Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет13/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Мультимедиялық қолдау сабақтары

Тәжірибе  көрсеткендей,  сабақты  мультимедиялық сүйемелдеу арқылы

өткізген мұғалім сынып  тақтасы  алдындағы  жұмысымен  салыстырғанда  оқу

уақытын  30%-ға  дейін үнемдейді.  Уақытты үнемдей  отыра,  мұғалім  сабақты

жаңа мазмұнмен толықтырады, көлемін арттыра алады. Басқа проблема да күн

тәртібінен  түседі.  Мұғалім  тақтада  жұмыс  жасаған  кезде  еріксіз  сыныппен

байланысын үзеді. Кейде ол ту сыртынан шығып жатқан шуды да естиді.

Мультимедиялық сүйемелдеу  режимінде  мұғалім үнемі  жағдайды өз

бақылауында ұстай  алады,  оқушылардың  әрекетін  көреді, өзгеріп  жатқан

жағдаятқа дер кезінде назар аудара алады.

Мұғалімге қажет  ақпаратты  іздестіруде  Интернет  желісінде  орналасқан

өнер бойынша білім беру ресурстарының каталогы көп көмек көрсетеді.

Сабақта  жаңа  материалды  түсіндіруде  мұғалім  пәндік  жинақтарды

(иллюстрациялар, 

фотосуреттер, 

портреттер, 

оқытылатын 

суретшілер

картиналарының репродукциялары,  бейнеэкскурсиялар,  бейнефрагменттер),

динамикалық кестелер  мен  сызбалар,  интерактивті  модельдерді үлкен  экранда

көрсете  алады.  Бұл кезде  түсіндіру  технологиясы  түбірімен өзгереді – мұғалім



38

экранда  пайда  болған  ақпаратты

қажетінше

қосымша


ұғымдар  және

мысалдармен толықтырып, түсіндіреді.

Егер  кабинет  Интернет желісіне қосылған  жағдайда,  сабақты  виртуалды

экскурсия түрінде өткізуді ұсынуға болады.



Ғаламторға шығу сабақтары

Мұғалім 


жеке 

тақырыптарды

өтуде 

мультимедиялық



сүйемелдеу

сабақтарында Интернетті пайдалана алады. Мысалы, 5-сыныпта «Елтаңбалар»,

«Эмблемалар» 

тақырыптарын

өтуде 

информатика 



кабинетінен  желіге

қосылады,  «Геральдикаға  экскурс»  (негіздері,  тарихы,  ережелері),  интернет-

жоба беттерінде геральдика ережелері бойынша түрлі ақпараттар, тарихи шолу,

қазақстандық геральдика  туралы  арнайы  бөлімдер  келтірілген.  Осындай

сабақтарда  оқушылар өздігінен  ресурстармен  танысады, қорытынды  жасайды,

мұғалімнің тапсырмаларын орындайды.

Сынақ сабағы  ретінде  оқушыларға өнер  бойынша  тұсаукесерлер  жасауды

ұсынуға 


болады. 

Мысалы, 


«Шығыстың

және


Қазақстанның 

өнері»,


«Көшпенділердің мәдени мұрасы» және т.б. тақырыптар.

«Музыка» сабағы  оқушылардың шығармашылық  әлеуетін  дамытуға  ықпал

ететін  заманауи  педагогикалық  әдістер  мен  тәсілдерді,  сонымен қатар

технологияларды,  олардың элементтерін қолдануды  болжайды.  Оқушылардың

шығармашылық  әлеуетін  дамыту,  сонымен қатар  белгілі  бір  біліктер  алу

тұрғысынан әр жас кезеңі өзінің тұлғалық ұстанымын анықтайды. Мысалы, 1-4

сыныптар – шығармашылық біліктер алу, шығармашылық біліктерді көкейтесті

ету қажеттіліктерін  дамыту;  5-6  сыныптар – жекелеген  шығармашылық

қабілеттерін  дамыту,  шығармашылық  қажеттілігін қанағаттандыру  мотивін

қалыптастыру.

Музыка сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану:

– мәтіндік,  дыбыстық, графикалық бейнеақпаратты  және  оның дереккөзін

жаңаша қолдану;

– баланың шығармашылық әлеуетін белсендіруіне көмек көрсету;

– музыка мәдениетіне қызығушылығын дамытуға ықпал ету;

– баланың рухани әлемін қалыптастыру мүмкіндігін береді.

Субъект  ретінде  мұғалім  жұмысының негізгі  принциптерін  іске  асыру

есебінен  ақпараттық технологияларды  пайдалану  тиімділігі  айтарлықтай

артады: 


АКТ 

пайдаланудың

жүйелілігі; 

мұғалімнің

компьютерлік

технологиялардағы

құзыреттілігі; 

жеке 


мүддесі 

және 


бастамасы;

шығармашылығы және т.б.

Музыка сабағында қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:

Кластер құрастыру.

Таза парақтың (сынып тақтасының) ортасына ойдың, тақырыптың «жүрегі»

болып табылатын түйін сөз немесе сөйлем жазылады.

Жан-жағына  осы  тақырыпқа  сәйкес  келетін  ойды,  деректі,  бейнені  ашатын

сөздерді  немесе  сөйлемдерді  шашырата  орналастыру  («Ғаламшар  және  оның

серіктері» моделі).

Жазу  ретіне қарай  пайда  болған  жаңа  сөз  түйінді  түсінікпен  түзу  сызық

арқылы жалғанады.




39

Нәтижесінде

мұғалімнің

ойын


графикалық

бейнелейтін, 

берілген

тақырыптың ақпараттық аясын анықтайтын құрылым пайда болады.

Кластерлермен  жұмыс  жасауда  келесі  ережелерді  есте  сақтау қажет:  ойға

келгеннің барлығын  жазып  отыру; қиял  мен  интуицияға  ерік  беру;  уақыт

аяқталғанша немесе идея сарқылғанша жұмысты жалғастыру және т.б.

Мысалы, «Опера» тақырыбы. Оқушылар осы ұғыммен байланысты сөздерді

жазады.  Топпен  жұмыс  жасауды ұсынуға  болады.  Сонан  кейін  топ  спикері

тыңдалады,  материал  жинақталып,  талданады.  Келесі  іс-әрекет  жиналған

материалдан  ақпарат құрастыруды  көздейді.  Осылайша,  балалар өздігінен

сабақтың тақырыбын  және өз  ой-өрісі  аясында  жаңа  материалды  түсіндіре

алады.

Жаңа  тақырыпты  түсіндіру  процесінде проблемалық-іздестіру



әдісін

қолданған  жағдайда өте әсерлі  болады. Мысалы,  6-сыныптағы  «Қазақстан

музыка  мәдениетін қалыптастыру»  тақырыбын  түсіндіруде  проблемалық

жағдаят тудыруға болады және оқушыларға республиканың осы саладағы даму

және  одан әрі қалыптасу  проблемасын  шешетін  «Қазақстанның мәдениет

министрі» рөлінде болуды ұсынуға болады. Жұмыстың топтық немесе дара түрі

болжанады.

Бұл  орайда  «Мен – жасампазбын»,  «Мен – зерттеушімін»  тұлғалық

ұстанымын

қалыптастыруды,  оқушылардың

дербестігі  мен

өзінің


ішкі

шығармашылық  әлеуетін  пайдалануын  дамытуды  бақылап  отыруға  болады.

Сабақтың

осы 


тақырыбының

практикада

қолданылуын 

компьютерлік

презентация (топтық, дара) құру арқылы іске асыруға болады.

Оқушылар сабақтағы шығармашылық қызмет процесінде драматург, сазгер,

музыкант 

және 


оркестр 

дирижері, 

орындаушылар, 

жанды


музыка

тыңдаушылары рөлінде бола алады. Іс-әрекеттің осындай рөлдік алуан түрлілігі

әрбір  оқушының шығармашылық  әлеуетін  ашуға  мүмкіндік  береді,  ал  мұғалім

тек қана ашықтық, еркіндік және сенім білдірушілік ахуалын жасай отыра, оны

бағыттайды және жандандырады.

Нәтижесінде  музыкалық шығармашылық табиғатына,  көркем-бейнелік

ойдың дамуына қол  жеткізілді.  Мысалға, Павлодар қаласындағы  №  17  жалпы

білім беретін саралай оқытатын бейіндік мектептің технология, бейнелеу өнері,

сызу 

пәндерінің



мұғалімі

Қ.К.


Тілеубаева 

сабақта 


оқушылардың

шығармашылық  қабілетін  дамыту құралы  ретінде қазақ халқының ою-

өрнектерін  шеберлікпен  пайдаланады.  Балалар  пайдалы  да әдемі  бұйымдар

жасау  процесіне қатысады,  бұл  олардың рухани  дамуына  ықпал  етеді,

эстетикалық талғамын қалыптастырады, өздік  жұмысқа  бейімдейді.  Тіпті

өнеркәсіп өндірісі  жағдайында  сәндік-қолданбалы  бұйымдар  жасауда  да қол

еңбегі  кеңінен қолданылады.  Сондықтан  оқушылардың осындай  бұйымдар

жасауда  алған  білімдері  мен  біліктері  міндетті  түрде  келешекте,  мамандық

таңдауда пайдаға асады.

Мұғалім  тәжірибесінің мәні – балалардың шығармашылық біліктерін

дамытуда  технология,  бейнелеу өнері  сабақтары, үйірмеде  шұғылдануы

кіріктіріледі,  бұл өз  кезегінде – қазақстандық патриотизмді  тәрбиелеу,




40

шығармашылық  қабілеттерді  дамыту,  нәтижелі  және  шығармашылық  қызмет

тәжірибесін алуды қамтамасыз етудегі қажет шарт.

Технологиялық мәдениет өскелең  ұрпаққа  білім  берудегі  міндеттер  мен

мазмұнға

өз  ықпалын  тигізеді.  Білім  беру  жүйесінде  оқушылардың

технологиялық мәдениетін  және

ғылыми  білімдерін  пайдалана  отырып

түрлендіру қызметіне  даярлығын қалыптастыру  мақсатында  технологиялық

дайындығы да іске асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет