1.
Мемлекет типологиясындағы формациялық көзқарас
Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тəсіл. Формациялық тəсілдің шегінде негізгі
талап ретінде əлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация
орын алады. Бұл тəсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз
байланысты қоғамдық құрылымға сəйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің
жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай мемлекеттің
төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық жəне
социалистік мемлекеттер.
Бұл типологияның артықшылықтары болып екі м.селе табылады: мемлекеттерді
əлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл
факторлар қоғамға зор əсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын,
кезеңділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның əлсіз жағы оның тарихтың əртүрлі
сипаттарын ескермеуінен жəне рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.
3. Мемлекет типологиясындағы өркениеттік көзқарас
Өркениетті тəсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар – мəдени, діни,
ұлттық жəне т.б. факторлар орын алады. Өркениет – бұл қоғамның діни, ұлттық,
географиялық жəне тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық жəне
локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:
І - кезең – локальды өркениеттер, олардың .рқайсысының өзара байланысты əлеуметтік
институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік
жəне т.б. өркениеттер).
ІІ - кезең – белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үнділік,
қытайлық, батыс еуропалық, исламдық жəне т.б. өркениеттер).
ІІІ - кезең – өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер
енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға əлеуметтік-саяси құрылымдардың д.стүрлі жəне
қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тəн. Өркениеттер мен олардың мемлекеттіліктерін
типке бөлудің басқа да негіздері бар: хронологиялық, генетикалық, діни жəне т.б.
№6 дəріс
Тақырып: Мемлекеттің мəні.
Дəрістің
мазмұны:
1. Мемлекеттің мəні: əр түрлі көзқарастар.
2.Мемлекеттің жалпыəлеуметтік мəселелері
3.Мемлекеттің белгілері, оның басқа қоғамдардан айырмашылығы.
Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі
болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін
анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында
анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам,
құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай
бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда
көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген
класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы
басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі аспектіні
ескерудің маңызы зор:
1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси
билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар мен əлеуметтік топтардың
мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын
жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне м.жбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола
тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-
аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей
белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару жəне м.жбүрлеу
аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, .скер, полиция, түрме мен
басқа да мекемелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен
жəне қорғау арқылы біріктіреді.
3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық
қатынастардағы тəуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік
билікті заңдастырады.
Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің
бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін
анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында
анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық
заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай
бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда
көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген
класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы
басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі аспектіні
ескерудің маңызы зор:
1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси
билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар мен əлеуметтік топтардың
мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның
тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеуметтік билікке анықтама беріп
алу қажет. əлеуметтік билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен
бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың – билік құрушылардың – еркі мен
əрекеттері басқа тұлғалардың – бағынушылардың – еркі мен əрекеттеріне үстемдік құрады.
əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына –
руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға жəне т.б. тəн.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл
мемлекеттік м.жбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік жəне бағынушылық
сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді жəне өз
қызметінде бұқаралық негізге – қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді жəне олар
арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі
барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес жəне тəуелсіз.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді жəне қоғамдық тануды иеленген.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген
дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады.
Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік жəне сот билігі.
№7 дəріс
Тақырып: Мемлекеттің түрлері
Дəрістің
мазмұны:
1.Мемлекет түрлерінің түсінігі.
2. Басқару формасы.
3. Мемлекеттік құрылым формасы.
4. Саяси тəртіп.
Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады.
Методологиялық (əдіснамалық) жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын
айтады.
Мұнда маңызды мəселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның
практикалық саяси мəніннің жоғары дəрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай
ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың
нəтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мəртебелік беделі мен қадірінің дəрежесі
жəне оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тəртіптің ахуалы, жайы мен күйі
көрініп тұрады. Міне, мемлекет нысаны мəселесінің аса маңызды саяси аспектісінің
осыларға байланысты болып келетін себебі осы.
Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы
жағынан алып қарағанда əртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен
басқарудың жоғарғы органдарын құру жəне ұйымдастырудың белгіленген тəртібі.
Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тəсілі, орталық регионалдық
жəне жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тəртібі.
Үшіншіден – бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың əдістері, амалдары мен
жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті
басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан жəне мемлекеттік, саяси режим
нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік
бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік
құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси
өзгермелілік (динамика да) те қоса қарастырылатын болды.
Басқару
нысаны
ұғымын
пайымдағанда
мемлекеттік
ең
жоғарғы
биліктің
ұйымдастырылуы түсініледі. Əсіресе оның ең жоғарғы жəне орта органдарының
ұйымдастырылуы,
олардың
құрылымы,
құзыреттері,
құрылуының
тəртіптік
реті,
өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері, халықтың оларды қалыптастыруға
қандай дəрежеде қатысатыны түсініледі.
Басқаша айтқанда басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің
ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды.
Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.
Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың нысанын жоғарға өкіметтік
биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына байланысты жіктеген болатын. Онда
жоғарға өкіметтік билікті жеке адамның бір өзі атқаратын түрін – монархия, шектеулі
адамдар арқылы атқарылатын жоғарғы өкіметтік билік – аристократия жəне бүкіл
халықтың қатысуымен атқарылатын жоғары өкіметтік билік – демократия деп жіктеген
болатын.
Басқару нысандарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге шейін сақталды.
Жоғарға билікті жалғыз адам атқара ма? Əлде ол билік сайланбалы алқалы органға тиесілі
ме? Міне осы жəйтке байланысты басқару нысаны ерекшелеу барысында ажыратылады. Енді
осыны байланыстыра отырып басқарудың монархиялық жəне республикалық нысандарын
атап, бөліп көрсетуге болады.
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады
жəне атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады). Монарх (патша, король,
перғауын (фараон), қаған, хан жəне тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол
тек құдайдың алдында ғана жауапты.
Ең алғашқы мемлекеттердің бəрі де монархиялар болған жəне орта ғасырдағы
мемлекеттердің көпшілігі де монархия-тын.
Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған,
хан басқарған. Бірақ, ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып
отырған.
Сонымен, монархия деп жоғарғы билігі бір ғана адамға тиесілі болып келетін
мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі билікті ол адам өз билігімен,
қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен қалауынша пайдалану құқығын ол адам
ешқандай да басқа биліктен алған емес.
Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх
мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару,
жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы,
Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай
нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді.
Мысалы, парламентке. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания, Бельгия,
Норвегия, Швеция мемлекеттерінде бар.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен
парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Мысаля, өикен замандардағы
Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монархтың қолында атқарушы билік
(өкімет) болған. Үкіметті жасақтау, өзінің алдында жауапты министрлерді, басқа да
лауазымды тұлғаларды тағайындау жəне оларды орнынан алу құқығына ие болағн. Бұлардан
басқа монарх тыйым (вето) құқығы мен парламентті таратып жіберуге шексіз құқықты
болған.
Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет)
сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана
сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады.
Республика билігінің екі жолы бар: президенттік жəне парламенттік. Президенттік
республикада Президентті тікелей халық сайлайды жəне Президент мемлекет басшысы бола
тұрып, негізінен, Үкіметті өзі құрады. Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару
нысанындағы республика.
а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі,
парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент
алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама
Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған.
б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң
қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады.
Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті
партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-
министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).
Парламенттік
республикада
мемлекет
билігінің
жоғары
органдарының
жүйесі
Парламенттің басымдылық принйипіне негізделген. Парламенттің аалдында үкімет өзінің
саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне сүйеніп
қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады.
Парламенттік-президенттік аралас республикалар да кездеседі (мысалы, Қырғызстан
Республикасы, Португалия), онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып
жасақтайды, құрады.
Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару нысанынның мемлекеттік құрылысқа шешуші əсер
етпейтінін байқаймыз. Мысалы, монархиялық Жапония немесе Ұлыбритания əлдеқашаннан
демократиялық құқықтық мемлекет екені белгілі. Республикалық Кеңестер Одағы мұндай
мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған
еді. Ал Франция Республикасын бұрыннан демократиялық басқарудан республикалық
басқару нысанындағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек сəйкес
келеді.
Мемлекеттің құрылымының нысаны
Əрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құрылымы оның ішкі құрылысын
анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде
мемлекеттің аумақтық бөліктерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет
органдарының байланыс жүйесі түзіледі. Мемлекеттің тұтастай жəне оның əрбір аумақтық
бөлігінің құқықтық мəртебесінің сипаты да соған байланысты болады. Мемлекет аумағының
аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым - тұтастай
мемлекет пен оның бөліктерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын
мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы болып табылады.
Мемелекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер қарапайым (унитарлы)
жəне күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы
мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады. Унитарлық мемлекет, əдетте
тек əкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді де, мелекеттің əкімшілік-аумақтық құрылымын
құрайды. Əкімшілік-аумақтық бөліктерге ерекше құқықтық мəртебе берілмейді. Мұндай
мемлекетте бір ғана Конституция, бір ғана заң шығаратын жоғары орган, бір ғана жоғары
басқару органы, біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы – унитарлық мемлекет.
Унитарлық мемлекет – тұтас орталықтандырылған мемлекет. Оның əкімшілік-аумақтық
бөліктерінде мемлекеттік құрылым мəртебесі жəне егемендік құқықтар болмайды.
Унитарлық мемлекетте жоғарғы органдардың, заң қабылдаудың, соттардың бірыңғай
жүйелері құрылады. Онда бірыңғай азаматтық жəне бір арналы салық жүйесі болады.
Күрделі мемлекет – мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белгілі бір дəрежеде
дербестігі болады. Күрделі мемлекеттерге империя конфедерация, федерация, достастық
жəне бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.
Империя – күш жұмсаудың нəтижесінде құрылған күрделі мемлекет. Бұл мемлекеттің
құрамдық бөліктері жоғарғы өкімет (билік) орындарына тəуелді болып келеді.
Империялардың бір ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашанда бірыңғай
мемлекеттік-құқықтық мəртебе болған емес. Мысалы, тарихта белгілі Рим империясы,
Британия империясы жəне т.б. жатады.
Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету
үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ.
Мемлекеттердің уақытша құрған одағы алдына қойылған мақсаттары бойынша түрлі болуы
мүмкін, олар: əскери, экономикалық жəне саяси да болады. Сонымен, мұндай
мемлекеттердің одағын – егеменді мемлекеттер одағы деп атайды. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-
1787 жылдардағы əскери одақ, бұрынғы КСРО-ның орнында құрылған тəуелсіз мемлекеттер
достастығы (ТМД). Конфедерациялық одақ құрған егеменді мемлекеттер халықаралық-
құқықтық қатынастардың субъектісі олардың басқару жүйесі, əділсот органдары бұрынғыдай
өз қызметтерін жалғастыра береді.
Федерация – бұл мемлекет күрделі одақтық мемлекет, оның құрамдас бөліктері
мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Олардың белгілі бір мөлшерлі шамада (дəрежеде)
егемендігі болады. Федерациялық одақ децентрализациялау қағидатына негізделеді.
Федерацияда жоғарғы федералдық органдар жəне федералдық заң қабылдау жүйелерімен
қатар федерация субъектілерінің жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа
өмір сүреді, федерацияда қос арналы салық жүйесі орын алады. Федерацияның нысандық
белгісіне қосарланған азаматтықтың болуы жатады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-
мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін. Мысалы, АҚШ мемлекеті федерация-
штаттардың 51 субъектілерінен, ал Ресей Федерациясы – 89 федерация субъектілерінен
(Республикалар, округтер, өлкелер жəне т.б. тұрады). Гермения- 10-нан аса федерация –
жерлер субъектілерінен тұрады.
Достастық – белгілі бір дəрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен
(нышандарымен) сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрдегі бірлестігі. Мұндай
бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары) экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мəдениет, дін
салаларына қатысыты болып келеді. Мысалы Еуропа Одағы жəне т.б.
Бұл бірлестіктің мүшелері толығынан алғанда тəуелсіз, егеменді мемлекеттер, олар
халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады.
Мемлекеттер бірлестігі - қоғамның мемлекеттік болып ұйымдасуының өтпелі
кезеңдеріне тəн нысан. Мемлекеттер бірлестігін құрудың негізнде, əдетте, мемлекетаралаық
келісім (шарт) жатады, оның өзі көп жағдайларда бірлестікке кірген мемлекеттер арасындағы
интеграциялық байланыстарды нығайта түседі. Сөйтіп бірлестік мемлекеттерінің
конфедеративтік бірлестікке қарай бірте-бірте дамуына жол ашады.
Саяси режим
Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жəрдемдесетін тəсілдер мен
əдістер. Мемлекеттік биліктегі тəсілдер мен əдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді
бөліп атауға болады–демократиялық жəне антидемократиялық режимдер. Демократиялық
режимнің белгілері:
1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға
қатысуы) жəне өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге
асыруы) демократия арқылы қатысады;
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3) мемлекеттік биліктің орталық жəне жергілікті органдарының сайланбалылығы жəне
ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;
4) сендіру, келісу, келісімге келу əдістері жиі қолданылады;
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады жəне шын мəнінде
қамтамасыз етіледі;
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;
8) биліктің тармақтарға бөлінуі жəне т.б.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм,
тоталитарлық жəне авторитарлық режимдер.
Антидемократиялық режимге мына белгілер тəн:
1) бір саяси партияның үстемдігі;
2) бір ресми идеологияның болуы;
3) бір меншік түрінің болуы,
4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;
5) қоғамның сословиелік, касталық жəне т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) халықтың төмен экономикалық деңгейі,
7) мəжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;
8) сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы əрекеттер жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |