Мектепті ң стратегиялы қ жоспары


a. Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізу қамтамасыз етілген



бет3/14
Дата26.09.2022
өлшемі58,6 Kb.
#40287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
a. Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізу қамтамасыз етілген.
Мектеп микроауданында 1-ден 6 жасқа дейінгі 140 бала бар. Мектепке дейінгі тәрбиемен 44 бала қамтамылған. Шағын орталықтың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай, мектеп ғимаратында орналасқан. Ауыз су тасымалданса, жылу жүйесі шағын бу қазандығымен жылытылады.
b. Мектептегі білімнің инфрақұрылымы мен мазмұны, мемлекет ұсынған бірдей сапалы білім беру қызметтерін және 12 жылдық мектепке көшуді қамтамасыз етпейді
Қазіргі мектеп базасының материалдық-техникалық жай-күйі қазіргі заманның талаптарына әлі күнге дейін жауап бере алмай отыр. Мектеп 1989 жылы типтік жобада салынған. 3 қабатты, 704 орындық, 1 ауысымда жұмыс істейді.
Мектепте 1 мультимедиялық кабинет (2008 жылы пайдалануға берілген), 1 интерактивті әмбебап тақта кабинеті (2008 жылы пайдалануға берілген), 1 компьтерлік кабинет жұмыс жасауда. Бір компьютерге 12 оқушыдан келетін арақатынасқа қол жеткізілді. Мектепте dual-ap арқылы 4 телефон нүктесі интернетке қосылған. Интернет желісінің жылдамдығы 30-56 кб/c.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің, шеберлілігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі мектепте пәндік кабинеттің болуы болып табылады. Мектептегі 21 оқу кабинетінің үшеуі, яғни 14% ғана заман талабына сай жабдықталған. Мектепте қоғамдық‑гутанитарлық бақыттағы пән кабинеттерінің бірде бірі жабдықталмаған. Шеберханадағы құрал‑жабдықтар толығымен істен шыққан.
Мектеп жиһаздарының 90%, парталардың 60% ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.
2009 жылы мектеп микроауданында аз қамтамасыз етілген отбасының балалары 63-ті құрап отыр. 2009 жылы олар 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
2009 жылы білім беру ұйымдарындағы ағымдағы бюджет 51 500 мың теңгені құрап, міндетті оқу қорына 1 659 мың теңге бөлініп, 3,2 пайыз болып отыр.

    1. Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі

Мектеп микроауданында 1 тұлдыр жетім бала бар. Оған патронат тәрбиеші тағайындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет