Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет26/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Тəрбиелік қызмет. Арнайы  жүргізілмегеннің  өзінде  де  жақсы тəрбие

ұлттық тəлім береді. Дегенмен, ұлттық сана-сезім, қазақы мінез-құлық, діл мен

рухты  оқушылар  бойына  сіңіру,  жүрегіне ұялату  арнайы ұйымдастырылған,

кешенді əрі жүйелі түрде жүретін тəрбие жұмысын қажет етеді.

Бұл  жердегі  алтын  арқау – мəдениеттің дəстүрлі құндылықтары.  Көп

жұрттан оқ бойы алда тұрған жапондықтардың өзі мектептеріне рухани биіктік

пен мəдени тереңдік керек деп есептейді.

Əлеуметтік-мəдени қызмет. Қазақстанда қазақ мəдениетінің дамуына баса

көңіл бөлінуі тиіс.




65

Біздің  қазақ мəдениеті – халқымыздың мыңдаған  жылдар  бойғы  асыл

қазынасы,  тыныс-тіршілігінің жəне өмір  нəрінің  қайнары. Əрине,  оқыту  мен

тəрбиелеу  сапасы ұлттық мəдениеттің даму  дəрежесіне  тəуелді,  бірақ мектеп

дидактикалық жəне  тəрбиелік қызметтерін  күшейте  отырып,  елдің əлеуметтік-

мəдени өміріне  де  оң ықпал  ете  алады.  Ол үшін ұзақ жылдар  бойы

идеологиялық 

құралға 


айналдырылған 

оқу-тəрбие 

орыны 

мəдениет


институтына айналуы қажет.

Ағартушылық  қызмет. Ұлтымыз бен  жеке  тұлғаның этностық-мəдени

сұраныстарына  педагогтік қолдау  көрсету  керек.  Мектеп – əрбір  ауыл,  елді

мекен  мен қала  ықшам  аудандарының мəдениет  ошағы.  Ата-аналар  да,  басқа

тұрғындар да өздерінің тілдік-мəдени мүдделеріне негізінен

мектептің ағартушылық  қызметі  арқылы қол  жеткізеді.  Бұл жұмыстың

Қазақстан халқы бірлігін, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде де маңызы зор.

Ұлттық мəдениетті  сақтаудың кепілі  ретінде қазақ мектебінің алдында

тұрған  аса  зор  жауапты  міндет  төл  мəдениетіне  уызынан қанған, өзге

мəдениеттерді  танып, əлемдік құндылықтарды  игеру  арқылы  рухани  баю  мен

дамуға бағыт ұстаған көпмәдениетті тұлғаны тəрбиелеу болып табылады.

Көпмәдениеттi  тұлға,  ең алдымен, тұтас  дүниетанымға ие  болуы қажет.

Бұл  мұндай  тұлғаның

дүниедегi,

әлеуметтiк  орта  мен  мәдениеттегi

байланыстары  мен қатынастарының күрделi, өзара  байланысты  және өзара

астарлас  сипатын  көрсетуге  мүмкiндiк  беретiн  бiлiмi  мен  бiлiгiнiң жүйеге

қалыптасқанын бiлдiредi. Тұтастық – жоғары дамыған және тиiмдi оңтайланған

дүниетанымның өлшемi.

Көпмәдениетті тұлға төл мәдениетін игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы

беріледі. Әр  адамның жалпы  адамзаттық  құндылықтарға, әлемдік  мәдениетке

құштарланғанда  табан  тірер  тұғыры − төл  мәдениеті, өзгелердің  өркениетіне

тәнті болғанда − мақтаныш ететіні де ұлттық рухани қазына.

Ұлт мəдениетсіз өмір  сүре  алмайды.  Мəдениет  те ұлтсыз  болмайды.

Жойылып  кеткісі  келмеген қай ұлт  болмасын  ең алдымен  мəдениетін  сақтап,

дамытып, туындатып отыруы керек. Төл мəдениетін қорғамайтын ұлт – ертеңін

ойламайтын ұлт.

Мəдениеттің де  басты қызметі – этносты қорғау,  сақтап қалу.  Себебі

мəдениет − этностың  қуат өрісі,  панасы,  бар  болмысы,  тыныс-тіршілігі.

Айналып  келгенде,  этносты қанша  көп  болса  да  адамдар  емес,  мəдениет қана

сақтай  алады.  Мəдениет  арқылы  халық  өзінің тарихи  тағдырынан  тамырын

үзбейді. Ұлттық мəдениет − этностық  құндылықтар,  рəміздер  мен  наным-

сенімдердің, мінез-құлық үлгілерінің құр əшейін  жиынтығы  емес,  сол ұлттың

рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті.

Көпмәдениетті тұлға болу үшін тілдік сана қажет. Тіл – дүниеде адамзатқа

ғана тəн баға жетпес қасиет. Онсыз адам хайуанмен тең. Ана тілі – əр адамның

өз ұлтының жан-дүниесі  мен  мəдениетінен, ғасырлар  бойы  жиған  рухани

азығынан нəр алатын кіндік тамыры. Онсыз адам – мəңгүрт.



66

Ұлттық тіл – əр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс-

тіршілігі  мен  сезім-түсінігін ұрпақтан ұрпаққа  жеткізетін  күретамыр.  Онсыз

халық – аты бар да, заты жоқ тобыр.

Мемлекеттiк  тiл – мемлекеттiң бүкiл  аумағында қоғамдық  қатынастардың

барлық саласында қолданылатын  мемлекеттiк  басқару,  заң шығару,  сот  iсiн

жүргiзу  және  iс қағаздарын  жүргiзу  тiлi. Қазақстан  халқын  топтастырудың аса

маңызды  факторы  болып  табылатын  мемлекеттiк  тiлдi  меңгеру – Қазақстан

Республикасының әрбiр азаматының парызы [27].

Ана  тілін,  мемлекеттік  және  шетел  тілдерін  білу ғана  дүниенің бар

құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді.

Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін,

сонымен қатар әлемдік әдебиетті  білудің маңызы ерекше болмақ.  Әлемдік

әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен таныс

болу үшін алдымен орыс  тіліне  жүгінетініміз  сондықтан. Соңғы  жылдары

классикалық  әдебиетті,  дәуір қаламгерлерінің шоқтығы  биік  шығармаларын

қазақ тілінде  меңгеруімізге қажетті  жағдайлар жасалып  келеді. Қазақстан

Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге  келген

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы

бойынша әлем әдебиетіндегі

көркем

шығармалардың



жүзге  жуық

озық үлгілері

қазақ тілінде жарыққа шықты.

Егер


әлем

әдебиетімен

таныс  болу

парасатты,  мәдениетті,  тәлімді  адамды

тәрбиелеуге  ықпал  етсе, қазақ  әдебиетін  білу  мұның сыртында ұлтжандылық

пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек.

Анасының  әлдиімен  айтылған  бесік  жыры – жас  сәбидің  құлағына

шалынатын  алғашқы әдеби  нұсқа. Әжесі  айтатын  ертегі  арқылы  балдырған

ауыз әдебиетінің  үлгілерін  санасына  сіңіреді.  Сол  бесік  жыры,  сол ғажайып

ертегі ұл-қызымызға қай  тілде  жетті, өз ұлтының  қазынасы  ма,  мәселе осы

арада.  Ана  тілінде  бесік  жырын  естімей өскен  адам  этносының  әдебиетіне  де

жете мән бермейді.

Бесік  жыры – ұлт әдебиетіне  баспалдақ болса, ұлт әдебиеті –әлемдік

әдебиетке  бастар  жол. Қазақтың кейінгі ұрпақтары  бесік  жырын  ана  тілінде

естімей өскендіктен  кезінде  мәңгүрттікке ұрынды.  Асанқайғыдан  бастап,

Сұлтанмахмұтпен  аяқталатын

бес

ғасырлық


жыр  дастан  дүлдүлдерінің

туындыларын  окымай өскен ұрпақтың бойында ұлттық сезім  кемшін  түсіп

жатты.  Абайды әлемге  енді  танытып  жатырмыз,  ал өзіміз  танып  болдық па?

Ендеше, тілдік сана көпмәдениеттіліктің бір белгісі екен.

Көпмәдениет  иесі – тарихи сана белгілерін мол меңгерген  адам.  Айналып

келгенде, тарихи  сана – этностық және  жалпы  мемлекеттік  сананың негізі.

Ұлттық ой-сана,  этностың мыңдаған  жылдық аңыз-әфсанасы,  бейне-белгілері,

наным-сенімдері  халықтың тарихын  білу  арқылы ғана  ерекшеленеді.  Туған

жердің,

онда


өмір  сүріп  отырған  халықтардың,

бір  кездегі  жасаған

мемлекеттердің шежіресін білу тарихи сабақтастықты, тамыр тереңдігін, талай

жылдардан  бері  іргелес қоныстанған  халықтар  тағдырының ортақтастығын

білдіреді.



67

Тарихты тану дәрежеміз, бұған дейін қалай болғаны белгілі. Әлемдік тарих

бізге  мәдениеттердің  өзара  ықпалының, этносаралық байланыстардың тарихы,

сәулет пен қолөнердің тарихы ретінде емес, қанды шайқастардың, мемлекеттер

қақтығысының, таптар  күресінің тарихы күйінде  оқытылып  келгені өкінішті.

Бір ғана мысал, жүйелеп оқысақ, «Ұлы Жібек жолы» тарихының өзі бізге талай

өркениеттерден мағлұмат берер еді.

Осындай өркениеттердің ізі  болып  табылатын  төл  тарихымызды  оқығанда

ең алдымен мәдениет тарихына ерекше маңыз берілуі тиіс. Бұл пән әзірге орта

мектеп  бағдарламасынан  орын ала алмай  келеді.  Жоғары  оқу  орындарына

соңғы  жылдары  енгізіле  бастаған  ол  көп  мәдениетті  тұлға қалыптастыру

міндеттерін шешуге септігін тигізбек. Пән мәдениеттер тарихын, әлемдік және

ұлттық философия, дәстүрлер  мен әдет-ғұрыптар тарихын оқытудан  бағытын

жазбаса, рухани дамыған, сан қырлы мәдениетті меңгерген, әрі бағалай білетін

адам-дарды тәрбиелеуге едәуір ықпал етпек.

Тарихи сананы қалыптастыру тарихи танымның дұрыс қалыптасуына

тәуелді. Ал тарихты тану қазіргі деректерді білу ғана емес сол тарихи оқиғалар

мен  деректерді  талдау  арқылы  ақиқатқа  жету. Осы тұрғыдан келгенде

Қазақстан тарихы әлі де болса толық танылмай жатыр десек, артық айтқандық

болмаса  керек.  Бұған  тарихты  идеологияның  құралына  айналдырған  кешегі

кеңестік жүйенің негізгі себеп болғаны белгілі.

Жалпыадамзаттың асыл қазынаның ішінде  ерекше  мəн  беріп, құрметпен

аталуға  тиісті – діни құндылықтар.  Дін – халық рухының ажырамас  бөлігі,

этнос құраушы  күретамыры, ұлттық мəдениеттің мəйекті  бұтағы.  Ол,  сайып

келгенде, ұлтжандылықты, ұлтішілік  жəне  елішілік  бірлік  пен  ынтымақты

уағыздайтын  тəлім-тəрбие  көзі.  Дінге  тек  соқыр  сенім  немесе құлшылық ету

түрінде қарау – үлкен қателік,  себебі  дін,  ең алдымен,  рухани құбылыс,

адамгершілік-имандылық жəне эстетикалық тəрбиенің алып діңгегі.

Діни құндылықтардан ажырап, не айырылып қалған халықтың білімі шала,

тəрбие  ісі  кемшін  болады.  Діни  мəдениет  інжу-маржандарын  мансұқ еткен, не

олардан  хабары  болмаған  адамның тұлға  ретінде, ұлтжанды, өнегелі  адам

ретінде  толыққанды өсіп,  дамуы қиын.  Дін,  діни  сенім  мəселесінде  талай  жыл

теперіш көріп, рухани жұтаңдыққа əбден бой алдырған қазақ халқы үшін мұны

ескермей  болмайды.  Тəуелсіздікпен  бірге  дініміз  де  оралды,  мұсылмандық

парызын өтеуге ұмтылушылар  саны  күрт өсті,  ислам  дінінің имандылық-

əдептілік, тəлім-тəрбиелік оң əсері күшейді. Əрине, Қазақстанда мектеп діннен

бөлек, бірақ ол мейірбандық, кішіпейілдік, имандылық сияқты ізгі қасиеттердің

өтпелі кезеңдегі қоғамымызда  көбейіп  кеткен  адамзатқа  жат қылықтардың

жолын  кесіп,  ар-ұят,  обал-сауап,  адал-арам  т.б.  мұсылмандық нормалардың

төрден  орын  алуына қызмет  етуі,  сөйтіп, өзіне  тəн, əрі  заңды  жолдармен  жеке

тұлғаның діни  санасының қалыптасуына өз үлесін қосуы – үлкен əлеуметтік-

мəдени міндет.

Дінді саясаттандыруға болмайды. Балалар мен жастардың бойында елімізге

сырттан енуші  түрлі радикалды  ағымдарға қарсы әрекет ете алатын  дағдылар

қалыптастыру – маңызды  міндет.  Ислам  фундаментализмі  деген  мен  діни



68

экстремизмге берік тосқауыл қою аса маңызды, олардың нағыз ислам дініне үш

қайнаса сорпасы қосылмайтындығын түсіндіре де, көрсете білу керек. Бұл істе

де мектептің рөлі зор. Ислам – адамзат рухани əлемінің кəусар бұлағы.

Ерекше мəні бар тағы бір мəселе – жастардың əлемдік дін тарихын білуі. Ол

елімізді  мекен  ететін  көптеген  халықтардың адамгершілік  мүдде-мақсатының,

рухани ұмтылыстарының, əдептік-əсемдік  талғам-талаптарының ортақтығын

көрсетеді.

Өзара  түсіністік  пен  төзімділік  мəдениетін

құқықтық


жəне

имандылық тұрғыдан

қамтамасыз  ету,

қоғамда əр  түрлі  діни  сенімді

ұстанушыларға байсалды  көзқарас қалыптастыру – білім  беру  саласы  мен

ұйымдарының маңызды ісі.

Əлемдік қоғамдастықтардың тұтастығы ұлғайып,  жаһандану  процесі  бел

алып, ұлттар  мен  этностардың əлеуметтік-мəдени өмірін үйлестіру  процесі

қарқынды жүріп  отырған қазіргі  таңда  жан-жақты  мəдениетті  тұлға  айқын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет