БЕЛСЕНДІ ЕМЕС ТАСЫМАЛ ТҮРЛЕРІ
Диффузия - бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни градиентке қарама-қарсы
жаққа қарай өтуі
концентрациалы;электрлік;осмостық;градиенттердің гидростатикалық
Диффузия екі түрге бөлінеді:
қарапайым диффузия – басқа молекулалар градиенттерінің көмегінсіз,
жеңілдетілген диффузия – ионофорлар деп
аталатын тасымалдаушылардың көмегімен. Ионофорлар: қозғалмайтын – грамоцидин қозғалатын – валиномицин, нигерицин
ҚАРАПАЙЫМ ДИФФУЗИЯ ҮШІН ФИК ЗАҢЫ
j D dС
dx
J- зат ағыны (бірлік уақыттағы тасымалданған зат мөлшері)
D- диффузия коэффициенті
dC/dx –концентрация градиенті
Фик заңындағы “минус” таңбасы зат ағынының концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта өтетіндігін көрсетеді
БЕЛСЕНДІ ЕМЕС ТАСЫМАЛ ТҮРЛЕРІ
Осмос – мембрана арқылы су
молекуласының аз мөлшері жағынан көп жағына қарай ығысуы. Еріткіштің мұндай қозғалысын жасайтын күш осмостық – итерме қысым деп аталады (су тіннен қан плазмасына өтеді).
Фильтрация – гидростатикалық қысым әсерінен арналармен сұйықтардың
қозғалысы (су қан ағымынан лимфаға, жалғастырушы тінге шығады, ал қан плазмасы бүйрек арналарына
ығыстырылады)
Тірі жасуша жеке заттардың өтімділік жылдамдығын, әсіресе жасушалық алмасуға кіретін физиологиялық маңызды заттарды белсенді, таңдамалы түрде арттыру қабілеттілігіне ие. Белсенді тасымал - концентрация градиентіне қарсы тасымал болғандықтан бір мезгілде таңдамалы тасымал да болып табылады, сондықтан қоршаған ортадан жасушаның өмір сүруі үшін керекті заттар осы жолмен жұтылады.
Мембрана арқылы қарастырылған бөлшектердің тасымалында электрохимиялық потенциал кеми отырып, жүреді. Бірақ та ағзада нейтрал бөлшектердің немесе иондардың тасымалынан жүйенің электрохимиялық потенциалы артып отыратын үрдіс үнемі байқалады. Мысалы, жасушада калий иондарының концентрациясы жасушааралық ортадан қарағанда жоғары болса, ал натрий иондарының концентрациясы керісінше төмен.
Электр потенциалының градиентінің бағыты натрий иондары жасушааралық ортаға қарағанда жасушада орналасу анағұрым тиімді екенін көрсетеді. Жасушадан натрий иондарын өздігімен алып кету мүмкін емес, ол тек энергияның келу есебінен жүзеге асады.
Мембрананың өтімділігі әртүрлі заттар үшін липидтердің зарядталған бастарында туындайтын, мембранаға көбінесе теріс заряд беретін беттік зарядқа тәуелді. Бұдан мембрана-су шекарасында сол белгідегі фазааралық потенциал, мембранадағы заряд туындайды. Потенциалдың бұл шамасы мембрана мен ионды байланыстыратын үрдістерде үлкен роль атқарады.
Егер мембранада иондық каналдар бар болса, иондардың тасымал жыдамдығы анағұрлым артады. Әсіресе калий, натрий, кальций каналдары кең таралған.
Сонымен қатар иондық каналдар селективті қасиетке ие болады, яғни әртүрлі иондар үшін өтімділігінің шамасы әртүрлі болады. Әрбір канал ионның тек бір түрін ғана тасымалдайды, мысалы, натрий каналы – натрий иондарын, калий каналы – калий иондарын. Катионды канал арқылы аниондар өте алмайды немесе керісінше. Негізгі ион сияқты сол белгідегі иондар үшін канал абсолютті селективтілікке ие бола алмайды, өзі сияқты белгідегі басқа иондар үшін каналдың өткізгіштігі төмен, бірақ нолден өзгеше болады.
Натрий және калий иондарының концентрация градиентін ұстап тұру натрий-калий насосының (Na+,K+-наcocы) жұмысымен қамтамасыз етіледі.
Ол аденозинтрифосфаттар (АТФтар) ферменттері сияқты жұмыс жасайтын мембраналық ақуыздардан тұрады. Осы ферменттердің жұмысы АТФты АДФке және бейорганикалық фосфатты қармап алу болып табылады.
Ыдырау үрдісі электрохимиялық потенциал арта отырып, иондар тасымалына жұмсалатын энергияның бөлінуімен жүреді. АТФ-ты қармап алуы Na+ және К+ иондарымен белсендіріледі және Mg2+ болуына байланысты. Натрий-калий насосы жасушадан сыртқа натрийдың үш ионын жасушаға калийдің екі ионын ауыстыра отырып тасымалдайды, онда АТФ бір молекуласының энергиясы жұмсалады
Достарыңызбен бөлісу: |