Ұйымдастыру қызметі
қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады. Ал оны нақты — мұғалімдер, балалар, ата-аналар, жұртшылдық өкілдер атқарады. Сондықтан кез келген істі ұйымдастырғанда оны адамдық фактордың мүмкіндігін пайдалану және іске асыру тұрғысынан бағалаған орынды. Ұйымдастырушы орындау-шыларды алдын ала іріктеу, оларды жұмыс орны, уақыты және ұжымдық іске қатысу реттілігімен бөлу сияқты мәселелерді шешеді. Алдағы іс-әрекеттің мазмұнын, түрі мен әдістерін таңдауда нақты жағдай мен орындау-шылардың мүмкіндігін арақатынасын айқындау қажет. Бұл жерде нақты жағдай ретінде әрекетке қажетті еңбек заттары мен құралдары, олардың орналасуы мен өтетін орны және т.б. компонеттерді атауға болады. Басшының ұйымдастыру қызметінің құрамында алдағы әрекетті дәләлдеу, нұсқау беру, тапсырманы орындаудың қажеттілігіне деген сенім қалыптастыру, педагогикалық және оқушылар ұжымы әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, әрекеті ынталандырудың ең тиімді формасын таңдау маңызды орын алады. Сол сияқты басшының ұйымдас-тырушылдық қызметінде нақты істің барысы және нәтижесін бағалау да аса қажет сапалардың бірі. Сонымен бірге мектеп директорының ұйымдастырушылдық қызметі педагогикалық ұжымды, пікірлестер ұжымын қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыста басшының кәсіпқойлық, жалпы және педагогикалық мәдениеті, мектептің, оқушылар мен мұғалімдер қызметіне деген қызығушылығы, міндет қоя білу және іске асыруға қол жеткізе алу сияқты жеке қасиеттері маңызды рөл атқарады. Басшының ұйымдастырушылық мәдениетінің ендігі бір көрсеткіші-өзінің және қарамағындағылардың уақыттарын барынша тиімді етіп жоспарлау. Бұл жерде мектеп директорының әкімшілік қызметпен бірге белгілі бір пәннің мұғалімі ретінде педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру керек. Директордың негізгі уақыты әкімшілік қызметіне жұмсалады, бірақ оның педагогикалық қызметі өзге мұғалімдерге үлгі болатындай болу керек, сонда ғана директор ұстаздардың ұстазы бола алады. Бұл жағдай сабаққа дайындалуға, жаңа психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқуға көп уақыт бөлуді талап етеді. Сондықтан да уақытты мақсатты түрде пайдалана білу шеберлігі — мектеп директорының, мұғалімнің еңбегін ғылыми ұйымдастырудың негізі. Әсіресе мұғалімдердің де, басшылардың да жүктемесі шамадан тыс артып отырған кезде бұл әрекеттің маңызы арта түседі.
Мектепте басқару қызметінің ұйымдастыру шаралары. Мектептегі басқару қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, клуб мәжілістері, оқушылар комите-тінің отырыстарын атауға болады. Ендігі кезекте мектептің педагогикалық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметіне мектептің педагогикалық кеңесінің құрамы, құрылымы және оның қызметінің мазмұнын мектеп Жарғысы анықтайды. Педкеңестің жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп кеңесі мен педкеңес бірін-бірі қайталамайды, олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес -тікелей оқу-тәрбие процесімен және оны жетілдіру мәселелерімен айналысатын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады; Мемлекеттік стандарт талабына сай оқу бағдарламаларын, жоспар-ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және таңдау, сол сияқты оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын талқылау; Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері-нің біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау жұмыстары; Педагогикалық қызметкерлерді мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың пікірін ескере отырып аттестациялау өткізу, аттестация технологиясын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу, білім басқармаларының алдына категориалар, атақтар мен разрядтар беру туралы өтініш жасау; Тәжірибеден өту, біліктілік көтеру курсына, аспирантураға жіберетін мұғалімдердің кандидатурасын талқылау және бекіту, озат мұғалімдерді әртүрлі моральдық және материалдық көтермелеу шараларына ұсыну; Мектептің ғылыми-зертеу мекемелері және оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық одақтармен өзара байланысының негізгі бағыттарын анықтау; тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрылымында әдістемелік қызмет, орталық құру. Педагогикалық кеңес демократия-мен жариялылық жағдайында — дайындыққа мұғалім-дерді, оқушылар мен ата-аналарды қатыстыру арқылы өтеді. Педкеңесті өткізудің алдында сұрау салу, анкеталау, бақылау жұмысы, байқау өткізілуі мүмкін. Педкеңес мәжілісіне мектеп өмірі мен қызметінің принципті мәселе-лері еңгізіледі. Педкеңес мәжілісінің жүгін жеңілдету үшін мектептерде ұйымдастырудың директор жанындағы кеңес формасы қолданылады. Мектеп директоры жанындағы кеңес мұғалімдер, басшылар үшін міндетті болғандықтан онда оқу-тәрбие процесін ұймдастыруға тікелей қатысты мәселелер талқыланады. Ондай мәселелер қатарында оқу үлгерімі ішкі тәртіптің сақталуы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруды атауға болады. Директор жанындағы кеңесте жекелеген мұғалімдердің білім стандартын орындауы, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы жұмысы және т.б. мәселелер қаралуы мүмкін. Кеңестің өткізілуі жиілігін мектеп директоры белгілейді. Мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңесте оның әкімшілік компетенциясына жататын ағымдағы мәселелер қаралады. Бұндай кеңестерді өткізу мектептің тоқсандық немесе айлық жоспарында белгіленеді. Шұғыл ақпараттық кеңес мектепте оқу процесін ұйымдастыруға қажетті форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол бірінғай педагог қызметкерлер немесе тек оқушылар үшін, тіпті екеуіне де бірдей тақырыпта өткілуі мүмкін. Басқару қызметінің ұйымдық формаларын сабаққа және сыныптан тыс сабаққа, спорт жарыстары, кештер мен көркем студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады. Мектеп басшыларының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуді де қамтиды.
Балалардың мектепті басқару ісіне қатысуының тиімді формасы сайланбалы орган-оқушылар комитетінің құрамында жұмыс істеуі. Балалардың оқушылар комитеті-нің түрлі комиссияларына қатысуы мектеп өмірінде демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың бойында бастамашылдық пен жауапкершіліктің қалып-тасуына негіз қалап, қабылданған шешімді іске асырудың жеделдігін арттырады.
Мектепті басқарудың ұйымдық формаларын тиімді пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей байланысты. Педкеңес, директор жанындағы кеңес немесе ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогика-лық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы мен мүдделігіне қарай мақсатқа жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |