Сынып тақтасына жазу тәртібі. Сыныптағы тақта қара немесе күнгірт жасыл түске боялуы тиіс. Тақтаның қабырғаға жабыстырылып, екі жағы ашылатын болу керек. Міндетті түрде тақтаның бір бөлігі дәптердегі сызықтармен тепе – тең прапорцияны сақтай отырып сызылуы тиіс. Әсіресе 1 – 2 сыныпта міндетті түрде тақтаның бір жағы жазу сабағына, екінші жағы математика сабағына арналып сызылуы керек. Тақтаның ортасына күнделікті күнді жазып отырады. Тақтаның ортасындағы жазу біркелкі болу үшін арнайы сызықпен сызылады. Мұғалім тақтаға ақ бормен жазады. Бор тақтаны сырып кетпеуі үшін жұмсақ болу керек. Кейде дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды ажырату үшін түрлі – түсті борлар қолданады. Мұғалім тақтаға жазғанда: біркелкі, байланысын дұрыс сақтап, бағытын дұрыстап жазу керек. Оқушы мұғалімнің жазуынан әріпті жазу үлгісін көруі тиіс. Тазалық пен дұрыс жазу барлық сабақтарда, сондай – ақ үйге тапсырма бергенде де сақталуы керек. Сабақ өту барысында мұғалім оқушыны тақтаға шығарып әріпті жазудағы қолының қозғалу бағытын байқап отыру керек. Байқай отырып тақтаға жазумен дәптерге жазудың бағыты бірдей емес екенін ескеру қажет.
Айырмашылығы мынада:
1. Дәптерге жазуда қолдың ұсақ бұлшықеттері жұмыс істейді. Ал, тақтаға жазуды қол бұлшықеттерімен қоса иық бұлшықеті де жұмыс істейді.
2. дәптерге жазуда көбінесе өзімізге қарай жазамыз және әріптің көлбеулігі дәптердің орналасуына байланысты жүзеге асырылады. Тақтадағы жазу оңға қарай жазылады. Бірақ екеуінің нәтижесі бір болуы тиіс.
Егер оқушының дәптердегі жазуының тексеру үшін мұғалім әріптің үлгісіне көз бағытымен қараса, тақтадағы жазуды тексеру үшін біраз жер алшақ тұру керек.