Сабақтың тақырыбы: Құс ұясын бұзбайық. (Өтебай Тұрманжанов)
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің мазмұнын меңгерту.
Күтілетін нәтижелер: Пәндік нәтиже: өлең идеясындағы ақынның сезімдерін талдау арқылы оқушылардың өзіндік ой
қорытындыларын жасауға жағдай туғызу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: сабақта алған теориялық білімдерін практикалық түрде пайдалана білуге, есте сақтау
қабілеттерінінің дамуына жағдай туғызу;тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
Тұлғалық нәтиже: адамгершілік қасиеттерге баули отырып, дүниетаным шеңберін кеңейту.
Сабақтың типі. Аралас сабақ
Барысы:
I.
Психологиялық ахуал туғызу:
ДМ1-Біз ұқыпты баламыз, Айтқан тілді аламыз.
Жақсы оқып сабақты Кілең 5-тік аламыз.
ДМ2 «Шаттық» шеңбері
II. Алдыңғы оқылым: ДМ3- «Құстар әлемі» мәтіні
1. рөлге бөліп оқу 2. мазмұндау
III. Өткен сабақты қорыту
ДМ 4- Бұл мәтіннен қандай құстар туралы білдік?
- Олардың басқа құстардан ерекшелігі қандай екен?
- Қосымша қандай құстар туралы біліп келдіңдер?
ДМ 5-Сыныпты топтарға бөлу
1-топ «Аққу» , 2-топ «Қарлығаш» , 3-топ «Үкі», 4-топ «Көкек»
IV. Қызығушылықты ояту: ДМ6 «Адасқан әріптер» ойыны (берілген торкөздегі әріптерден құстардың атын табу)
(топтар сайысы)
ДМ7 Проблемалық сұрақтар «Миға шабуыл» стратегиясы
-Құстар нешеге бөлінеді? (үй ұстары, жабайы құстар)
- Жабайы құстар неше топқа бөлінеді? (жыртқыш, отырықшы,жыл құстары)
-Жабайы құстардың көктемгі тіршілігі туралы не айта аласыңдар?
-Олар ұрпақ өргізу үшін не істейді?
-Балапандарын қайда өсіреді?
-Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
-Құс ұясын бұзуға бола ма? Неліктен?Осы тақырып туралы білу үшін Ө.Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық» өлеңімен
танысайық.
V. Мағынаны тану
ДМ8 Автор туралы түсінік
ДМ9-Өлеңды оқу
а) іштей оқу ә) бөліп оқу (әр топ белгіленген жерге дейін оқиды)
б)оқығандарын мазмұндайды, ат қояды, құстардың тіршілігін әңгімелейді.
ДМ10 Операционалды- орындаушылық кезеңі
в) өлеңнің идеясын ашу, (тауып оқу)
VI. Ой толғаныс
ДМ11 Эссе жазу құстар, ұя, балалар, бұзбайық, қамқор
(осы сөздерді пайдаланып әр топ шағын мәтін құрастырады)
ДМ12 Постермен жұмыс (әр топ өз атауларындағы құстар туралы әңгімелейді)
VII. Сабақты қорыту (Рефлекция)
ДМ13 «Өрмекшінің торы» стратегиясы
-Сабақ саған ұнады ма?
-Сабақта не білдің?
-Сабақтан алған әсерің қандай? т.с.с
ДМ14 Жұмбақтар шешу
VIII.Үйге тапсырма
ДМ15 Өлеңді мәнерлеп оқу, құстардың ұя жасауы туралы қосымша біліп келу.
41
СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Джансейтова С. Е. Бастауыш сынып мұғалімі
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық
қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына
үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу –
бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам
баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері
шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның
шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен
жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей,
жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Баланың
шығармашылығын дамытатын әрбір ұстаз өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы
керек.Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған
оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді.
Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің
бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты: Барлық жастағы
оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім
қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім
деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға
көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде,
оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама
басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр
кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.
Бүгінгі таңда сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шындалған ойлау екендігіне көзіміз жетті. Оқушы өзі ойлау барысында
білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңітеді, ең бастысы -оқушы шаршамайды. Оқушылар өздері ойлап, шешім
қабылдауға үйрену барысында белсенді ойлаушы, іздемпаз , шығармашылық тағы басқа қабілетке ие болады. Ол үшін өз
ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдей білуіне және оқушыға еркін ойлатуға мүмкіндік берілуі керек. Сонда ғана оқушы өз
ойын сыни тұрғысынан ойлап , дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді. Еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің
түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады.Сонымен қатар жекелей
жұмыстар, топтық және жұптық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру (дебат
әдісі), ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім
деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше жағдай: сынып ішінде көп сөйлемейтін, ойлау
дәрежелері төмен оқушылардың да қызығуы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға
тырысуы. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі –«топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар
беру», яғни топтық жұмыс. Бұл әдісте оқушылар ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді.Топпен жұмыс істеудің
маңыздылығы:
-топ жеке адамның пікірімен санасады;
-әр оқушы өз тобының беделін, намысын қорғауға тырысады;
-бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас орнайды, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдысы қалыптасады.
-оқушы бойында қиял, шығармашылық дамиды;
-бойларындағы ұяңдық, жасқаншақтық сияқты психологиялық мінез кеселдерінен арылады;
-сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды .
-Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сынып оқушыларының топтағы білімін бағалау үшін критерилерін
( деңгейлерін ) белгілеп алу қажет сияқты .Ол деңгейлер мыналар :
- оқушылардың белсенділік танытулары;
- өз ойларын еркін де, ашық жеткізе білулері;
- тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білулері;
- барлық топтар бойынша тәртіп, сыйластық , ұжымшылдықтың болуы.
Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші,
ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Жигсо әдісі бойынша топтарға
бөлу кезінде көп қиналдым. Бұл әдістің маңызы бала негізгі топқа келгенде айтамын деген оймен түсініп, оқып берген
мәтінді егжей-тегжейіне дейін зерттеп, бірінің айтқанын тыңдап мәтінді ұғынуға талпынады. Бос уақытта өз беттерінше
мәтінді тез оқып қызыл жол бойынша талдап отырдым. Үздіктер шығып сөйлеп жатқанда, балалар да бір-бірінен қалмай
оқуға тырысады. Алдын-ала ескерте отырып, күнделікті сабақта мәтіннің көлемін өзгертіп отырдым, яғни, бүгін қысқа мәтін
оқығандарға келесі сабақта ұзақтау бөлігін ұсындым. Соған байланысты балалар сабақтан тыс уақытта көп оқып, мазмұнын
өз беттерінше дайындалатын болды. Балалар үйреткен әдіс-тәсілді тез алып кетті. Бұл әдістерді сабақтарымда пайдаланып
отырғанымда бір де бір бала сөйлемей, иә жұмыс жасамай бос отырмады... Бала ізденіп жауап беруге құлшынады,
қорқыныш сезімі жоғалады.
42
Бұл технология бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады:
1.Қызығушылықты ояту 2.Мағынаны тану 3.Ой толғаныс
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы
оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш
арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін“Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”,
“Әлемді шарлау”т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңімағынаны ашу. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік
көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысындаV – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + -
“мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады”белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын
түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте
сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне
алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді
болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралыой-толғаныс–
бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда
оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр
түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр
түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге
лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар
әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге
қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске
асыруына жол көрсетеді. Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы
білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.
Әрбір мұғалім шығармашыл жұмыс жасаған жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға
мүмкіндігі бар. Шығармашылық іздену -мұғалімнің еңбегіне, біліміне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінде
мұғалімнің басты міндеті – педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін
жоғарылатып, жекелігін, тұлғалығын қалыптастыру. Сабақта технологияларды қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігін
арттырып, шығармашылық әрекеттің биігіне көтерілуіне ықпал етеді. Білім беру, оқыту үрдісіндегі педагогикалық
технология - қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе, яғни білім мазмұнын жүзеге
асырудың тәсілі. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты
маман болу мүмкін емес. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек»
деген сөзін әр маман ұдайы жадында ұстауға тиісті.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» Алматы, Сорос Қазақстан қоры
2. Тұрғынбаева Б.А «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту-педагогикалық технология» Алматы-2000ж
3. Бастауыш сынып /Журнал/
Сан есім. Қазақ тілі 2 - сынып
Мақсаты:
Білімділік: «Сан есім» тақырыбын тірек-сызба, СТО техноллогиялары бойынша меңгерту;
Дамытушылық:Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін , шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ажырату, топтау, жазбаша дәлелдеу.
Көрнекілігі:слайдтар, интерактивті тақта, тірек-сызба, суреттер сызбалар, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ДМ1 Психологиялық дайындық. Балаларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны қолдарына ұстатып күн
бейнесін жасату. Бір-бірлеріне қарап тұрып, жылы-жылы тілектерін айтқызу. Айтып болған соң, лентаның қолымен ұстап
тұрған бөлігін қайшымен кесіп беру. Бұл күн нұрының кішкене бөлігі арқылы әр бала өз жүрегіне жылу сыйлады деп
есептелінеді. Балалар хормен:
Қатар-қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтану сәніміз.
Отыруға нақпа-нақ,
Дайындалдық бәріміз.
43
ІV Жаңа сабаққа дайындық кезеңі /Қызығушылықты ояту сатысы/
ДМ2 «Болжау» стратегиясы бойынша сабақтың тақырыбын аштыру, бүгінгі сабақта осы тақырып бойынша не істеуіміз
мүмкін, деген сұрақтар арқылы мақсат қойдыру.
«Ой қозғау»Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді? (Қандай?) Бүгінгі күннің ретін жазайық.
Бүгінгі тақырыбымыз қандай дыбыстан басталып тұр? (С)
Олай болса, Сс- әрпін көркем етіп жазайық.
Көркем жазу. Сс Сс Сс Сәлем-сөздің анасы.
V Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі /Мағынаны тану/
ДМ3 Қызықты тапсырмалар
1. Айгүл мен Нүргүл дос. Айгүл жеті ағам бар десе, Нұргүл алты ағам бар дейді. Екі отбасының балаларын қосқанда қанша
бала болады.
2. Қолымда үш алма,
Інімде бес алма.
Барлығын қосқанда,
Болады қанша алма?
3. Біреуден қонса қарлығаш,
Артылар бір қарағай.
Екеуден қонса қарлығаш,
Жетпейді бір қарағай.
Ал, балалар, жұмбақтарды шешіп болдық, енді осы тапсырмаларда қандай сандар кездесті, олар қандай сұрақтарға жауап
береді? Ендеше сан есім дегеніміз не болды?
ДМ4 Оқулықпен жұмыс 1- жаттығу, 178- бет. Мәтінді түсініп оқу, көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызу. «INSERT»
стратегиясы
V – “білемін”
- “мен үшін түсініксіз
“мен үшін жаңа ақпарат”
“мені таң қалдырады”
VІ Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
ДМ 5 «Кім жылдам? ойыны
2- жаттығу, 178- бет. Берілген зат есімдердің алдына сан есімдерді қойып жаз.
ДМ 6 «Сәйкестендіру» кестесі
3- жаттығу, 179- бет. Берілген сан есімдерге – ыншы, - інші, - ншы, - нші жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.
Бір
Екі
Үш – ыншы, - інші, - ншы, - нші
ДМ 7 Шығармашылық жұмыс Сурет бойынша әңгіме құрастыру 4- жаттығу, 179- бет.
ДМ 8 Топтық жұмыс
1- қатар Заттың санын білдіретін сан есімдерді жазады.
2- қатар Заттың ретін білдіретін сан есімдерді жазады.
ДМ 9 Сергіту сәті
Ойын«Кім тапқыр?»Мұғалім дауыстап мақалды оқиды, жоқ сөздің орнына керекті сан есімді оқушы тез тауып айту керек.
1......................... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. (тоқсан)
2......................... теңгең болғанша, ......... досың болсын. (жүз)
3......................... кісінің түсін білгенше, (жүз)
........................ кісінің атын біл. (жүз)
4 Білекті ............ жығады, білімді................. жығады. (бірді) (мыңды)
VІІ Сабақты бекіту, бағалау кезеңі
ДМ 10 «3 жалған, бір ақиқат»
Әр топ 4 сөз жазады, оның біреуі ғана сан есім болу керек. Топтар өзара парақтарын алмасып, топтар 1 ақиқатты табады.
ДМ 11 Тест арқылы бірін - бірі бағалау.
1. Заттың санын білдіретін сөз табы – А) зат есім Ә) сын есім Б) сан есім
2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.
А) Қандай? Қай? Ә) Қанша? Неше? Нешінші? Б) Не істеді? Қайтті?
3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап. А) бесінші Ә) бес Б) бесеу
4. Сан есімді тап. А) сана, оқы Ә) жиырма, үш жүз Б) биыл, былтыр
5. Сөйлемнен сан есімді тап. Олжас бірінші орын алды. А) Олжас Ә) бірінші Б) орын В) алды.
ДМ 12Бағалау
Жиналған балл саны
Баға
10-12
«5»
7-9
«4»
5-6
«3»
0-4
«2»
ДМ 13 Рефлексия
-Бүгін сабақ ұнады ма?
-Не үйрендім?
-Бүгін өзімді көрсете алдым ба?
44
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
НЕГІЗІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫҒАН ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Бастауыш сынып мұғалімі. Куанышбаева Р. С.
Мектептің басты міндеттерінің бірі — оқушыларды жалпыадамзаттық қүндылыққа
негіздей отырып тәрбиелеу. Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс
педагогикддағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады.Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз
халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами
қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам
қажеттілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға
бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық,
рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының
берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін
байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа
технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру
жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда
барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы
бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның
ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі
негізінде қалыптасуын айтамыз. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени
құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық
рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани
құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді
өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп,
оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды
сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің
қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып
қалғанмын. Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» -дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары
туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге
қолданбасқа? Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы
жүзеге асырылады. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді.
Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан –
жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашылық түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет.
Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы
қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
«Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де
ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның
адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда
емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-
оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері
пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады. Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында
рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап,
тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады. Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың
қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады. Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын
шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға
айналдыруың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп,
бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазыЖүсіпбек Аймауытовтыңмына сөздерін еске алған
жөн. “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл
көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте
жетілуіне мықты негіз салуы керек”–деген екен.
45
Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін
тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге,
өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз“Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”,
“Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен.
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым.
- Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу.
- Жалпы адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.
- Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет
негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
- Оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау.
АқынМағжан Жұмабаев«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет,» -
деген ойлары арқылы тәрбиені келер күн талабымен ұштастырады. Қазақ халқының тәрбие дәстүрі қай халықтың
тәрбиесінен кем түсіп көрген емес. Олай болса бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрлері
негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін сіңіруіміз керек.
Өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарымызды өз сабақтарымда пайдаланамын.
Сабақты түрлендіру арқылы мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді қолданып бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау,
шебер сөйлеу дағдыларын дамытып, тіл көркемдігін сақтауға өз үлесімді қосудамын. Халықтың тілі-халықтың жаны,
тамыры, ойы, өрісі.
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін
біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар
аудардым. Өйткені әдептілік-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан барысында
«әдеп», «әдептілік» деген түсініктер төңірегінде ұйымдастырған мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін
көрсетті. Тұлға бойында қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық сезімдердін туғызып тәрбиелеуде ертегілер
рөлі жоғары. Себебі ертегі халық ауыз әдебиетінің құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан
баға жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі. Ертегілерді оқыту көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз
байлығының баға жетпес інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің мол қорын алдым.
Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай
әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің
бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады» деген.
Достарыңызбен бөлісу: |