Бұл моделде бір-біріне перпендикуляр орналасқан фосфолипидтер молекуласының екі қабаты бар.
Липидтер молекулаларының гидрофилды жағы сыртқа, гидрофобты –мембрананың ортасына қарай бағытталған. Гидрофобты жағы – бұл полярлы топтар құрамында жоқ, су молекулаларымен қосыла алмайтын бөлігі. Әдетте молекуланың гидрофобты жағы органикалық қышқылдардың қаныққан көмірсуларының тізбегі түрінде болады.
Мембрана өз құрылымына қарай жазық конденсаторға ұқсайды, онда астарлары ретінде ақуыздардың беті алынса, ал диэлектриктің ролін липидті қабат орындайды. Жазық конденсатордың формуласын пайдалана отырып, мембрананың гидрофобты және гидрофилді бөліктеріндегі диэлектрик өтімділігін мембрана қалыңдығының шамасының өзгеру шегін біле отырып, бағалауға болады.
СҰЙЫҚТЫҚ – МОЗАИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
1972 жылы ұсынылған Сингер мен Никольсонның сұйықтық – мозаикалық моделі
Биологиялық мембрананың құрылымдық сызбасы: 1 – липидтердің
гилрофильді «бастары»; 2 – липидтердің гидрофобты «құйрықшалары»; 3 – липидтік гидрофильдік аралық; 4 – интегральді ақуыздар; 5 – гликолипидтің көмірсулық компоненті; 6 –ақуызды ұстап тұратын микротүтік; 7- ақуызды арна; 8 – перифериялық ақуыздар.
Мембрананың липидтері мен ақуыздары жылулық қозғалыстың әсерінен үлкен қозғалғыштыққа ие.
Липидтер мен ақуыздар (белоктар) орын алмастырып отырады және олардың мембрана жазықтығының бойымен орын алмастыруын латеральды диффузия, ал көлденең орын ауыстыруын флип – флоп деп атайды. Латеральды диффузияға липидтердің жоғарғы бөлігінің қозғалысы, ал
«флип-флопқа» төменгі бөлігінің қозғалысы сәйкес келеді, яғни мембрананың екі жағындағы липидтердің орын ауыстыруы сирек процесс болып табылады.
Латериалды диффузияның нәтижесінде молекуланың секіру
жиілігі мынаған тең:
2 D
A
D-латеральды диффузияның коэффициенті; A- мембрананың беткі қабатындағы бір молекуланың алатын ауданы.
Бір бағыттағы молекуланың тұрғылықты өмірінің уақыты секіру
жиілігіне кері пропорционал:
1 А
2 3D
Сондықтан t уақыт ішіндегі молекуланың орташа квадраттық ығысуы мынаған тең:
S 2
Достарыңызбен бөлісу: |