Көпмәдениеттi тұлға деп өз мәдениетi арқылы өзге мәдениеттерге бағыт
ұстаған адам ұғынылады. Төл мәдениеттi терең бiлуде ол өзге мәдениеттерге
қызығушылықтың iргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу − рухани баю мен
дамудың негiзi болады.
Елімізде көпмәдениеттілік туралы ойлар ұлы ғалымдар мен ағартушылар
әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, М.Х. Дулати, Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұрасынан
бастау алады.
Көпмәдениеттілік білім беру идеясын алғаш көтергендер қатарында ғалым-
философтар М.М. Бахтин, Н.А. Бердяев, Н.О. Лосский болды. Қазақстанда бұл
мәселе тәуелсіздік алған кезден бері кеңінен зерттеле бастады, ғалымдар
М.А. Абсатова, М.Х. Балтабаев, Р. Башарұлы, Қ.Б. Бөлеев, Б.А. Жетпісбаева,
К.Ж. Қожахметова, Ш.М. Мұхтарова, С.У. Наушабаева, В.В. Сергеева, С.А.
Ұзақбаеваның және т.б. еңбектері жарық көрді. Көпмәдениетті білім берудің
теориясы мен практикасына шетелдік ғалымдар В.С. Библер, Дж. Бэнкс,
Р. Гарсия, К. Грант, Д. Голлник, А.Н. Джуринский, Г.Д. Дмитриев, В.А. Ершов,
Л.В. Колобова, М. Коул, Д. Ли, В.В. Макаев, З.А. Малькова, Л.Л. Супрунова,
Е.Ф. Тарасов, В. Фтенакис, Ф. Чинн, А.В. Шафрикова үлкен үлес қосты.
Бүгінгі таңда әлемде кең өріс алып отырған көпмәдениетті білім берудің
басты мақсатын айқындауды
ғалымдар бірнеше тұрғыда
қарастырады.
Америкалық ғалымдар, мысалы, ең бастысы − америкалық қоғамның әрбір
мүшесі өздерінің нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, гендерлік, мәдени және діни
айырмашылықтарына
қарамастан, білім берудің барлық деңгейінде сапалы
білім алуы деп санайды. Ресейлік зерттеушілер мұндай білімнің негізгі мақсаты
өскелең ұрпақты мәдени өзгешеліктерге
құрметпен қарауға тәрбиелеу және
көпмәдениетті ортада өмір сүруге даярлау деп есептейді.
Отандық ғалым-педагогтар көпмәдениетті білім берудің басты мақсаты:
ұлттық құндылықтарға (ана тілі, төл мәдениеті, тарихи жады, салт-дәстүрлері
және т.б.) ұқыпты қарауға тәрбиелеу; тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін
жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге деген оң қарым-
қатынасқа тәрбиелеу; әлем мәдениетінің негіздеріне бейімдеу және басқа халық
өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; оқушылардың ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру деп есептейді. Тағы бір ерекшелік:
Қазақстанда көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту міндеттерін
көпмәдениетті білім беру жүйесімен қатар, этностық-мәдени бiлiм беру саласы
да атқарады.
Көпмәдениеттi тұлғаны
қалыптастыруға
бiлiм беру жүйесi
арқылы
барынша тиiмдi қол жеткiзуге болады. Бұл міндетті орындауда көпмәдениеттi
білім және этностық-мәдени бiлiм жүйелері үлкен рөл атқарады.
Көпмәдениеттi білім беру
−
жалпы білім берудің
этносаралық
интеграцияға
бағытталған,
мәдени-білім
құндылықтарын
игеруді
қарастыратын, этностық және ұлттық ерекшеліктерді тәрбие жұмысының ең
маңызды факторы деп есептейтін маңызды құрылымы.
Көпмәдениетті білім беру міндеттері:
63
− оқушылардың өзге мәдениеттерге кірігудің міндетті түрдегі шарты
ретінде өз халқының мәдениетін терең де жан-жақты меңгеруі;
− оқушыларда адамзат прогресіне ықпал ететін және тұлғаның өзіндік іске
асыру шарттарына жауапты
әлемдегі және
Қазақстандағы мәдениеттің
көптүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, мәдени айырмашылыққа оң қатынас
тәрбиелеу;
− оқушыларды басқа халықтардың мәдениетіне кіріктіру үшін жағдайлар
жасау;
− өзге мәдениет өкілдерімен өзара тиімді іс-әрекет етудің біліктері мен
дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
− оқушыларды бейбітшілік, төзімділік, гумандық ұлтаралық қатынас
рухында тәрбиелеу;
− этнотолеранттылықты дамыту;
− оқушыларда ұлттық өзіндік сана, өз халқының тарихына қызығушылық
сезімін қалыптастыру;
− оқушы тұлғасының қазақстандық мәдениетке қатысты саналы, жағымды
құндылықты бағдарларын қалыптастыру;
− тұлғаның өзге мәдениет элементтерімен өзара іс-әрекет үшін негіз
болатын этнопедагогикалық ортаны пайдалану;
−
оқушылардың
тұлғалық,
мәдени
өзіндік анықталу
қабілеттерін
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |