Мелиорациялық шаралар


Суғару желісіндегі су ысырабымен күресу тәсілдері



бет5/12
Дата17.10.2022
өлшемі11,31 Mb.
#43553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Саймасай отчет

2.1 Суғару желісіндегі су ысырабымен күресу тәсілдері
Каналдарда болатын судың ысырабымен күресудің тәсілдерін екі топқа бөлуге болады: пайдалану және конструктивтік.
Пайдалану тәсілдеріне каналдарды тазалау және мерзімді жөндеу, каналдардың тасқынды өтімдерсіз және тосқауылсыз жұмыс істеуі жатады.
Конструктивтік шараларға суғару каналдарының ұзындығын азайту, каналдардың көлденең қималарының оңтайлы конструкцияларын қолдану, канал арнасындағы топырақтардың су өткізгіштігін азайту, канал арнасын су өткізбейтін атериалдармен қаптау, науалы және құбырлы желілерді пайдалану жатады. Біздің еліміздегі суғармалы аймақтардың табиғи және шаруашылық жағдайлары судың сүзілуіне қарсы әртүрлі шараларды қолдану мүкіндігін туғызып отыр. Мұнда топырақты тығыздау және асфальтобетонмен қаптау, бетонды пленкалы, топырақты пленкалы жамылғы жасау кеңінен таралған.
Топырақты тығыздау. Жаснды түрде тығыздау нәтижесінде топырақтың белсенді қуыстылығы кемиді және оның су өткізгіштігі бірнеше есе төмендейді. Топырақтың беріктігі және шаюға төзімділігі артады.

Шаралар

Су ысырабының азаюы,%

Қызмет ету ұзақтығы, жыл

Монолитті бетон

85...90

25...35

Құрастырылмалы темірбетон

85...90

25...35

Темірбетон науалар

90...95

40 дейін

Асфальтті бетон

80...90

15...20

Арна топырағын сорттандыру

60...70

3...5

Кольматациялау

50...70

5...8

Тығыздау

70...75

8...10

Полимер пленкасын төсеу

90...95

5...8

Қолданылатын машиналардың іс-әрекет қағидаларына байланысты топырақты жасанды тығыздау катоктармен, соққылағыштармен, дірілдеткіштермен жүзеге асырылады. Жарылыстармен тығыздауды топырақтардың табиғи орналасу жағдайында іске асырады.


Канал арнасының топрақтары құрылыс, сонымен қатар пайдалану кезеңдерінде де тығыздалады.
Канал құрылысында жұдырықты катоктарды (тығыздағыштарды) және пневмодөңгелекті катоктарды қолдану тиімді. Катоктың массасына және жүріп өту санына байланысты топырақ 50...60 см тереңдікке дейн тығыздалады. Осыған орай катоктарды негізінен канал үйінділерінің құрылысында қабаттап тығыздау үшін қолданады. Жұдырықты катоктарды байланысқан топырақтарды(саз және саздақ топырақтарды) тығыздау үшін қолдану тиімді. Пневмодөңгелекті катоктармен байланысқан және байланыспаған топырақтарды тығыздайды.
Соққылағыш машиналармен немесе экскаваторлармен соққылау арқылы тығыздау. Тереңдігі 3 метрден асатын каналдардың беткейлерін бір шөмішті эксковаторға ілінетін жайпақтығыздағыштармен соққылап тығыздайды, ал канал табанын жалпы құрылыстық таптағыш машиналардың көегімен тығыздайды. Табан ені 1,5..2 метрден кем кіші каналдарды штамптау әдісімен тығыздайды. Ол үшін каналдың көлденең қимасымен дәл келетін таптағышты 1,0...1,5 метр биіктіктен тастап тығыздауды жүзеге асырады.
Таптаудың басты артықшылығы- топырақты 1,0...1,5 метр тереңдікке дейін тығыздаудың мүкінігі. Таптау арқылы құрылымы бұзылған және бұзылаған байлансқан, байланыспаған топырақтар тығыздалады.
Топырақтарды дірілдеткіш машиналармен тығыздау топырақтың қуыстылығын азайтуға негізделген.
Топырақтарды беттік дірілдету арқылы тығыздау байланыспаған және саз фракциясының мөлшері 6%-дан аспайтын берік байланыспаған топырақтар үшін тиімді екенін құрылыс практикасы көрсетіп отыр.
Топырақтарың беттік дірілдету арқылы 1,2 метр теріңдікке дейін тығыздау тіркемелі және өздігінен жүретін дірілдеткіш катоктардың көмегімен атқарылады.
Топырақты тығыздау кезінде оның оңтайлы ылғалдылығын қамтамасыз ету қажет. Оның шамасы құмдар үшін 8...13%, құмдар үшін 9...15%, саздақтар үшін 12...20%, саздар үшін 16…26% құрайды.


Топырақтарды кольматациялау. Кольатация үдерісін топырақтағы қуыстардың сүзілетін судың құрамындағы қалқымалы өте майда тұнба және саз түйіршітермен толтырылуы деп түсіну қажет. Кольматация нәтижесі- топырақтардың белсенді қуыстылығының азаюы және сүзілудің күрт төмендеуі.
Әр түрлі іріліктегі құмдар, сонымен қатар байланысқан және жарықшақтары мен жер қазғыштардың жолдары көп құрылымды топырақтарда кольматациялануы мүмкін.
Кольматациялаудың екі әдісі бар: қозғалыстағы және қозғалыссыз сумен. Кольматациялау кезінде каналмен ағатын судың жылдамдығы 0,1...0,2 м/с аралығында болуы тиіс. Қозғалыссыз сумен кольматациялау кезінде саз балшық ерітіндісі бір жерден енгізбейді, ерітіндіні телім ұзындығы бойынша су бетіне бірқалыпты шашады.
Бұл әдіс ағын судағыға қарағанда тиімді.
Құмды арнаны кольатациялауға қажетті саз балшықтың мөлшерін P=18DS өрнегі арқылы анықтайды, мұнда P- саз балшықтың салмағы, кг; D- құм түйіршіктерінің орташа диаметрі, мм; S- кольматациялау аудны, м2.
Канал арқылы, құрамында сазды және тұнба түріндегі қалқымалы заттары көп су тасымалданатын жағдайларда кольматация үдерісі табиғи жолмен орындалады.
Монолиті бетон жамылғы. Мұндай жамылғыны, жұмыстарды жүргізудің механикаландырылу мүмкіндігі бар жағдайларда, барлық каналдар үшін қолданады. Каналдағы судың тереңдігі 1...4 болатын жағдайларда монолитті бетон немесе темірбетон жамылғы қарастырылатын каналдардың беткейлік көрсеткіштері 1:1,5 ке болмауы тиіс.
Байланысқан топырақтардың аяздан қатуы кезінде байқалатын ісінумен күресу мақсатында жамылғыны қалыңдығы 10...15 см құмды- малта тасты төсеніштің үстіне орналастырады.
Жамылғы, жіктер арқылы, жеке секцияларға немесе панельдерге бөледі. Атқаратын қызметіне қарай жіктерді температуралық, деформациялық, құрылыстық және отырғызу деп бөледі. Монолитті бетон жамылғыларда бойлық және көлденең тепературалық отырғызу іктерді 3-4 метр сайын қарастырады.
Каналдың кейбір жеке телімдерінде, отырмалы және суффозиялы орнықсыз топырақтарда, монолитті бетон жамылғыға ұяшықтарының өлшемдері 150×150, 200×200, 250×250 мм, диаметрі 6...8 мм болат арматурадан жасалған дәнекерленген торларды салады. Бетон жамылғының қалыңдығы 10см кем болмауы тиіс.
Құрастырмалы темірбетон жамылғыны каналдардың қызмет ету ұзақтығын арттыру және құрылысты индустрияландыру мақсатында пайдаланады.
Каналдарды қаптау үшін ұзындығы 4...6 м, ені 1,5...3 м, қалыңдығы 6...8 см НПК, ПК, ПКУ плиталары қолданылады.
НПК және ПК плиталарын судың тереңдігі 3 метрге дейін жететін, толқындардың биіктігі 0,5 м және қататын мұздың қалыңдығы 0,5 м- ге жететін каналдардың құрылысында қолданады. ПКУ плиталарын каналдағы судың тереңдігі 3...5 м, толқындардың биіктігі 1 м аспайтын, қататын мұздың қалыңдығы 0,8 м- ге дейін болатын жағдайларда қолдануға рұқсат етіледі.
Құрастырмалы темірбетон жамылғы қолданылатын каналдардың беткейлігі 1:1 кем болмауы тиіс.
Беткейдің ұзындығы 5 м немесе одан да артық болса, плиталарды ұзын жағымен канал осіне перпендикуляр түрде орналастырады. Көрсетілген ұзындықтан кіші жағдайларда, оларды ұзын жағымен, канал осіне параллель түрде орналастыра отырып, аралас қоюды қолданады.
Плиталарды мұқият тегістелген беткейлерге шынжыртабанды кран негізіндегі плита қойғыштармен қояды.
Бетон жамылғы арқылы сүзілуге ұшырайтын судың 65%-ы жіктер арқылы өтеді. Бұл жіктердің конструкциясының жетілмегенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта заманауи талаптарға сай деформациялық жіктердің көптеген конструкциялары жасалған.
Полиэтилен экранды қиыстырылған жамылғылар. Соңғы кездерде полимер пленкаларын жаппай өндіру қиыстырылған жамылғыларды құруға мүмкіндік берді: топырақ пленкалы, сонымен қатар монолитті және құрама бетон пленкалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет