ЗАТТАСЫМАЛЫНДАҒЫБИОЛОГИЯЛЫҚҮРДІСТЕР -сору
-бөліну
-жүйке импульсінің өтуі
-бұлшықет жиырылуы
- АТФ синтезделуі және тағы басқалары
мембрана арқылы зат
тасымалымен байланысты
Нерв импульстарын жүргізу, бұлшықеттің жиырылуы, АТФ синтезі т.б. үрдістер мембрана арқылы жүретін зат тасымалына байланысты. Биологиялық жүйелердегі бұл үрдісті тасымал деген атқа ие болды. Жасушаға немесе одан қоршаған ерітіндіге заттың орын ауыстыру «белсенді» немесе «белседі емес» түрде жүретін күрделі үрдіс болып табылады. Концентрация градиенті бойымен көп шамадан аз шамаға зат тасымалының жүруі
«белсенді емес» болады. Егер зат тасымалы электрохимиялық потенциалдың кемуімен, яғни энергияны қажет етпейтін болса, онда тасымал пассивті деп атайды.
ЗАТТАСЫМАЛЫНЫҢНЕГІЗГІТҮРЛЕРІ
1 – ші белсенді емес (пассивті); 2 – ші белсенді (активті)
МЕМБРАНААРҚЫЛЫЗАТТАСЫМАЛЫ
Заттардың жасушаға енуі немесе одан шығуы мембраналар арқылы жүзеге асады және ол ағза өмір сүруінің негізгі қызметі болып табылады. Мембраналар арқылы заттардың тасымалдануы тірі ағзаларда негізгі градиенттердің болуын қамтамасыз етеді.
Биологиялық мембрана арқылы тек қана жекелеген молекулалар ғана емес сонымен бірге қатты денелер тасымалы – фагоцитоз және ерітінділер тасымалы – пиноцитоз болады.
Сондайақ тасымал бағыты бойынша мына түрге бөлінеді:
эндоцитоз – заттардың жасуша
ішіне тасымалдануы
экзоцитоз – заттардың жасушадан
сыртқатасымалдануы