Тақырыптық бақылау Тақырыптық бақылау бүкіл оқу жылының барысында өткізіледі, оның мақсаты – педагогикалы құжымның, әдістемелік бірлестіктің (ӘБ), бір топ мұғалімнің, жеке мұғалімнің немесе сынып жетекшісінің жұмысындағы нақты бір мәселені терең зерттеу.Тақырыптық тексеру оқу жылының кез-келген уақытында өткізіле береді.
Жан-жақты бақылау Жан-жақты бақылау жылына екі-үш рет ғана жүргізіледі, оның мақсаты -оқу-тәрбие үдерісінің бір бағытын жан-жақты тексеру (әдістемелік жұмыс, оқу-тәрбие жұмысы, сабақтан тыс тәрбие жұмысы, ғылыми-зерттеушілік және эксперименттік жұмыс, т.б.) немесе әдістемелік бірлестіктердің, жеке мұғалімнің жұмысын жан-жақты тексеру.
Жан-жақты тексерудің тиімділігі, ол жеке мұғалімнің немесе бүкіл бірлестіктің, педагогикалық үдерістің барлық бағытындағы жұмысты көруге мүмкіндік береді. Жалпы жылына озат мектептерде 1-2 ӘБ және 2-3 пән мұғалімдерінің жұмысы фронталды түрде тексеріледі.
Тексеріліп жатқан нысандарға қарай: ІШІНАРА ЖЕКЕ ЖАЛПЫСЫНПТЫҚ ЖАЛПЫПӘНДІК ШОЛУ КЕШЕНДІ
Жеке бақылау жеке мұғалімнін қызметін бағалауды талап етеді. Көпшілігінде мұғалімге, әсіресе жас немесе тәжірибесі аз маманға көмек көрсету үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, мұғалім аттестаттауы кезінде өткізіледі.
Кешенді бақылаупараллель сыныптардағы мәселелер жағдайын кешенді түрде тексеру мақсатында өткізіледі (мысалы, параллель сынып оқушыларының білім және тәрбие деңгейі, параллель сыныптардың жетекшілерінің жұмыс сапасы, параллель сыныптағы оқытудын сапасы, параллельдегі ата-аналар қызметінің орындалуы және т.б.).
Жалпыпәндік бақылаубарысында бір пәнді бірнеше сыныпта жүргізетін мұғалімнің қызметі тексеріледі (мысалы, бір пәнді 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін жүргізетін мұғалімдер бақыланады). Бұл бақылауда оқытудағы сабақтастық мәселелері карастырылады, әр жас ерекшелігіне қарай окушылардың білім жүйесінің қалыптасуы, танымдық кызметін, жалпы білім, білік, дағдыларының дамуы тексеріледі.
Шолу бақылауқыска мерзімде бүкіл ұжымның немесе оның бір бөлігінің кәсіби денгейімен жалпы танысу мақсатында өткізіледі.Шолу бақылау сонымен қатар мектеп кұжаттамасының жағдайын, мұғалімдердің енбек тәртібінің жағдайын, оқу-техникалық кұралдардың жағдайын, оқу кабинеттерінің оқу жылы соңындағы жағдайын, оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуін тексеру үшін колданылады.
Жалпысыныптық бақылаукезінде басшылар бір немесе бірнеше күн бойы бір сыныптағы барлық сабактарға қатысады. Жалпысыныптык бақылау өз құрамында тақырып бакылаудын да, жеке бакылаудын да, жан-жақты бақылаудың да элементтерін қамтиды. Сонымен қатар оның өзіндік ерекшіліктері бар, өйткені ол бір топ мұғалімнің бір сынып оқушыларына педагогикалық әсерін бақылауға және салыстыру әдісі арқылы сол әсердің сипатын анықтауға мүмкіндік береді.Жалпысыныптық бақылау басшыдан алдын ала жақсы дайындықты талап етеді. Әдеттегідей мұндай бақылауға "нашар" сыныптар таңдалады.
Ішінара бақылауталабы бойынша басшы өз жоспарына сәйкес ескертусіз мұғалімдердің жеке сабағына қатысады. Мұндай тексеру мұғалім сабаққа қалай дайындалады, сынып белсенділігі қандай,яғни сабақтағы тұтас педагогикалық үрдістің денгейін анықтауға мүмкіндік береді.