Тұлғаның дамуы– өте күрделі, ұзақ және қарама-қайшылыққа толы процесс. Өйткені тұлғаның дамуы қарама-
қайшылықтар күресінен туындайды. Осы тұрғыдаИ.Г.Песталоции«Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт
тіліндегі оқулықтың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты» -деп ерекше атап көрсеткен. Қазақ
тілі мен әдебиеті пәні сабақтары ұлттық құндылықтарды пайдалану арқылы оқушының ішкі жан дүниесін
демократияландыру идеясын басшылыққа алады. Қазақ тілі барлық білімнің негізі, алғашқы басқышы болғандықтан, тұлға
шығармашылыққа қажетті білімді, дағдыны осы пәндерден игереді.
Ендеше, бүгінгі таңда белең алған жастар арасындағы келеңсіз жайттардан арыламыз десек, ұлттық тәрбиеге баулитын салт-
дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың маңызының тереңде екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы баланы қадір-қасиетін жоймаған
салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және
батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де болады.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын қайталау.
Мақсаты:
а)Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін пысықтау.
ә) Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сынтұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін
пайдалана білуін дамыту. Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылар дүниетанымын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
б)Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың типі: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдісі:топтастыру, көрнекілік, жұмбақтар шешкізу, «Бес жолды өлең», миға шабул.
Сабақтың көрнекілігі:АКТ, «Семантикалық карта»
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Дм1 Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім
–Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір-қасиеттерімізд і арттырар, тіліміздің қыр -сырын танытар, қазір
қазақ тілі сабағы.
Дм2 Сөзжұмбақ шешу.
1. Ата сөзіне мәндес сөз?
2. 32 мен 58 санының қосындысы нешеге тең?
3. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан?
4. 3 пен 2 нің көбейтіндісі?
5. Атақты күйші?
5. Сөздің мағынасын өзгнртетін қосымша?
46
6. Сын есімнің сұрақтары?
7. Адам тыныс алуы үшін қажет?
Дм3 Балалар, өткен сабақта қандай тақырыптар өттік?
- Бұл тақырыптардың жалпы атауы қалай аталады балалар?
- Дұрыс айтасыңдар, сөз таптары деп аталады?
- Ендеше балалар балалар бүгін біз сендермен сөз таптарын қайталап есімізге түсіреміз.
- Біз сөз таптарының нешеуімен таныстық?
- Төртеуімен.
- Олай болса топқа бөлінеміз. Топтастыру стратегиясы
І топ – «Зат есім»
ІІ топ – «Сын есім»
ІІІ топ – «Сан есім»
ІV топ – «Етістік»
Дм4 -Балалар, өз топтарың туралы не білесіңдер?
Әр топтан бір оқушы шығып дәлелдейді, мысал келтіреді.
Дм5 Дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Дм6 Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып жазу.
Әр топ өз топтарына қатысты сөйлемдерді көшіріп жазады.
Зат есім - ........................... білдіретін сөз табы.
Етістік – ............................білдіретін сөз табы.
Сын есім –..........................біліретін сөз табы.
Сан есім -.............................білдіретін сөз табы.
Дм7 2-жаттығу. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
Топтар барлығы бірге орындайды.
....... -адамның аты- жөні
.........-ағаштардың аты
............-гүлдердің аты
.............-өзендердің аты
Енді балалар осы сөздердің ішінде қай сөздер бас әріппен жазылады?
Бұл сөздер зат есімнің қай түріне жатады?
Ал, қалғаны екеуі ол жалпы есім болады.
Балалар, осы сөздерден басқа тағы қандай сөздер бас әріппен жазылады.
Дм8 3-жаттығу.
Бірінші бағанға «А» әрпінен басталатын сөздерді, екінші бағанға «Қ» әрпінен басталатын сөздерді жазу. Тақтамен
жұмыс.
1-топ.
Айбол -ұл баланың есімі
Астана - қаланың аты
2-топ.
Абай– жазушының аты.
Айнұр –қыздың есімі.
3 – топ.
Құлагер- құлынның аты.
Қаратау– таудың аты.
4-топ.
Қырғызыстан– мемлекеттің аты.
Қапшағай – көлдің аты.
Дм9 Сергіту сәті.
Қаз қанатын жаяды,
Ұзын мойнын созады.
Жақын келген баланы,
Шоқып, тістеп алады.
Дм10 4-жаттығу.
Қызыл қар
Аппақ доп
Әдемі түлкі
Қу қыз
Жылы қолғап
1 топ. Сөздерді сәйкестендіріп, сызбамен қосу.
2-топ. Сөйлем құрайды.
3-топ. Сан есімге байланысты мақал айту.
4-топ. «Семантикалық карта»
Дм11 6-жаттығу. Өлеңді оқу . «Қарбыз» тақырыбында..
1 топ: Эссе жазу.
2 топ. «Бес жолды өлең» жазу.
3 топ. Тақпақ, жұмбақ айтады.
4-топ. Сурет салады.
VII. Сабақты қорыту.
Дм12 Әр топқа жұмбақ жасырамын . Сол жұмбақтың шешуіне сөз таптарының бірін қосып айту.
1-т. Судан өнеді, Суда өледі. (тұз) (ащы тұз)
47
2-т. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа) (таза ауа)
3-т. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың (жаңбыр) жауды
4-т. Аяғы жоқ жүреді «Сылқ-сылқ» күледі (су) ақты
VIII. Үйге тапсырма беру, бағалау.
191 бет. 5 –жаттығу.
Балалар сабақ үсітінде жинаған қарыдаштарымен бағаланады.
Қызыл – 5, көк – 4, сары- 3.
Топпен бағалау. Қай топта қызыл түсті қарындаш көп.
«ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ
ДАМЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бастауыш сынып мұғалімі. Ахметова С. Е.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет - ақ. Жаңалықты
меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі
жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту». Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы
былайша айтқанда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын
нақтылы әдістер мен тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
СТО технологиясы дегеніміз –бұл ең алдымен оқушының өз ойы. Яғни оқушыларға өз
беттерімен ойлап, әртүрлі сұрақтарға шешім қабылдауға уақыт беру.
• шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
• үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне
негізделген құрылым. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы оқушыларының кез
келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға
сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған, бірін - бірі
толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен
өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп,
дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушылардың осындай
қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен
жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның шартты ережелерінде яғни, стратегияларында. Стратегия
дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік
түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,
ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен
аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды әр мұғалім өзі тиімді пайдалана алады. Бұл мұғалімнің әдістерді
қолайлы пайдалану шеберлігіне де байланысты. Сто технологиясының мақсаты балалардың келешек өміріне қажет қимыл
әрекеттері яғни жан- жақты ойлау арқылы дұрыс шешім қабылдай алуға үйретеді. Осы СТО технологиясының кезеңдерін
дұрыс орынымен пайдаланған жағдайда мұғалім көптеген жетістіктерге жетеді. Ал мұғалім жетістігі өз оқушысының жаңа
заман талабы бойынша тәрбиеленіп, білім алуы. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: Білім
білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау. Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы
фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы
талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Технология 3 негізгі құрылымнан тұрады
1 – «қызығушылықты ояту»
Оқушы оқытылатын жаңа тақырыпты ашу үшін ойында қалған білімдерін пайдалана отырып болжамдар жасайды.
Ойындағы сұрақтарға жауап іздейді. Бұл бөлімде мынадай іс-әрекеттер оқушы бойынан табылады:
*өздерінде бар білімдеріне сүйену
*жаңа білім алуға деген қызығушылық
*оқыту үшін оқушымен бірлесе отырып сабаққа мақсат құру. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді
ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет
ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар
әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену –оқушының бойынан
белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында
талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам
жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны алдыңғы білімімен ұштастырады.
2- «Мағынаны ашу» Оқушы жаңадан алған білімін алдынғы білімімен ұштастыра отырып ойын одан ары қарай дамытады.
Бұл кезеңді жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай әдіс- тәсілдерді: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу,
48
өзара оқытуды пайдаланады. Осы кезеңде оқушының өздігінен білім алу, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық
іс-әрекетінің дамуы яғни еңбекқорлыққа жетелейді. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді,
тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігі артады.
3 - «Ой толғаныс» Қорытындылау бөлімі. Оқушылар алған білімдерімен алмасады. Алдыңғы кезеңдерде алған білімдеріне
әдіс- тәсілдер арқылы шешім қабылдайды берілген тапсырмаларды дәлелдеп қорытындылайды. Соның бірі INSERT. Ол
бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» – «білемін», «-» – «білмеймін», «+» – «мен үшін жаңа ақпарат»,
«?» – «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ
етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну
күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі.
Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Оқушылар жай
оқып қана қоймай, оқығандарын түсінуге, түсінгендерін дұрыс жеткіе білуге жол ашады.
Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдаланамын.
INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ол бойынша оқушыға
оқу, тақырыппен танысу барысында V - «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат»?- «мені таң
қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете
түсіну - күрделі жұмыс. Оқушылар арасында оқуға жеңіл - желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау
жиі кездеседі. Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Іс әрекет:
1 - қадам. Түртіп алудың түсініктемесін тақтаға жазған дұрыс. Сонан соң оқуға уақыт беру керек.
2 - қадам. Оқып болған соң, түртіп алу кестесін толтырады - тақтаға сызу керек, дәптерлеріне сызып алу үшін уақыт беру
керек. Алдыңғы қойған белгілеріне сәйкес, кестені өз беттерімен толтырады.
3 - қадам. Кестелерін жұпта талқылайды.
4 - қадам. Кестені топтарында талқылайды. Сыныптың жалпы кестесіне не енгізу керектігін таңдайды.
5 - қадам. Сыныптың жалпы кестесін тақтаға толтырады. Мәтіннің барлық даулы жақтарын анықтайды, сондай – ақ
сұрақтарға жауап іздейді. Не сәйкес келеді, егер сәйкес келмесе неге? Алғашқы жазған тізімдерімен салыстырады. Кестедегі
сияқты тізімдегі айқындалмаған пікірталастар мен қалған сұрақтар - әрі қарай іздену үшін қалады - жұмыстың әртүрлі
нысандарын анықтауға болады.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды,
қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады.
- кластер құру
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
- түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (эссе) және т. б.
Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне,
басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта
алады. Бұл сатыда оқушылар бір - бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіреді. Ой қозғау стратегиясында «Бұл туралы
не білетін едік, есімізге түсірейікші?» — деп
2 - 3
минут оқушыларды ойлана білуге бағыттаймын. Ой - толғанысында
оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын
қысқаша жазып келіп жүрді. Бірте - бірте мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де айта алатындай болды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
*бір - бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым - қатынастың негізі қаланды;
*мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
*өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға;
*өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
* достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу;
* өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
*бір - біріне құрметпен қарауға;
*белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді,
жауаптар тыңдалады.
Жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті
бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу
керек. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс – тәсілдері білім алушыларға
құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми
білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяаттар жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп
түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда
49
жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
1. Әдістердің түрлілігі.
2. Белсенді практикалық іс - әрекетте болу.
3. Басқалармен қарым - қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу.
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып, өз ойын айта білу, қорғай білу.
Осының бәрі де:
- өздігінен білім ала білуін
- сын тұрғысынан ойлау іскерлігін,
- кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
1.Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3.Топтасарының сұрақтарына жауап береді.
4.Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмысты бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс
істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек.
Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс - тәсілдер
арқылы баланың алдына жан - жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Алдағы болатын құбылысты болжау үшін
қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік
қолданыстарды іздей бастайды. Сұрақ қою және жауап беру барысында тілдік қатысымдық бірліктер жүзеге асырады. Аз
уақыт ішінде материалдың мазмұнын түсініп, жеткізе білу үшін асқан шешендік. Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту
арқылы сөздік дәлдікке жетелейді. Пікірлесу кезеңінде танымдық қорды сыртқа шығарып, тілдік қатынасқа түседі. Берілген
сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді. Мұндай табыстар көп ізденудің,
жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде деп ойлаймын. Қытай ойшылы Конфуций сөзімен қорытындыласақ:
«Оқытушы мен оқушы бірге өседі... Оқыту - жартылай білім алушы» өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен,
тобымен талқылайды. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін
көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын
бірден – бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Пәннің аты:
ана тілі
Уақыты: 09. 35
Кабинет:
Мұғалім: Ахметова С.Е
Сабақтың атауы
«Малта» . Заттың атын білдіретін сөздер
Мақсаты
а) Халқымыздың ұлттық тағамдары туралы білімдерін тереңдету, мәтіннің мағынасын ашып, малта
туралы түсінік беру.
ә) Түрлі тапсырмаларды орындау барысында іскерлік, танымдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,
өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
б) Оқушыларды шапшаңдыққа, топпен бірлесе жұмыс жасап, өз бетінше тапсырмаларды орындап,
нәтижеге жете білуге тәрбиелеу
Оқушылар құрттың түрлерін, пайдалануын және пайдасы туралы біледі.
Өз бетінше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.
Жауапкершілікті сезінеді, жаңа материялды толық меңгереді
Сабақтың түрі: аралас сабақ , саяхат сабағы
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер, слайдтар,стикерлер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру,
талдау - жинақтау, ойын, топтық, жеке жұмыстар. Сын тұрғысынан ойлау, «ИӘ, ЖОҚ
стратегиясы», «куббизм» , «болжау»стратегиялары
Күтілетін
0нәтиже
+Психологиялық
ахуал
Талаптанып, қанаттанып
Өмір сырын ұғамыз
Білім алып, тұлғаланып
Азамат боп шығамыз
- Міне, осындай жігерлі ниетпен сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар мұғаліммен
бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
Қызығушылықт
ы ояту
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындау. Түзу , жинақы
отыруларын қадағалау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген
«Ыбырай» өлеңін жатқа айту.
-Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер?
-Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын оқыдыңдар?
- «Ұлы болып кетсек те , ұлы ұстазға шәкіртпіз !» дегенді қалай
түсінесіңдер?
Топтастыру: Ыбырай – ұстаз, ақын, жазушы, ағартушы, қоғам
қайраткері
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Бұл мәлімет шындық па,жалған ба?
Жаңа сабаққа деген
қызығушылықтары
оянып,ерекше ынтамен
кіріседі.
50
Жанпейісованың «ИӘ, ЖОҚ стратегиясы»
1.Ыбырай- тұңғыш ұстаз.
2.Заттың атын білдіретін сөз « қандай ?»- деген сұраққа жауап береді.
3.Ыбырай -балалар әдебиетінің атасы.
4. 5 саны « кім?» деген сұраққа жауап береді.
5. «Кел ,балалар, оқылық!» Ыбырай атамыздың өлеңі.
6. Ыбырай сөзі «кім?» деген сұраққа жауап береді
- Кім? Не? деген сұраққа қандай сөздер жауап береді?
(Ережені еске түсіру, мысал келтіру) Табиғатта «не?» деген сұраққа
қандай сөздер жауап береді?
IV. Мақсат қою кезеңі.
9.
Қазір жылдың қай мезгілі?
10.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
11.
Төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар?(малдан
алынатын тағамдар-қазақ халқының басты тағамдары)
12.
Қойдың,жылқының, түйенің , сиырдың сүтінен қандай
тағамдар жасалады?
13.
Қай жануардың сүтінен тағамның түрі мол алынады екен?
-Сүт өнімдерінен қандай тағамдар жасалады?(қазақ халқы бір сүттен
қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты , ұнтақ тағамдар жасап
шығарған. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректік
қасиеті мол.
Топқа бөлу
1-топ «Ірімшік»
2-топ «Айран»
3-топ «Құрт»
Әр топ өз аттары туралы білетіндерін ортаға салады.
Ірімшік- сиырдың, қойдың және ешкінің сүтінен жасалады. Сары
түсті болады. Құрамында адам ағзасына өте пайдалы дәрумендер бар.
Дәмі тұзды, кейде қышқыл және тәтті түрлері де бар. Қазақтың
ұлттық тағамдарының бірі.
Айран- сиыр сүтінен ашытылып жасалады. Түсі ақ, сүтке ұқсас. Сүт 3
сағатта ұйып , айран дайын болады . Көп адам айранды ұйқы алдында
кешкі уақытта ішеді. Апаларымыздың «ағарған іш» деп айтуының
үлкен мәні бар. Құрамында көптеген дәрумендер бар. Адам ағзасына
өте пайдалы.
Құрт – сүт өнімдерінен жасалатын тағам. Қатықты кішігірім
бөліктерге бөліп қысады. Тақтаға жайып, кептіреді. Дәмі тұзды,
қышқыл болады. құрттың майлы және майсыз түрлері болады.
Құртты сорпаға қосып та ішеді.
Олай болса бүгін біз сендермен сүт өнімі- құрт туралы, құрттың
«малта » деген түрімен танысамыз.
Құрт туралы не білесіңдер? Ол қалай жасалады?
Осы тақырыпты кеңірек ашу үшін жайлауға саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа автобуспен шығайық.
Жайлауға қай мезгілде шығады?
1-аялдама : «Суреттер сөйлейді»
(1-сурет)
-Сендер жайлауда болдыңдар ма? (жайлау табиғаты, тау , өзен, ағаш,
шөп, гүлдер, киіз үй, жан-жануарлар туралы әңгімелесу)
Жайлау қандай әдемі. Ауасы таза , табиғаты көркем. Барлығымыз
таза ауамен демалайық?
Жайлауға адамдар не себепті көшеді екен?
-Қысқы азыққа жиналатын тағамның бір түрі – құрт екен.
Мағынаны тану
V.Жаңа сабақ. 2- аялдама
Құрт сөзі- «құрғатылған, кептірілген сүт» деген мағынаны береді.Құрт-құнарлы,адамға
тоқтық беретін тағам.Оның құрамында А, В, С дәрумендері, кальций, алюминий микроэлементтері
жетерлік. Қайнатып, кептіріп алынған құрт жыл бойына, кейде екі-үш жылға дейін сақтала береді.
Сондай-ақ «кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады» дейді
дәрігерлер.Құрттың жасалу жолына қарай бірнеше түрлері болады. Солардың бірі «малта» құрты.
Бұл әңгімені жазған – Құрал Тоқмырзин аталарың
Автор туралы мәлімет беру. Қ.Тоқмырзин. Қазақтың қабырғалы қаламгеріне айналған Құрал
Тоқмырзин-ауылдан шыққан жазушы. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп,
қабырғасы қатпай колхоздың қат-қабат науқандық шаруасына иығын тосса , әке майданнан
оралмай , жесір ана бағып тұрмыс тауқыметін тартады. Ерте еңбекке араласып, ондаған жыл
трактор жүргізеді. Сөйтіп жүрсе де , сүйегіне біткен өнер, бойдағы талант өрге сүйрейді. Атырау
педагогикалық университетінен сырттай білім алып шығады. Кейіннен Астанаға қоныс аударып,
жазушылар арасына сіңіседі. «Үш кие», «Үзеңгі достар» деген кітаптары көпшілікке кеңінен мәлім.
51
«Керзаман» атты романы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жарық көрді. Осындай қарынды
қаламгер, қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Ойыл ауданының құрметті азаматы
Қ.Тоқмырзин биыл 75 жасқа толып отыр. Тұсауы облыстық газетте кесілген , талай шығармалары
осы газет арқылы оқырманға жеткен , өзі сол баспада жұмыс істеген Құрал атамызды
мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
3- аялдама : Кітаппен жұмыс.
«Болжау» стратегиясы
-Мәтін не туралы деп ойлайсыңдар?
Іліп алып оқу /3-4 оқушы/
- «Малта» құрты қалай жасалады екен? (оқушылардың жауабы)
Малта –езілген құрттың ұсақ түйіршіктері. Ол әрі жұмсақ, әрі дәмді ас саналады. Ұзақ сапарларда,
ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі тамақ яғни қорек болып саналады. Батырлар елді,
жерді қорғап аттан түспей жүрген кездерде малтаны ауыздарына салып талғажау еткен.
Исатай мен Махамбет халық батырлары. Бұл кісілер ханға қарсы шығып көтеріліс жасаған.
Көтерілістің басты себебі – жердің жетіспеушілігі. Ең жақсы шұрайлы жерлердің бәрін байлар,
беделді адамдар өзара бөлісіп алып, қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алған. Сол жерге
егін егіп күн көрген. Ақсүйектер жерді көтеріңкі қымбат бағамен жалға береді. Сөйтіп әр-түрлі
айыппұлдар мен алым-салық көбейіп кетеді. Байлардың озбырлығына шыдамай , қара халыққа
жандары ашып Исатай мен Махамбет қарсы көтеріліс ұйымдастырған. Бұл кісілер туралы үлкен
сыныптарда кеңірек оқисыңдар. Міне сол заманда мал бағып жүрген малшылар, жорықта жүрген
батырлар малта құртын алып жүрген. Ауызға салып қойса ұзақ жолда шөлдемейді әрі тамақ болған.
«Мен саған, сен маған»әдісі (оқушыларды 3 топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
4- аялдама: Шығармашылық тапсырма
1.топ Зерттеуші: Малта қалай жасалады?
2.топ Сөз тапқыш: Есеннің атасының орнында болсаң немереңе «құрт» сөзін қалай түсіндірер едің?
3.топ Жас тілшілер : Құрт өнімдерінің адамға тигізер пайдасы
«Малта» сөзіне қандай сұрақ қойылады?
Бейнефильм тамашалайды « Құрт және оның пайдасы »
5- аялдама :Дәптермен жұмыс
Заттың атын білдіретін сөздерді баған бойынша мәтіннен теріп жаз
Жазған сөздеріңді баған бойынша көпше түрде жаз
Сергіту сәті
Видео жаттығу
Ой сергітеді,
шаршағандары
басылады
Ой толғаныс
6- аялдама: «Асыл әжейдің үйі»
-
Асыл әженің үйінде құрттың түрлері көп екен. Солармен танысайық.
Құрттың түрлері:
1.Жас құрт
2.Ыстық құрт
3.Сықпа құрт
4.Езген құрт
5.Малта
6.Ақмалта
7.Құрт-май
8.Құрт-көже
9.Ақлақ
10.Ақ тұшпара
Сен білесің бе?
ҚҰРТТЫҢ түрлерімен мұғалімнің таныстыруы:
1. Жас құрт / Сүзбеде тұрған құртты маймен жентектеп дастарқанға қойған. Жас құртты
мипалауға, құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сары суынан сүт қосып ірімшік жасаған. Әйелдер-
қыздар шашын жуған. Тері илеу үшін малма жасаған. Қайнап жатқан құрттың көбігін іске
жаратқан. Көбікті қарттарға, жас балаларға қалқып беру салт болған.
Құрт қайнатқан үйге көбік жалаймыз деп жиналу салты болған.
2. Ыстық құрт / Қайнап жатқан құртқа май қосып сапырып ішетін болған. Өкпе ауруына, суық
тигенге ем болып табылған.
3.Сықпа құрт- /қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйылып сүзіледі де
тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеніп тақташаға кептіріледі. Мұндай құрт жайған ауылдың
әйелдері балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған/.
4. Езген құрт / Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу
үшін кепкен құртты астауға салып ұнтайды. Езген құрт-ұлттық тағамдардың ең бір сүйкімдісі және
тойымдысы. Құртты жеген адам тойып, қарны ашпай жүреді./
5. Малта /Езілген құрттың ұсақ түйіршіктері , сүзбеден сығып,домалақтап дайындаған уақ құрт.
Ол әрі жұмсақ, әрі дәмді ас саналады. Ұзақ сапарларда, ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын,
әрі тамақ яғни қорек болып саналады. Батырлар елді, жерді қорғап аттан түспей жүрген кездерде
малтаны ауыздарына салып талғажау еткен./.
Сөре - бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Тағы қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
52
VI.Жаңа материалды пысықтау.
Асыл әжей сендердің бүгінгі саяхат сабағынан не үйренгендеріңді білгісі келеді екен.
-Қазақтың ұлттық тағамы құрттың бүгінгі таңда маңызы бар ма? Неге?
Мәтін мазмұнын сахналау
«Куббизм» стратегиясы бойынша кубиктің 6 жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды.
« құртты» жан-жақты талдайды, талқылайды , сол арқылы білімдерін қайталайды.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі) (ақ, сары түсті, көлемі әр түрлі болады: үлкен-кіші, домалақ, сықпа,
дәмі:қышқыл, тұзды, майлы болады)
Салыстыр( ұқсастығы, айырмашылығы) (айырмашылығы: жұмсақ құрт – қатты құрт, ыстық құрт-
салқын құрт, ұсақ құрт-үлкен құрт, ұқсастығы: қышқыл, тұзды)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланады) ( Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосқан,
қазақ халқының дастарханында үнемі тұрған, тағам ретінде және сусын ретінде қолданылады)
Баянда( сүт және сүт тағамдарын пайдаланудың маңызы) (дәрумендерге бай, адам ағзасына
пайдалы, сүйектері мықты болып, тісі сау болады)
Талда ( қалай жасалған, неден тұрады) (сүтті пісіреді, ұйытады, сүзіп қатық жасалады, тұз
қосылады, бөлшектерге бөліп құрт жасап жайып, кептіреді)
Ой толғау (бұл неден жасалған?) (сүттен, қатықтан, тұз, май қосылады, ұйытылып жасалады)
Асыл әжеймен қоштасатын уақыт жетті. Әжеміздің көңілін көтеріп ән айтып берейік (Ән айту)
Жақсы балалар, олай болса автобусқа отырып сыныпқа оралайық.
Жайлаудан әкелген құрттармен бөлісейік.
VII.Бекіту кезеңі.
Бүгінгі сабақта сен нені білдің?
Сабақ несімен ұнады?
Үйге тапсырма
«Малта» мәтінін оқу, мазмұндау. Сүт тағамдарынан тағы нелер
жасалады? (қосымша мәлімет жинау).
Күнделіктеріне жазу
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп РАХМЕТ»
Бағалау парақшасын
толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған
нұсқаға жабыстырады
РЕФЛЕЕКСИЯ - ЭТО ОБРАЩЕНИЕ ВНИМАНИЯ СУБЪЕКТА НА САМОГО СЕБЯ
Учитель начальных классов Дюсембиева Г.А.
Молодые педагоги, начинающие свой творческий путь, часто упускают такой важный элемент
урока, как рефлексия. В реальности важный этап урока - рефлексия - сводится к 2-3 смайликам,
листочкам разного цвета, которые должны выбрать дети в конце занятия. Часто учитель
вообще забывает о проведении данного этапа и просто спрашивает у детей, понравилось ли им
занятие. При этом по новым образовательным стандартам обязательным является итог урока -
рефлексия. Подобный прием дает педагогу возможность проводить анализ своей деятельности,
выяснять «проблемные» места в рассмотренном материале. Рефлексия предполагает развитие у
обучающихся навыков саморазвития, самосовершенствования. Полноценная рефлексия на
уроках английского позволяет ребенку выстраивать четкую цепочку, приводить знания,
полученные в ходе урока, в единое целое. Кроме того, ребенок учится сравнивать собственные
достижения с успехами своих одноклассников, выявлять проблемы, преодолевать их. Ребенок,
который усваивает определенную тему, сможет оценить важность полученных знаний для
будущей жизни. Кроме того, школьник должен понять, какие именно цели им были достигнуты
в ходе занятия. Рефлексия на уроке русского языка помогает школьникам осознать личный
вклад в решение проблемы, сделать обучение интересным процессом.
А что такоеРефлексия?
Слово рефлексия происходит от латинскогоreflexio– обращение назад. Словарь иностранных слов определяет рефлексию
как размышление о своем внутреннем состоянии, самопознание. Толковый словарь русского языка трактует рефлексию как
самоанализ. В словаре Ожегова указано, что ударение в слове Рефлексия ставят на слог ЛЕ. В современной педагогике под
рефлексией понимают самоанализ деятельности и её результатов. Рефлексия помогает ученикам сформулировать
получаемые результаты, переопределить цели дальнейшей работы, скорректировать свой образовательный путь.
Но без помощи учителя ребёнок не научится управлять собой. Именноединство целей учителя и ученика ведёт в конечном
итоге к определённым результатам, когдакаждый ученик может дать оценку своей деятельности на уроке.
Как и когда проводить?
Рефлексию настроения и эмоциональности легко проводить даже с первоклассниками. Вариантов масса: раздаточные
карточки со смайликами или знаковыми картинками, показ большого пальца (вверх/вниз), поднятие рук, сигнальные
карточки и т.д. Удобнее проводить по завершении очередного этапа урока: после объяснения новой темы, после этапа
закрепления темы и т.д. В начале урока эмоциональную рефлексию проводят ради установления контакта с классом. Можно
поставить музыку (подобрав мотив, согласующийся с темой), процитировать классика, зачитать эмоциональное
стихотворение. После обязательно следует спросить 3-4 учеников: "Что ты чувствуешь сейчас? Какое настроение у тебя? И
т.д. Во-первых, учащиеся (даже самые маленькие) привыкают оценивать свое состояние, свои эмоции, во-вторых, учатся
аргументировать свою точку зрения. Кроме того, такая рефлексия поможет учащимся настроиться на восприятие темы.
Приёмы рефлексии.
Рефлексия деятельности.
53
- Что на вас произвело наибольшее впечатление?
- Пригодятся ли вам знания, приобретенные на уроке, в дальнейшей жизни?
- Что нового вы узнали на уроке?
- Подумай, что тебе нужно изменить, чтобы работать лучше?
- Что я делаю?
- Зачем я делаю?
- Как я делаю?
- Что нового я узнал?
- Каким способом я это узнал?
- Чему я научился?
«Солнышко» На доске прикреплён круг от солнышка, детям раздаются лучики жёлтого и голубого цветов. Лучики нужно
прикрепить к солнышку: желтого цвета – мне очень понравилось занятие, получили много интересной информации;
голубого цвета – занятие не интересное, не было никакой полезной информации.
«Яблоня» На доске нарисована яблоня. Детям раздаются нарисованные яблоки двух цветов – красные и зелёные. Они
приклеивают яблоки на яблоню: зелёные – я считаю, что сделал всё наотлично, у меня хорошее настроение; красные – не
справился с заданием, у меня грустное настроение.
«Мишень» Дети на доске заполняют «рефлексивную мишень», оценивая
1. свою деятельность
2. деятельность учителя
3. деятельность учащихся.
"Дерево предсказаний" Правила работы таковы: ствол дерева – тема, вид деятельности, ветви - утверждения, которые
ведутся по направлениям - "да" и "нет" (количество "ветвей" не ограничено), и "листья" - обоснование этих утверждений
(аргументы в пользу того или иного мнения, фамилии, оценки, результаты и т.д.)
«Градусник» Используя такой символ можно определить состояние эмоций, новизну материала, урока,
оригинальность и т.д.
«Ступени» С помощью данного символа можно определить, на каком уровне ученики выполняли задания, какой ступени
соответствует их самооценка и т.д.
«Пик взаимопонимания» Настроение изображено в виде ступеньки .Первая - настроение крайне скверное. Вторая - плохое.
Третья - хорошее. Четвертая - уверен в силах. Пятая – отличное. В конце урока, дня ученик ставит себя на ту ступеньку,
какое у него настроение.
«Звездочки» На символах в виде «звездочек» учащиеся записывают свои личные достижения на уроке, за неделю, четверть
и т.п. и прикрепляют их в дневник, на стенд, на доску и т.д.
«Корзина идей» Учащиеся записывают на листочках свое мнение об уроке, все листочки кладутся в корзину (коробку,
мешок), затем выборочно учителем зачитываются мнения и обсуждаются ответы. Учащиеся мнение на листочках
высказывают анонимно.
«Мордашки» Рефлексия эмоционального состояния, может использоваться на различных этапах урока. Учащиеся рисуют
«мордашки», которые соответствуют их настроению или выбирают из имеющихся.
«Дерево» Учащиеся записывают свое мнение об уроке на бумаге в форме листьев дерева, можно предложить ряд вопросов,
затем прикрепляют их на заготовку дерева на плакате.
«Светофор» Учащиеся в начале урока выбирают один из цветов: красный, желтый или зеленый. После урока или
выполненной работы ребята должны высказать свое мнение по вопросу цвета. Красный – нет (что не понравилось, ошибки),
желтый – не совсем (сомнения, трудности) и зеленый – да (что понравилось, что получилось).
“ Пятерочка - 1 “ Учащимся предлагается на листе обвести свою руку.
Каждый палец – это какая – то позиция, по которой необходимо высказать своё мнение.
Большой палец – для меня важно и интересно;
Указательный палец - мне было трудно ( не понравилось );
Средний – для меня было недостаточно;
Безымянный палец – мое настроение;
Мизинец – мои предложения.
В итоге я хочу сказать, что качественно организованная обратная связь, предоставленная после урока, после классного часа,
экскурсии или похода друг другу и учителю позволит ребятам значительно повысить качество взаимоотношений, а учителю
планировать новые мероприятия с учетом действительно актуальных для ребят проблем. В презентации вы найдете ряд
технологий, которые помогут организовать рефлексию в практике воспитательной и внеклассной работы.
Познание мира 3 класс
Достарыңызбен бөлісу: |