Мектептен қайтып келе жатып үнемі сабаққа келмейтін сыныптасыңыздың көлік жуып жүргенін көріп қалдыңыз



бет4/5
Дата06.06.2023
өлшемі32,25 Kb.
#99134
түріСабақ
1   2   3   4   5
Педагогикалық жағдаят №22
Педагог ұялы телефон қолынан түспейтін оқушыға: Ұялы телефонды дыбыссыз режімге қойыңыз не болмаса өшіріңіз дейді. Оқушы болса – мен олай жасай алмаймын, себебі мен ватсапта отырмын. Мен ешқашан телефонсыз жүре алмаймын, ұйыктасамда телефонмен бірге ұйыктаймын дейді.


Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №23
Жартыжылдық қорытынды бақылау жұмысы кезінде оқушы әжетханаға сұранады. Мұғалім рұқсат берді - тек телефонды тастап кетуін талап етті. Оқушы «Жоқ тастамаймын, анам айтқан телефонды тастама деп, себебі қазір әртүрлі жағдайлар болып жатыр деген» - дейді.


Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Билет №24
Сіздің сыныптасыңыз біреудің телефонын ұрлап алды. Сіз ұрлықтың куәгері болдыңыз.

  1. Көрмегендей кейіп танытам. Себебі, ол менен мықты, білсе соңы қиын болуы мүмкін.

  2. Ересектерге (мектеп директорына, мұғалімге) хабар берем.

  3. Сыныптасымның ата - анасына айтамын.

  4. Осы жағдайды сынып талқысына салам.

  5. Сыныптасыммен сөйлесіп, оның қылығының дұрыс емес екенін түсіндіріп, кешірім сұрай отыра телефонды иесіне қайтарып беруін сұраймын.

  6. Басқа шешім.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Билет №25
Сіз – сынып жетекшісіз. Ата-аналар сыныпқа соңғы үлгідегі компьютер сыйлап, оқу жылының аяқталғанын атап өтуді ұсынды.
Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз:

  1. Сыйлықты қабылдап, шақыруға келісем.

  2. Сыйлықтан бас тартып, бірақ шақыруды қабыл алам.

  3. Бәрінен бас тартып, ата – аналармен әңгіме өткізем.

  4. Шақырудан бас тартам, бірақ сыйлықты қабыл алам.

  5. Сіздің шешіміңіз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Билет №26


Жасөспірім 14 жаста, үздік оқыды, оқу материалын жылдам меңгереді. Бір жыл бұрын ата-анасы оған жақсы оқығандығы үшін компьютер сыйлады. Қазіргі күнде жасөспірім бос уақытының барлығын компьютер алдында өткізеді. Дұрыс тамақтанбайды, ұйқысы да бұзылған, жүйкесі тозып, агрессияға бейім болған. Мәселені шешудің қандай жолын ұсынар едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет