Мемлекет және құқық Жоспары: Мемлекет және құқықтың пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуының жолдары



бет4/5
Дата13.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#67601
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мемлекет туралы негізгі түсініктер. Мемлекет пен құқықтың негізгі белгілері

Құқықтың белгілері:
Жалпыға бірдей міндеттілік;
Қатынастарды реттеуші;
Формальды анықтылық;
Еріктілік сипаты;
Мемлекет қамтамасыз етеді;
Құқық динамизмінің өзгерілуі;
Құқықтың реттеушілігі;
Құқықтың қайнар көздері:
  • Әдет – ғұрыптар – мемлекет қамтамасыз ететін әдет – ғұрыптар. Олар қоғамда ең маңызды болады. Қазақ дәстүрлері қоғамында құқықтың әдет – ғұрып қазақтың негізгі қайнар көзі болған;
  • Құқықтық доктарина – құқық туралы көзқарас, идеялар шығармалар. Мысалы: Ежелгі Римде бес ұлы заңгердің шығармалары құқыққа айналған.
  • Сот прициденті – жоғары соттың шығарған шешімі төменгі соттарға үлгі, заң болады.
  • Нормативтік келісім шарт – екі жақтың келісімі. Осы келісім мемлекетпен қамтамасыз етіледі, заңға айналады.
  • Нормативтік құқықтық акт – ҚР негізгі құқықтың қайнар көзі (4 бап) . Н.Қ.А – арнайы мемлекеттік органдар қабылдаған жалпы ережелерден тұратын, жалпыға бірдей міндетті ресми құжат акт.

Н.Қ.А – ның түрлері:
  • Заңдар

  • а) Конституция
    б) Конституциялық заңдар – конституцияда тікелей айтылған немесе конституцияға өзгерістер енгізетін және ең маңызды қатынастарды реттейтін заңдар 2/3 дауыс беру арқылы қабылданады.
    в) Жай заңдар – 50 пайыз дауыспен қабылданады. Жай заңдардың арасында ең маңызды кодекс болады.
  • Заңға негізделген Н.Қ.А түрлері:

  • а) президенттің жарлығы;
    б) үкіметтің қаулысы;
    в) жергілікті мемлекеттік Н.Қ.А (мәслихат, акимат);
    г) Локальды Н.Қ.А – мекеме, ұйым, ұжымдар.

Құқық нормасы дегеніміз–

мемлекет тағайындаған не мақұлдаған және құқық бұзушылықтан қорғайтын жалпыға бірдей міндетті мінез – құлық ережесі.
Құқық нормаларының белгілері:
  • Мемлекеттік органдардың қабылдаған, бекіткен актісі оның заңдық күші бар;
  • Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектінің өз еркінде, тек заңға қайшы келтірмеуі керек.
  • Норма ерікті түрде жүзеге аспаса, еріксіз түрде жүзеге асырылады.
  • Мемлекет қамтамсыз етеді.
  • Құқықтық норма адамның, қоғамның тәртібінің кепілдігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет