Мелиорациялық шаралар


Канал арнасын құрайтын топырақ



бет7/12
Дата17.10.2022
өлшемі11,31 Mb.
#43553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Саймасай отчет

Канал арнасын құрайтын топырақ


Су астындағы көлбеулік

Су бетіндегі көлбеулік

Жартас: мүжілмеген
Мүжілген

0,1...0,25

0

0,25...0,5

0,25

Жартылай жартасты суға төзімді топырақ

0,5...1,0

0,5

Құмы бар малта тас пен гравий

1,25...1,5

1,0

Саз, қатты және жартылай қатты саздақ

1,0...1,5

0,5...1,0

Жеңіл иілімді саздақ, құмдақ

1,25...2,0

1,0...1,5

Құм: майда
шаңды

1,5...2,5

2,0

3,0...3,5

2,5

Өтім 100 /c дейін болғанда каналдар үйіндісі жотасының белгілері ең жоғарғы су деңгейінен 20...60 см жоғары болады.


Өтім 10 /c дейін болғанда каналдардың типтік көлденең қималары қабылданады, өтім 10 /c асқанда канал пішінінің элементтерін есептеп анықтайды. Канал өлшемдерін алдын-ала таңдау үшін төмендегі мәліметтер қажет: толтырылу тереңдігі , мұнда А – 0,7...1,0 аралығындағы коэффициент; табан енінің толтырылу тереңдігіне қатынасы мұнда m – беткейлік коэффициенті.
Практикада өтім Q ˂ 1 /c болғанда в =(1…2)һ ; Q=1…3 /c болғанда в=(1...3)һ ; Q=3…5 /c болғанда, в= (2...6)һ деп қабылданады.
Каналдың табан енін стандартқа келтіреді және төмендегідей қабылдайды: 0,4; 0,6; 0,8; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 3,0; 3,5; 4,0; 4,5; 5,0; 6,0 және т.т.
Каналдардың гидравликалық есебі. Магистральдық және таратқыш каналдардың есебін судың бірқалыпты қозғалысының формулалары бойынша орындайды. Аталған формулалар арқылы каналдағы судың тереңдігін (һ) , канал табанының енін (в) және судың орташа жылдамдығын ( ) есептеп табады. Есепті ең үлкен брутто өтімді өткізу жағдайындағы канал тереңдігін анықтағанша жүргізеді. Содан соң қиманы ең аз және тасқынды өтімдерді өткізу жағдайына тексереді.
Тасқынды өтім бойынша каналдағы су деңгейінен канал үйіндісінің және бермасының қаншалықты жоғары орналасатынын тауып, каналдың шайылуға ұшырамайтынын немесе шайылатынын анықтайды.
Ең кіші өтім арқылы тармақтарға басшылық жасау жағдайларын тексереді, жапқыш құрыылымдарын қоятын жерлерді тағайындайды және каналдың тұнбалануын тексереді.
Суғару каналдарының гидравликалық есебін орындау кезінде төмендегілерді анықтайды: каналдың көлденең қимасының формасын және өлшемдерін; ең үлкен өтімді өткізуге есептелген в және m мәндерінде және өтімдерін өткізгенде каналда туындайтын судың тереңдігін және жылдамдығын; ең үлкен есепті өтімді өткізу жағдайындағы ең үлкен және ең кіші шекті көлбеуліктерді; каналдың өткізу қабілетін.
Кедір-бұдырлық коэффициентінің мәндерін канал арнасы өтетін топырақтың типіне байланысты 0,01...0,03 аралығында қабылдайды.
Каналмен ағатын судың орташа жылдамдығы мынадай шарттарды қанағаттандыруы тиіс: >.
Байланыспаған топырақтарда өтетін арнаны шайылуға ұшыратпайтын су ағынының шекті жылдамдығын топырақ түйіршіктерінің орташа диаметріне және олардың орналасу тығыздығына, ағынның тереңдігіне, судағы саз бөлшектерінің мөлшеріне, канал типіне және жұмыс істеу режиміне байланысты қабылдайды.
Арнаны тұнбаландырмайтын шекті жылдамдық деп су ағынымен тасымалданатын әртүрлі тұнбалық заттардың, тасымалдау үдерісінде, канал арнасына түсуіне жол бермейтін ең кіші жылдамдықты айтады. Тұнбаландырмайтын жылдамдық ең алдымен судағы тұнбалық заттардың мөлшеріне, олардың түйіршіктік құрамына, каналдың көлденең қимасының өлшемдеріне және көлбеулігіне байланысты болады.
Судың шайылуға ұшыратпайтын және тұнбаландырмайтын жылдамдықтарын А.С. Гиршканның формулалары арқылы анықтауға болады:
=К*; =А*;
Мұнда К – арна топырағының механикалық құрамына байланысты
қабылданатын коэффициент (0,45....0,85);
А – тұнбалық заттардың гидравликалық ірілігіне байланысты
қабылданатын коэффициент (0,33...0,55);
– суғару каналының жоғарғы өтімі, /c.

Тұрақты суғару каналдары үшін ең кіші жылдамдықтарды 0,3 м/c кем болмайтындай мәндерде қабылдауға, ал суғару суын су қоймаларынан алу жағдайларында олардың мәнін 0,2 м/c дейін төмендетуге болады.


Каналдардағы су деңгейлерін үйлестіру және бойлық пішіндерді жобалау. Тұрақты және ұзақ мерзімде жұмыс істейтін суғару каналдарындағы су тереңдіктерінің үш түрін ажыратады: ; ; . Бұл тереңдіктердің тиісінше үш есепті өтімдерге сәйкес келеді: ; ; .
Суғару желісіндегі каналдардың су деңгейлері магистральдық каналдан бастап уақытша арықиарға дейін, олардың әртүрлі жұмыс режимдерінде егіс танаптарына судың өздігінен ағып баруын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл талап аға каналдардың кіші каналдарға басшылық жасау жағдайларында ғана жүзеге асуы тиіс.
Басшылық – бұл аға каналдағы судың деңгейінің кіші каналдағы су деңгейінен жоғары болуы немесе уақытша арықтағы су деңгейінің танап бетінен жоғары орналасуы.
Каналдардағы су деңгейлерін кіші каналдардан аға каналдарға қарай біртіндеп үйлестіреді (сурет 5.26).



Су өздігінен ағатын суғару тәсілдерінде суды суғару желісіне немесе күріш атыздарына беру үшін уақытша арықтағы судың деңгейі жер бетінен жоғары болуы тиіс: жүйектеп суғарғанда – 0,05...0,1 метрге, тақталап суғарғанда- 0,1...0,15 метрге, суды чектерге бергенде – 0,3 метрге.


Жаңбырлатып суғарғанда уақытша арықтардағы су деңгейлерінің егіс танаптарына басшылық жасауы міндеттелмейді және шартты түрде нольге тең деп қабылдануы мүмкін.
Шаруашылық таратқыштарындағы су деңгейілерін телімдік каналдардағы су деңгейлерімен жоғарыда келтірілген ретпен үйлестіреді.
Бүйірлік каналдардың табандарын аға каналдың табанымен бірдей деңгейде немесе одан төмендеу орналастыру қажет. Осылай жасағанда тұнбалар аға каналда қалып қоймайды егіс танаптарына шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет