Билет №6 Сегізінші сыныпта оқитын бір ұлдың қызға жазған хаты мұғалімнің қолына түседі. Ал ол: «Ромео болғаныңа!» деп, хаттағы грамматикалық қателерді жөндей бастайды. «Ромео» болса мұғалімге ренжіп, үш күн бойы сабаққа келмейді.
Кәсіби тұрғыдан педагогтың әрекетін бағалаңыз.
Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз?
Неліктен?
Билет №7 Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді.
Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез- құлығына талдап жасаңыз.
Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?
Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Билет №8 Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған . Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетін көрсетіңіз?
Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.
Хат иесін жариялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.
Бұған қалжыңмен қарау
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Билет №9 Сыныпта оқушылар шуынан шаршаған мұғалім, ашуланып: "Мектепке не үшін келесіндер осы? Келгеннен кейін бірнәрсе үйреніп кету керек қой" деп, ұрысты.
Бір оқушы: "Достарымызбен сөйлесуге келеміз " деп жауап берді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Билет №10 Бақылау жұмысы кезінде оқушы дәретханаға сұранады.
Мұғалім:
-Әрине шығып кел, бірақ телефоныңды қалдырып кет,-дейді.
Оқушы:
- «Жоқ, ата- анам телефоныңды қандай жағдай болмасын тастама деген, кім біледі қандай жағдайлар болатынын» деп жауап береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?)
Билет №11 Мұғалім оқушыларға "Дәптерлерлеріңді ашып, жазыңдар...." дейді. Мұғалім бір оқушының жазбай отырғанын көріп:
Неге жазбай отырсың? - дейді.
Оқушы:
- «Жазып не істеймін, мен мұқият тыңдап отырып, есімде сақтап аламын» –деді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).
Билет №12 Бірнеше оқушы сабаққа 15 минутқа кешігіп келеді. Мұғалімнің
неге кешігіп жүрсіндер? деген сұрағына, оқушы «Асханада болдық» - деп жауап берді.
Нәтижесінде мұғалім оқушыларды сабаққа кіргізбеді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Билет №13 Сіз мұғалімсіз. Сіз тақтаға тапсырма жазғанда бір сөзден қате жібересіз, сыныптағы бір оқушы соны байқап қалып, даусын қатты шығарып айтады, оқушылардың барлығы көреді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?