2023-2024 оқу жылындағы 5 сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспарды құруға негіз болған құжаттар:
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы"әдістемелік нұсқау хат, Астана, 2023 жыл;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен ;
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен);
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі»оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы базалық мазмұны
1. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері:
1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау;негізгі ойды анықтау; негізгі және қосымша ақпаратты анықтау; қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіру.
2) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну; лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктері; ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер; оқылым стратегияларын қолдану; қажетті ақапаратты таба білу.
3) жазылым:мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу; сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу; эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу.
4) әдеби тіл нормалары:
4.1.) орфографиялық норма: қазақ тілінің дыбыстар жүйесі; үндестік заңы; емле заңдылықтары;
4.2.) орфоэпиялық норма:ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал;
4.3.) лексикалық норма:сөздердің тура және ауыспалы мағынасы; көп мағыналы сөздер; синоним, омоним, антоним;
4.4) грамматикалық норма:туынды сөздер; күрделі сөздер: зат есімнің мағыналық түрлері; сын есім, шырай категориясы; сан есім, мағыналық түрлері; төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі;
4.5) пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.