7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу; 8. Жазудың бағытының дұрыстығы; Дұрыс жазу үшін: Бұл ережелер бірден емес 2 - 3 жылда қалыптасады. Жазу барысында бала көптеген талаптарды орындау қажет.
Көп жағдайда бала жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыруы, қаламсапты дұрыс ұстауы сияқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр балаға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау балаға жеңіл болған кезде ғана түзетеді. Бүгінде жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Балалар қаламсаппен жаза білу керек. Ол өте қолайлы және жеңіл
Қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бармақпен ұстаймыз. Сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап тұрады. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1,5-2 см болу керек. Жазу барысында сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау керек. Сияның түсі көк немесе көкшіл болу керек. бәрімізге таныс бірыңғай талаптар дегеніміз не? Олар: Дәптерді толтыру тәртібі.
Оқушы дәптерінің (немесе бақылау жұмысы парағының) сырты белгіленген үлгі бойынша 7-жолға (1-жол абзацтан басталынады) үнемі толыққанды түрде толтырылады. Мысалы: .............. орта мектебінің ..... – сынып оқушысы .............. қазақ тілі пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (... тоқсан соңында қазақ ...... пәнінен орындаған ....... жұмысы).
2. Дәптерге әрқашан бірінші жолдан (сызықтан) бастап жазылады.
3. Күннің жады міндетті түрде сөзбен жазылуы керек.
4. Күннің жадынан соң тақырып не жаттығу реті араға жол тастамай жазылады.
5. Тақырып не жаттығу ретінен соң бір жол тасталынып мәтін жазылады.
6. Мәтіннің бірінші жолы міндетті түрде (өлеңнен басқа) азат жолдаан басталынады.
7. Мәтіннен соң бір жол тасталынып келесі мәтін жазылады.
8. Жаттығу жұмыстарының арасына бір жол қалдырылып (ортаға жаттығу реті жазылады) отырылады.
9. Жиек сызығынан үш әріп еркін сиятын көлемде азат жол қалдырылады.
10. Абзацтан басқа жолдар жиек сызығына тақалып жазылады.
11. Дәптер парағын жартылай бос тастап пайдалануға болмайды. Ондай жағдайда баған түрінде жазу ұсынылады.
12. Әрбір әріп каллиграфия нормаларына сай салынуы тиіс.