Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


 Мектепті  жаңарту  жағдайында  технологиялық, экологиялық



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
2.3 Мектепті  жаңарту  жағдайында  технологиялық, экологиялық

мәдениет және салауатты өмір салтын қалыптастыру

2.3.1 Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру

Технологиялық мәдениет, әмбебап  мәдениеттің бір  түрі  бола  отыра, адам

және қоғам өмірінің барлық жағына ықпал етеді. Ол негізінде табиғатқа, қоғам

және  адамға  көзқарастың технологиялық жүйесі  жатқан  технологиялық

дүниетанымды қалыптастырады.  Технологиялық эстетика,  технологиялық

мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отыра, дизайндық білімдерде әсемдік заңдары

бойынша түрлендіру қызметін іске асыру біліктері мен қабілеттерінде көрінеді.

Психология және педагогикада осы міндеттерді іске асыруда еңбек сабақтарына

ерекше рөл бөлінген. Еңбек әрекеті белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға,

логикалық ойды  дамытуға, әділ  шынайылықтың  құбылыстары  мен  фактілерін

ғылыми түсінуіне ықпал ететін білім көзі, танымдық қызығушылықтың түрткісі

болады.


Соңғы  он  жылдықтарда технология  түсінігінің мазмұны  мен қолдану

саласы  айтарлықтай өзгерді.  Ол қазіргі  кезде  адам  іс-әрекетінің  өзара  тығыз

байланысты материалдық, рухани сияқты, әлеуметтік аспектісін де қамтиды.

«Технология» пәнінің мазмұнын меңгеруде оқушылар:

көптеген  баламалы  тұрғыдан  түрлендіру қызметінің тиімді  тәсілдерін



олардың табиғат, қоғам  және  адамның  өзі үшін  салдарларын  саналы  және

шығармашылықпен таңдау;

– жүйелі, кешенді ойлау;

– өздігімен орындалатын қызметті ақпараттық қамтамасыз ету қажеттілігін

айқындау;

– үздіксіз жаңа білімдерді меңгеру, оларды қызмет әдістері және құралдары

түрінде қолдану.

Оқушылардың

шығармашылық  қабілеттері  жобалық

тапсырмаларды

орындау процесінде дамиды.

«Технология»  жаңа  білім  беру  саласы  бағдарламасы  жоғары  сынып

оқушыларының кем  дегенде  бір  шығармашылық жоба  орындауын  көздеген.

Оқушылардың шығармашылық жобасының дәл өзі әрбір өскелең жанның

технологиялық білімін,  технологиялық мәдениетін қалыптастыруына  ықпал

етеді,  ол  тіршілік  ортасына,  елдің ресурстарын  барынша  тиімді  пайдалану,

табиғат  байлықтарын  және  адам әлеуетін  күшейтуге  басқаша қарауына

көмектеседі.  Оқытудың жаңарған  жобалық  әдісі  оны  дұрыс  пайдаланған  кезде

тұлғаның қабілеті мен біліктілігін айқындауға және дамытуға мүмкіндік береді.

Жобалар әдісін қолдану  оқушылардың  өзара  және  ересектермен  іс-әрекеті

мен қарым-қатынасының туындауына  ықпал  етеді,  мақсатқа қол  жеткізуде

тұлғаның шығармашылық  ұмтылысы  іске  асады,  жоспарланған  нәтижеге қол

жеткізіліп қана қоймайды,  сонымен қатар  оқушының ішкі  дүниесінің дамуы

жүзеге асырылады.

Жобалаудың тәрбиелік  рөлі  осы  еңбек қатынастарының оқушылардың

рухани өмірінде,  олардың ойы  мен  сезімін  түсінуінде,  тұлғаның ерік  күшінің




36

кеңдігі  мен  тереңдігінде    көрінуіне  байланысты.  Еңбек  тәрбиесінің желісі

ретінде  адамдар  арасында  еңбек  процесі  кезінде  туындаған әсемдік қатынасқа

енгенде ғана балада еңбекке сүйіспеншілікті тәрбиелеуге болады.

Оқушыларға  технологиялық білім  беруде  жетекші  ретінде  жобалар әдісін

қолдану дидактикалық қызметтерді іске асыруға ықпал етеді.

Технологиялық білім  берудің

жаңа  тұрғыдағы



білім  беру

қызметі

оқушыларды  негізгі  технологиялық білімдер,  біліктер,  терминологиялармен

таныстыруды білдіреді.

Оқушылардың

технологиялық

білімінде  жобалар

әдісін

қолданудың



тәрбиелік қызметі тұлғалық  қасиеттерді:  іскерлік,  алғырлық, жауапкершілік,

орынды тәуекел жасауды және т.б. дамытудан тұрады. Оқушылардың жобалық

қызметтері  олардың  қызығушылықтары  мен қабілеттерін  іске  асыру, өз

еңбегінің нәтижесі үшін жауап беру мүмкіндігін жасайды, табыс әрқайсысының

қосқан үлесіне байланысты деген сенімді қалыптастырады

Технологиялық білім  беруде  жобалар әдісін қолданудың дамытушы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет