Мектептегі тамақтандыру жұмысының жүргізу ережелері Жетісу облысы Көксу ауданы «Жамбыл атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектепте»


Аталған өнімдер мектеп қабырғасында сатылса ше?



бет3/3
Дата05.03.2023
өлшемі492,38 Kb.
#71637
1   2   3
Байланысты:
сайтқа салатын ақпарат

Аталған өнімдер мектеп қабырғасында сатылса ше?
Ондай жағдайда не істеу керек?
– Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар күнделікті тексеру жүргізуі мүмкін емес. Сондықтан, егер мектеп асханаларында немесе буфеттерінде сатуға тыйым салынған тамақ өнімдерінің сатылу фактілері анықталса, жергілікті аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына жазбаша түрде өтініш жіберуге болады.
Сосын ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелерінде өтініш тіркелгеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізу арқылы шешіледі.
Тексеру жүргізудің басталатыны туралы кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын айтылу керек
– Осы аралықта заңды тұлғаның басшысына немесе оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Жарты жылда 1 рет, яғни жылына 2 рет тексеріс болады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мамандары тексеру жүргізу мектеп асханаларынан алынған тағам өнімінің сапасын анықтау үшін микробиологиялық және санитариялық-химиялық зертханалық зерттеулер жүргізеді.
Аспаздық өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау жүргізіледі
Жоғарыда айтып өткеніміздей, маусымдық екі апталық мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде оқушылардың мектепте болу ұзақтығы, жас ерекшелігі ескеріледі, витаминді-минералдық кешенмен байытылған тағам өнімдері көзделеді.
– Мектеп асханаларында күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бұл дегеніміз – тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын мерзімдік бағалау. Яғни, күн сайын бракераж комиссиясы тағамдардың дәмін татып, нормалардың қаншалықты ескерілгенін тексереді. Олар кімдер?

  • Міндетті түрде медицина қызметкері;

  • Әкімшілік қызметкер;

  • Өндіріс меңгерушісі;

  • Ата-аналар комитетінің өкілі білім беру басшысының бұйрығымен Комиссияның мүшелері ретінде айқындалады.

Қорытындыларын бағалау журналына енгізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет