3.1. Каналдағы судың топыраққа сіңуін азайту шаралары Мелиоративтік каналдарды жобалау кезінде әр каналмен қанша су шығындалады және оны болдырмайтын шара қарастырылады. Төменде сондай шаруалардың біразын айтып кетуге тура келіп отыр.
Каналмен ағып келе жатқан судың топыраққа сіңіп жоғалуы көптеген зиян келтіреді: су жоғалады; суғармалы егістіктің мелиоративтік жағдайы нашарлайды; канал бойы арам шөпке толып кетеді т.б. Осының салдарынан каналдың пайдалы әсер коэффициенті төмендейді. Мұндай су жоғалуды азайтудың екі жолы бар: топырақтың су сүзгіштігін азайту және канал қабырғаларын су өткізбейтін жапқыштармен қаптау.
Топырақтың су сүзгіштігін азайту үшін канал қабырғаларын тығыздайды, тұз жалатады, тұнба заттармен түтікшелерді бекітеді, битум қоспасымен нығыздайды, мұнай қалдықтарын жағады, борсытады, ал су өткізбейтін жабылғылар: асфальтпен қаптау, бетонмен қаптау, батпақ пен, темір-бетонмен және т.б.
Топырақты тығыздау. Канал периметрі бойынша топырақты ауыр салмақты механикалық тығыздаушымен тығыздайды. Бұл әдіс байланысы бар топырақта жүргізіледі. Құм, құмдық топырақта тығыздау жұмысы жүргізілмейді. Тығыздалған кезде топырақтың борыстығы, су сіңіргіштігі азаяды, топырақ тығыздалып жуып шайылуға қарсылық білдіреді.
Терің тығыздалғанда топырақтың 0,25-0,5 метрлік қабаты тығыздалады. Ал саяз тығыздалғанда 0,25 метрлік қабаты тығыздалады. Үш-төрт жылдан соң тығызданған топырақ қабаты бірде кеуіп бірде ылғалдану ылғалданудың қыста қатып, көктемде ерудің салдарынан, өсімдік тамырларының әсерінен бұзыла бастайды да жұмыс жасау қабілетін жоғалтады. Оған қарамастан бұл тиімді және арзан жұмысқа жатады.
Топырақ түйіршіктерін бекіту дегеніміз арнайы жасалған батпақ ерітінділерін топырақ түйіршелеріне енгізу. Мұндай әдіспен құм, құмдақ топырақтарды да бекітуге болады. Жақсы бекіту үшін батпақ ерітінділерінің диаметрі топырақ түтікшелерінің диаметрінен 10-20 есе аз болу керек. Түтікшелерге батпақ ерітінділерінің енуі 5-30 см арасында болады.
Батпақты тұнбаларды екі тәсілмен беруге болады: ағынды және ағынсыз. Ол үшін каналмен батпақ ерітіндісінің тынымсыз ағызып отырады, немесе каналдың әр бөлімшесін ертінді батпағы бар суға толтырамыз. Су топыраққа сіңген кезде батпақ түйіршіктерде топыраққа еніп отырьады
Сіңген кезде батпақ ұнтақтары да түтікшелерге еніп отырады. Қажетті батпақ мөлшері мына теңдеумен анықталады.
p= 10ДS, (11)
бұл жерде: p - батпақ мөлшері, кг;
Д - ұнтақтың диаметрі, мм;
S - жұмыс ауданы, м²