосферасын   құрады.   Топпен   жұмыс

жасауға дағдыланады.



Кейбір оқушылар:  Топ ішінде өз-өзін бағалауды үйренеді.Сабақ үстінде ауызша  сыни

көзбен қарауға дағдыланады.



Топтастыру стратегиясы  Оқулықтан оқып, жұппен, топпен талқылайды, сұрақтардың

жауабын айтады.Ашық сұрақтар



Тілдік мақсат

Оқушылар: Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай

алады, ой қорытуды үйренеді.



Негізгі сөздер мен тіркестер: ұлттық  ою  - өрнек,  түрлері,  өлең  мазмұны, әже

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  өлеңді   мәнерлеп оқу

және   сатылай  кешенді талдау, сөздік,ою   түрлері



Талқылауға   арналған   тармақтар:   Неге   өлең     «әжеге»     деп   аталмаған?   Сен     ақын

7


орнында   болсаң тақырып   өзгертер   ме  едің?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Өз ойларынан мәтін құрап үйрену.

Алдыңғы оқу

Тұманбай  Молдағалиев «Бауырлар»  жаттау 

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, 

ескертпелерді  жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 3 минут

Ортасы

30 минут


Қызығушылығын

ояту.


Мағынаны 

ашу сатысы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

1. «Шаттық шеңбері» оқушыларды шеңберге тұрғызып бір-біріне жылы 

сезім білдіру.



2. Топқа бөлу

Жыл мезгілдерін таңдай  отырып,  3 топқа бөлу. Топ  ережесімен таныстыру.

3.«Кубизим» стратегиясы

Өткен сабақты «Кубизим» әдісі арқылы тексеремін. Оқушы кубикті 

айналдырып тастайды (кубиктің жан жағына сандар жазылған) қай сан түссе,

сол санды карточканы алып сұраққа жауап береді. Оқушылардың жауабын 

алдын ала дайындалған «Бағалау парағына» қойып беремін.

Үлестірме қағаздарға жазылған сұрақтар.

1. Т. Молдағалиев қай жылы туылған? Өлең кімдерге арналған?

2. Ақынның «Бауырлар» өлеңі қашан және неге байланысты жазылған?

3. Өлеңдегі патриоттық сезіммен, ақынның тамаша ойын танытатын өлең 

жолдарынан үзінді оқып бер.

4. Ақын қандас бауырларға қандай өтініш, тілек білдіреді?

5.Өлең неше  шумақ  ,неше  тармақтан  құралған?Ұйқас  түрі  қандай ?

6. Ақынның ең алғашқы жыр жинағықалай аталады? 

4. «Болжау» стратегиясы

 Жаңа сабаққа кіріспес бұрын үнтаспа арқылы М.Мақатаевтың сөзіне 

жазылған Ә. Тінәлиевтің «Фаризажан » әнінен үзінді беріледі. Балалар, бұл 

әнде кім туралы айтылады? Дұрыс айтасыңдар қазақтың ақын қызы, 

халқымыздың мақтанышы Фариза апайымыз жайлы. Ұлы тұлғалардың бірі, 

ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын», - деуіне қарап тұлпарды тұлпардың 

танитынына, сұңқардың сұңқармен қанаттас болатынына көз 

жеткіземіз.Ендеше, сабағымыз да Фариза апайымыздың шығармашылығына 

арналмақ.  Мен сендерге бір жұмбақ жасырмақпын, егер де жұмбақты дұрыс 

шешсек бүгінгі өтетін Фариза апайымыздың өлеңінің аты да шығады.

 Жұмбақ: Әжемнің көзіндей ,

 Ажары мен сәніндей,

 Әшекейінде киімнің,

 Жиһазында үйімнің,

 Ғасырдан-ғасырға жеткен,

 Керемет бұл неткен?!

/Шешуі: ою/

Әрине, ою. Ал енді дәптерімізді алып, күн реті  мен тақырыпты жазып 

қоялық.


5.  Оқушылар интерактивті тақтадан«Ақын туралы бір үзік ой»тақырыбымен 

берілген мәтінмен танысады:

1- топҚазақтың ұлттық қолөнерінің бір түрі -оюларды өз өлеңіне арқау еткен 

қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өлкесінде 

дүниеге келген. Ақынның нәзік те сыршыл, жігерлі өлеңдері туған 

жерге,табиғатқа, туған халқына деген сүйіспеншілікке толы. Жас ұрпақты 

адамгершілікке, имандылыққа, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білу 

қасиеттеріне тәрбиелейді.

2- топ 

1961 жылы



 

 Гурьев мемлекеттік педагогикалық 

институтының

тіл-әдебиет факультетін бітіріп,Балықшы 

ауданыныңЕркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде 

мұғалім болып жұмыс істеген.

1966–1968жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия 

тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970жж. республикалық «Лениншіл жас»(қазіргі «Жас алаш») 

газетініңАқтөбе,Гурьев,Орал облыстарыбойынша меншікті тілшісі болып 

еңбек еткен. 1970–1978жж. республикалық «Қазақстан пионері»(қазіргі 

«Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер»(қазіргі 

«Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 2000–2004жж. 

ҚРмәжілісінің депутаты болды. 2014 жылдың23 қаңтаркүніАстана 

қаласындаұзақ сырқаттан дүниеден өтті

Оқулық Қазақ 

әдебиеті Алматы , 

«Атамұра» 2015  

Үлестірмелер, 

бағалау 


парақшалары, 

смайликтер, 

кестелер, АКТ

АКТ


«Кубизм»

стратегиясы

«Үш  шапалақ»  әдісі 

формативті бағалау

«Болжау»  

стратегиясы

Ынталандыру, 

смайликтер арқылы.

«Сөздер  сыры» әдісі

8


3- топ Әдеби шығармашылығы

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық 

көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. 

«Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім»,

«Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», 

«Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау 

монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған.ЧилиақыныПабло 

Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың 

«Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы 

перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың,

араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне 

аударған.

1984 жылы«Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция 

және мен» өлеңдері топтамалары үшінҚазақ КСР Мемлекеттік 

сыйлығыныңлауреаты атанды.

6. Хронологиялық кесте

Жылы  


Болған  оқиға

2002-2004жж

Атырауда  дүниеге келді

2014ж


Алматыда дүниеден  озды

1966ж


«Сандуғаш»тұңғышжинағы

1939ж


«Лениншіл жас » газеті тілшісі

1968-1970

ҚР мәжіліс депутаты

7. «Оюлар сырына үңілсек...» айдары.

Мұғалім сөзі:

 - Ою- өрнектің бір түрі. Қазақ тілінде «ою» сөзі «өрнек» сөзімен бірге қос 

сөз түрінде айтылады.Латынша – «орнамент». «Орнамент»-көп елдің тіліне 

енген халықаралық термин. Мағынасы-сәндеу,әсемдеу. Осы 

сәндеу,әсемдеудің бір түрі-жан-жануарлар мен өсімдік 

белгілері,геометриялық фигуралар сияқты элементтердің үнемі қайталанып, 

симметриялы орналасқан құрылымы. Ою затты ою, тілу,  қию тәсілдері 

арқылы жүзеге асады. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын, сырмақ, 

текемет, көрпеше, сандық,кебеже,жүкаяқ беттерін,сондай-ақ киім-

кешектерді,т.б.безендіруде қолданылады/интерактивті тақтадан слайд 

көрсетіледі/.

8. Өлеңді мәнерлеп оқып бергеннен кейін оқушыларға оқыту әр топтан бір 

оқушы шығып оқиды.

Оюлар


Түрін - ай текеметтің! Асыл қандай?

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

“Келе ғой, қошақаным, өзіме!” - деп,

Әжем кеп сипағандай шашыма жай.

Күйімді кешсеңдер - ау сол беттегі.

Тұрғандай ана – көңіл тербеп мені.

Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан,

Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

Аңсаумен күнім өтті қанша менің,

Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.

Әжемнің көзіндей бұл оюларды,

Таба алмай дала кезіп шаршап едім.

Елестеп көз алдымда сән шақтарым,

Келгендей құлағыма аңсатқан үн.

Түрінен текеметтің көріп тұрмын,

Әжемнің тарамысты саусақтарын...

9. «Сөздер сыры» әдісі

Мәтіннің мазмұнын толық түсіну үшін кейбір сөздердің лексикалық 

мағынасына тоқталу қажет.

Қошқармүйіз – қазақтың оюының бір түрі

Желбау– киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан 

төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

Басқұр– киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелердің басынайналдыра орап 

таңатын өрнектелген жалпақ бау.

Текемет– оюланып, киізден жасалған кілем.

Тарамысты– еті қашқан, арықтаған.

Аяқталуы


10. «Жуан, жіңішке сұрақтар» әдісі

9


10 минут.

I топ.

А) Өлеңді оқығанда көз алдарыңа қандай сурет келеді?



/Оқушы жауабы: қазақтың оюлары. Текемет басқан, ою ойған әжелер бейнесі/

Ә) Ақын ою мен әжесін неге бір – біріне байланысты алып отыр?



II топ.

А) Ақын өлеңін неге “Әжелер” деп алмаған? Ақын өлеңіндегі әжесі кім?

Ә) Өлеңнен ақынның қандай көңіл күйі, сезімі байқалады? Оны қай жолдардан 

байқадыңдар?



/Оқушы жауабы: ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік, ауылы алыста қалған балалық 

шаққа деген сағыныш/



III топ.

А) Сонымен бірге өлең шумақтарынан ақынды мазалаған бір ойды да аңғарғандаймыз. 

Қандай ой ойлайсыңдар?

/Оқушы жауабы: «әжелеріміздің көзіндей боп,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық 

қолөнеріміз-оюларды бүгінгі ұрпақ қадірін білмей, жоғалтып алмай ма?» деген қауіп/.

Ә) Өлеңнен қандай әсер алдыңдар?

11. Талдау

Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау

Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!

Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.

«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,

Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай. 

4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.

Бүгін сабақта қай сұрақ саған оңай болды?

Қай сұрақ ойландырды?

Қандай сұрақ қиын болды?

Сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын стикерлерге түсіріп, білім ағашына іледі.

Мұғалімнің жеке оқушыларды бағалауы



Жиналған балл саны

Баға

10-12

«5»

7-9

«4»

5-6

«3»

0-4

«2»

Топтағы үздік оқушыны және сыныптағы үздік оқушыны анықтайды.

«Жуан, жіңішке

сұрақтар     »

әдісі


«Екі   жұлдыз,

бір тілек»



Қосымша ақпарат  2 минут.Келесі оқылымҮйге: “Оюлар сөйлей ме?” эссе жазу.

Өлеңді жаттау«Жүректен – жүрекке» тренинг. Мен сендерге алдағы уақытта бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін.

Себебі сендер өте....

                                

БІЛІМ  БЕРУ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН  МЕҢГЕРУ  ЖОЛДАРЫ

Молдабекова К.М. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  Білім  беру  жүйесі- қызығы мен  қиындығы  күрделі сала. Бүгінгі жас  ұрпаққа  жан-жақты  білім

беру   тәрбиелеу- әрбір   ұстаздың   оқу   тәрбие   үрдісіндегі   басты     міндеті.   Кейбір   мұғалімдер

сабақтың  жаңа  түрін  пайдаланса, кейбіреулері   жаңашыл  мұғалімдердің  тәжірибесін  қолданады.

Қандай  әдісті  пайдаланса  да,  мақсат  бағдарламадағы  материалдың  мазмұнын  шәкірт  бойына

сіңіру. Бүгінгі  таңда  жан-жақты  талантты, білімді, дарынды  дамын  қалыптастыру  бағытындағы

білім   беру    күн     талабы.   Осы     тұрғыда     бүгінгі     күнде     мұғалімдерге     білім     берудің     тиімді

жолдарын қалыптастыру,  өзі  таңдай  білу  еркіндігі  тиіп  отыр.  Жүсіпбек  Аймауытов : «Сабақ

беру  үйреншікті  жай  ғана   шеберлік  емес, ол  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»,- деген екен.

Сондықтан  қазіргі  таңда  жаңа  техналогияны  пән  ерекшелігіне  қарай,  қолдана  білу-оқытудың

мақсатына       жетудің       бірден     бір     жолы.Осы   орайда     кез     келген     техналогиямен     жұмыс

жүргізгенде  сол жаңашылдық   әдісті  пән  мұғалімі  өзі  жақсы  меңгеруі  тиіс.  Бұл  төмендегідей

бағытта  іске  асады:

а) Оқығанын  меңгерту;

ә) Сабақта  қолдану;

б) Шығармашылық  ізденушілік  бағытта  дамыту;

в) Нәтижесі.

Қазір  қолданылып  жүрген  сын  тұрысынан  ойлауды  дамыту  технология  төмендегідей  кезеңдермен    әдіс-тәсілдерді  

қамтиды:

                                                        Сын тұрғысынан  ойлау

                                                                 Кезеңдері

Оқушылардың  қызығушылығын ояту                                      Зерттеу ояту, не білдік?                                                                      

Ойтолғау

10


                                                                                                          Мен  үшін

                                                                                                        жаңалық?

     Мағынаны  тану   Не  білгіміз  келеді? 

                                                                     Әдісі



Топпен     жұмыс:   Вен     диаграммасы,   сұрақ-жауап,     шығармашылық     жұмыс   т.б.     Бұл     сын       тұрғысынан       ойлау

техналогиясының   тағы   бір  ерекшелігі  мұғалім  өзі  көп  сөйлемей  бағыт   беріп  отыруында. Сонымен  қатар,  тілді

практикалық  игеруде   оқытудың   тиімді    техналогиясы  Ж.А.Қараевтың: «Оқытудың  үш өлшемді   әдістемелік   жүйесі»

атты педагогикалық технологиясы   болып  табылады.

Технология  мақсаты:

а) баланың қабілетін  ашу;

ә) шығармашылығын  шыңдау;

б) іздендіру;

в) пәнге  деген   қызығушылығын  арттыру;

г) іздендіру  үрдісін  сақтай  отырып, өздігінен  білім  алып, дами   алатын  жеке   тұлғаны  қалыптастыру;

Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыруда   қойылатын  міндеттер:

а) Оқушылардың   өздігінен  танымдық  іс-әрекетін  дамытуға  бағыттау;

ә) Жеке   тұлғаны   дамыта  отырып, білім  сапасын  арттыру.

        Сабақтың  қызықты  өтуі мұғалімнің  үнемі  іздену,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  қолдануында. Қазіргі   таңда  мұғалім 

иновациялық  техналогияны  қолдануы  да   сабақтың  сапалы, әрі  қызықты  өтуіне  ықпал  етеді. Соған  бір  сабақтың    

үлгісін  ұсынамын, сабақта  сонымен  қатар,  оқушының  мәнерлеп  оқуыту  дағдысын  дамыту   дамыту  жолы  негізге  

алынған.

7-сынып. Әдебиет  сабағы.

 Сабақтың  тақырыбы:  Абай «Қараңғы  түнде  тау  қалғып»



Мақсаты: 1. Тақырып  бойынша   ұл  адамдар  өмірінен  мағлұмат  беру, тақырып  мазмұнын  ашу.

2.Жаңа  сөздерді  меңгерте  отырып, аударма  жасау  дағдысын  меңгерту, сөздік  қорын,  сөйлеу  мәдениетін  дамыту.

3.Достыққа, көрегендікке, сезімталдыққа, туған  жер  табиғатын  аялап, сүюге, қорғауға  баулу.

Сабақтың  типі: аралас  сабақ

Сабақтың   әдіс- тәсілі:  мәтінмен  жұмыс, баяндау  әдісі,  әңгімелеу   әдісі, мәнерлеп  оқу,сұрақ-жауап,  жаңа   оқыту,  

технологияларының  кейбір  элементтерін пайдалану,  сын  тұрғысынан  қарап, ой  қозғау,  іздендіру.



Көрнекілік: кітап  көрмесі, суреттер, тақта, тірек  сөздер, Венн  диаграммасы.

Пәнаралық  байланыс: тарих, орыс  әдебиеті.

                              Сабақтың    барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі. 

II. Үй  тапсырмасын  тексеру.

Дм1 Абай  Құнанбайұлы    туралы   не   білеміз? 

Дм3  Жай  жауаптарын  тыңдау.

III. Жан –жақты білім тексеру кезеңі

Дм4  Абай  өлеңдерінің  тақырыбын  атап,  өлеңдерін  атап  шығу.

 Абай   аудармашы. Ол  А.С  Пушкиннің  М,Ю  Лермонтовтың  И.В  Крыловтың  өлеңдері  мен  мысалдарын  аударған.  

Дм5 Оқушылар  Абай  өлеңдерін  жатқа  оқиды.

Дм6 Абай  ақын,  философ, жазба әдебиетінің  негізін  қалаушы, сазгер. Ол  тек  өлең   жазбай, ән  де  жазған. 

Дм7 Сатаев  Данияр «Желсіз  түнде  жарық  ай»  әнін  орындайды.

IV.  Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Дм8   Тақырыбын  хабарлап,  мақсатын  түсіндіру.

V.    Жаңа  сабақ.

Дм9    Өлеңді  жатқа  мұғалім   мәнерлеп  шығады.

Дм10   Өлеңнің  жазылу  тарихына  тоқталу.

780 жылы    күзде    И.В Гете  «Жолаушының    түнгі    жыры».1840    жылы  М.Ю Лермонтов  Гетенің   осы   өлеңін   үлкен

шеберлікпен  орыс  тіліне   аударды. Ал  жарты  ғасырдан соң 1890 жылы  Абайдың «Қараңғы  түнде  тау  қалғып»  өлеңі

дүниеге  келді. Абай  өлеңді  аударып қана   қойған  жоқ,  оған   әнде  шығарды. 

1983  жыл  Абайдың  туған  жерінде   мәрмәрге  үш  тілде  осы  өлең  жазылып  қойылды.

VI.  Түсінік тексеру кезеңі 

Дм11 Пәнаралық   байланыс. Орыс  тілінде  көмекші  топ  мүшелері М.Ю Лермонтов пен  И.В  Гете  туралы  қысқаша  

мәлімет   береді.

Венн  диаграммасы  бойынша  мәтін  мазмұнын  баяндау.

VII.  Сабақты бекіту

Дм12    Сандарды  сөйлету.

1780, 1840, 1890

Дм13   Өлеңді  орыс  тілінде  оқып, тақтаға   жазып,  көшіріп  алу.

Дм14   Табиғатты  аялап, сүю  керектігін  айтып,  сабақты  бекіту.

VIII.  Үйге тапсырма, білім бағалау

Дм15     Үйге  өлеңді  екі  тілде  жаттау.

Дм16     Білімін  бағалау.

     Сонымен,  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімінің  басты  талабы  сабақтың  сапасын  арттырып, әсіресе,  әдебиет  сабағында

мәнерлеп  оқыту  дағдыларын  дамыту  жұмысын  жүйелі    түрде   жүргізе  алу. Мен  қолданатын  сабақтың  жаңа   түрлері

де  сабақтың  мазмұнына,  мақсатына, жүру  барысына  қарай          дамытпалы  саяхат,  ұжымдық  сынақ, сайыс сабағы т.б

түрімен       өткізіп     келемін.   Оқытудың     сапалы     болатындығы     және   ең     бастысы,       оқушылардың     пәнге     деген

жауапкершілігі,  қызығуы,  өз   бетінше   жұмыс     істеу   ынтасы   оқушының   ізденушілік- шығармашылық, зерттеушілік

11


қабілеттері  артады. Демек, әрбір  жаңашыл  педагог  оқу  үрдісінде,  әдіс –тәсілдерді , әдістемесін  пайдалана  білсе,  сабақ

сапасының  жақсара  түсетіні сөзсіз.



8 –сынып.  Қазақ  тілі. Сын  тұрғысынан  ойлауын  дамыту.

Сабақтың тақырыбыБаяндауыш  түрлері.

Сабақтың  мақсаты: 

1.Баяндауыштың  құрамдық  түрлерін  және  олардың  жасалу  жолдарын  меңгерту.

2.Түрлі  жаттығу  жұмыстары  арқылы  оқушыларды  елжанылық, Отаншылдық  рухта   тәрбиелеу.

3.Оқушыларды  өзіндік ой  айтуға, өз  ойларын  қорғауға, анықтама  ережелер  құрай   білуге   жұмыстандыру.



Сабақтың  түрі: жаңа  материалды  үйрену.

Әдісі: топтық   жұмыс.

Пайдаланылатын  құралдар: компьютер, проектор, магнит тақтасы, маркер.

                                            Сабақтың  барысы:

I. Дм1 Ұйымдастыру  кезеңі:

Дм2  Жаңа  сабақ

Сұрқтар  қойылады: оқушылар тіл  білімінің  салаларына  не  жатады?

Дм3  Экранға  төмендегі  сызба  шығады.

Дм4   Сөйлем  мүшесі  бола  алмайтындар: шылау, одағай, көмекші  етістік, қаратпа  сөздер.

Дм5   Сөйлем  мүшелері  құрамына  қарай:

Бастауыш         Тұрлаулы  мүшелер

Баяндауыш

Анықтауыш

Толықтауыш                 Тұрлаусыз   мүшелер

Пысықтауыш 

Дм6   Сөйлем  мүшелері  құрамына  қарай: дара  мүше, күрделі  мүше  болып  бөлінеді.

Диалог  тыңдалады. Экранға  бір  адам  шығады. Төменде  сызбаның  ортасында  тұрған  адам  сөйлем  тұрып  құрамды  

түсіндіреді.

   VI. Жаңа  сабақта  алған  білімін бекіту.

Дм7   Оқушы  жауабынан  кейін  экранға  дара  және  күрделі  баяндауыштың  толық   ережесі  жазылады. 

Дм8   Дара  және  күрделі  баяндауышқа  арналған  мысалдар  магнит  тақтасында  көрсетіледі.

VII. Сабақты  қорыту.

Дм9   Экраннан  шежіре  атты  мәтіні  оқылады. Оқушылар мәтінді пайдалана  отырып, әр  топтың  балалары  өздеріне  

қажетті  баяндауыштарды  алдындағы  компьютерлерге  жазып  отырады.

1-топ.Дара  баяндауыш.   2-топ.Күрделі  баяндауыш.

3-топ.Тұрақты  сөз  тіркесінен  болған  күрделі  баяндауыш.

4-топ.Негізгі   сөз  және  етістіктен  болған  күрделі  баяндауыш.

Дм10   Тақырып  «Менің  Отаным  тәуелсіз   Қаақстан» Тақырып  бойынша  оқушылар ауызша  мәтін  құрайды. Қалғаны  

баяндауышқа  талдау  жасайды.

Дм11   Өздеріне  түскен  тапсырма  бойынша  ойларын  айтады.

1-топ.  Іс  оқиға  иесімен.    2-топ.Әр  сөйлемді  аяқтаймын.   3-топ.Бастауыш  туралы  толғаныс.

Дм12   Лақтырма  қағазға  жазылады.Мына  сөздер  қай  жерде  кездесетін  баяндауыштар.

Ежелден  ер  деген,

Даңқымыз   шықтығой.

Намысын  бермеген,

Қазағым  мықтығой.

-Еліміздің  гимнінен

Олай  болса, бүгінгі  сабағымызды  гимнмен  аяқтаймыз. Гимн  айтылады.

VIII. Дм13   Бағалау.

Дм14    Үйге  тапсырма.

ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Молдабекова Ж.Қ. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

       Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы –жаңа технология

негіздері болып табылады. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру арқылы, еліміздің

жарқын   болашағына   нұрлы   жол   ашу   болып   табылады.   Елбасы   Н.Ә.Назарбаев   айтқандай,

Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да

мемлекеттік   тілдің   оқытылу   жағдайына   көп   көңіл   бөлініп   отыр.   Осы   тұрғыда   жаңа

технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз. Соңғы жылдары

оқытудың  жаңа  технологиялары  білім  беру саласында  кеңінен қолданылып  келеді. Олардың

ішінде   отандық   әдіскер   ғалымдар   жасақтаған   «Модульдік   оқыту   технологиясы»

(М.Жанпейісова),   «Деңгейлік   тапсырмалар»   (Ж.Қараев),   әсіресе   қазақ   тілі   мен   әдебиеті

сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сыни тұрғысынан ойлау»

М. Мирсеитова т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне

кеңінен ендірілуде.   Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі

таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын.   Мен үшін

әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық

технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымда тақырып бойынша жаңалықтармен

12


таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін

қызық   өтуіне   себеп.   Биылғы   оқу   жылында   біздің   мектептің   алдына   қойып   отырған   әдістемелік   тақырыбы   «Сыни

тұрғысынан ойлау» технологиясымен тікелей байланысты. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты

жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. 

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет