Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата22.12.2016
өлшемі1,59 Mb.
#266
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

№27 Дəріс 
Тақырып: Құқықбұзушылық жəне заңды жауапкершілік 
 Дəрістің мазмұны: 
1.Құқықбұзушылық ұғымы, белгілері 
2.Құқықбұзушылықтың құрамы жəне түрлері 
3.Заңды жауаптылық түсінігі, қағидалары 
4.Заңды жауаптылықтың түрлері  
Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау 
барысындағы əрекеттер (əрекеттіліктер немесе əрекетсіздіктер). 
Адамдардың қандай да əрекеттері (əрекеттіліктері немесе əрекетсіздіктері) қоғамға қауіп 
тудырған  немесе  туындататын  болса  ондай  əрекеттілік  немесе  əрекетсіздік  құқық 
бұзушылық деп бағаланады. 
Адамның  əрекеті  (əрекеттілігі  немесе  əрекетсіздігі)  қоғамға  қауіпті  болмаса,  онда 
мұндай  əрекеттілік  немесе  əрекетсіздік  құқық  бұзушылық  қатарына  жатқызылмайды. 
Əрекеттің  (əрекеттілік  немесе  əрекетсіздіктің)  қоғамға  қауіптілігі  ұғымы  екі  сəттен  тұрады, 
олар:  зиянның  болуы  жəне  оның  қоғам  тарабынан  бағалануы.  Құқық  бұзушылық  дегеніміз, 
адамның  қоғамға,  мемлекетке  немесе  жеке  тұлғаға  зиян  келтіретін  кінəлі,  соңы  заң 
алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы əрекеті немесе əрекетсіздігі. 
Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары): 
а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі - құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, 
айырымдық  белгісі  жəне  оның заңнан  құқыққа  қайшы  болу  шегін  ажыратуға  негіз  болатын 
объективтік  тұғыры.  Құқық  бұзушылықтың  қоғамға  келтіретін  зияны  мен  оның  қауіптілігі 
қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;  
б)  кұқыққа  қайшы  келушілік  -  əрекеттің  немесе  əрекетсіздіктің  қоғамға  қауіптілігін, 
зияндылығын  заң  атауы  арқылы  білдірілуі.  Құқыққа  қайшы  (қарсы)  келудің  жəне  ол  үшін 
жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, əрі оны бекітеді де; 
в)  кінəлілік  -  басқаша  айтқанда  -  құқық  бұзушылыққа  бару  құқық  бұзушының 
тысқарыдан  ешбір  ықпалсыз-ақ  өзінің  ерік-ықтиярын  əлгіндей  түрде  білдіруі,  ал  мұның  өзі 
кінəлі жүріс-тұрыс (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер 
ол  өзінің  жүріс-тұрысының  құқыққа  қайшы  келетінін  жете  түсінуге  қабілеті  болмаса,  онда 
оның  кінəлі  əрекеті  құқық  бұзушылық  болмайды  да,  ол  объективті  түрдегі  құқыққа  қайшы 
əрекеттік  болып  шығады.  Сондықтан  мұндай  адам  заң  алдындағы  жауаптылыққа 
тартылмайды; 
г)  əрекеттілік  немесе  əрекетсіздік  түріндегі  əрекеттер.  Мұндағы  əрекетсіздік  түріндегі 
құқық  бұзушылық  -  тұлға  заңдық  талаптарды  орындауға  міндетті  бола  тұрып,  оларды 
орындамаған жағдайда болады; 
д)  жазаланушылық  -  мемлекет  тарапынан  мəжбүрлеу  шараларының  қолданылу 
мүмкіндігі. 
Құқық  бұзушылықтар  əлеуметтік  қауіптілігіне  байланысты  жəне  зиян  келтіру 
дəрежелеріне қарай қылмыстар жəне теріс қылықтар деп жіктеледі. 

 
Қылмыстар  қоғамға  қауіптілігі  (зияндылығы)  жағынан  барынша  жоғары  дəрежеде 
болатындығымен  ерекшеленеді.  Олар  қоғамның  ең  маңызды,  едəуір  мəнді  мүдделеріне 
нұқсан  келтіреді.  Мұндай  ең  маңызды,  едəуір  мəнді  мүдделерге  нұқсан  келтірулер  мен  қол 
сұғулардан  қылмыстық  заңдар  қорғайды.  Жасалған  қылмыстар  үшін  заң  аса  қатал  жазалау 
шараларын белгілейді, 
Формалды  түрде  қылмыстың  барлық  белгілері  бар  болса  да  қайсы  бір  қылмыстар 
қылмыс  болып  саналмайды.  Олай  болатын  себебі  кейбір  жағдайларда  əлгі  қылмыстардың 
коғамдық қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз болып келеді. 
Теріс  құқықтар  -  əлеуметтік  зияндылығы  мен  қоғамдық  қауіптілігі  төмен  дəрежеде 
болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар. 
Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі-түрлі болып келеді 
жөне де олар қоғам болмысының əр түрлі салаларында болып жатады. 
Теріс қылықтардың қоғамдық қауіптілік дəрежесін анықтауда төмендегідей айырымдық 
белгілері ескеріледі: 
а)  нұқсан  келтірілген  қоғамдық  қатынастардың  объект  түріндегі  маңыздылығының 
дəрежесі; 
ə) келтірілген зиянның мөлшері; 
б) құқыққа қарсы (қайшы) əрекеттің жасалу тəсілі, уақыты мен орны; 
г) құқық бұзушының өз басы. 
Теріс қылықтардың жіктелуі: 
1. Мүліктік жəне кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы құқық нормаларын 
бұзу азаматтық-құқықтық нормаларды бұзушылықтар деп аталады; 
2.  Заң  белгілеген  қоғамдық  тəртіпке,  мемлекет  органдарының  атқару-орындау 
саласындағы қатынастарға нұқсан келтіруін əкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады; 
3.  Еңбек  қатынастары  аясындағы  кəсіпорындар,  мекемелер,  ұйымдардың  ішкі  еңбек 
ұйымдастыру тəртібіне нұқсан келтіруін тəртіптік құқық бұзушылықтар деп аталады; 
4.  Заң  арқылы  белгіленген  рəсімдерді  əділсоттың  жүзеге  асыруына  (куəлардың  сотқа 
келмей  қалуы)  нұқсан  келтіруін  жүргізу  қатынастарындағы  құқық  бұзушылықтар  деп 
аталады. 
Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы: 
1.  Құқық  бұзушылықтың  субъектісі  –  кінəлі,  құқыққа  қайшы  (қарсы)  əрекет  жасаған 
адам. Мұндай субъект ретінде деликт қабілеттілігі бар адам жəне заңды тұлға танылады. 
2.  Құқық  бұзушылықтың  объектісі  -  қандай  затқа  құқық  бұзушылық  бағытталып,  оған 
нұқсан  келтірілсе  сол  зат  аталған  объект  болып  табылады.  Мұндағы  тектік  объекті  - 
қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект - өмір, ар-намыс, денсаулық, т.б. 
3.  Объективтік  жағы  -  құқыққа  қайшы  (қарсы)  əрекеттің  (əрекетсіздіктің)  сыртқы 
көрінісі. 
Объективтік  жақтың  элементтеріне  сол  əрекеттің  (əрекетсіздіктің)  өзі,  одан  туындаған 
зиянды нəтиже жəне осы əрекетсіздіктен пайда болған зиянды нəтижесінің себеп-салдарлық 
байланысы жатады. 
Əрекет  (əрекеттілік,  əрекетсіздік)  -  адамның  ерік-ықтияры  мен  ақыл-парасатының 
қадағалауы  мен  бақылауындағы  жүрісі-тұрысы  (мінез-құлқы)  жəне  ол  адамның  əрекеттілігі 
немесе əрекетсіздігінен көрінеді. 
Ерік-ықтияр  еместігіне  қарамастан  адамды  күштеу  арқылы  құқық  бұзуға  итермелеп 
көндіруден туындаған əрекет құқық бұзушылыққа жатпайды. 
Əрекеттің  құқыққа  қайшы  келушілігі  -  тікелей,  жанама  тыйымдар  мен  жарасымды 
(оңды) заңды жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) құқық нормасында жіктелуінен көрінеді. 
Зиян - қолайсыз салдар, бұлар мүліктік, мүліктік емес, ұйымдық, жекелік (дербес) жəне 
басқалай  да  сипаттар  түрінде  болуы  мүмкін.  Зиянның  объективтік жағына  сондай-ақ  құқық 
бұзушылықтың болған орны мен уақыты да кіреді. 
4.  Субъективтік  жағы  -  бұған  өзінің  жасаған  əрекетіне  жəне  оның  салдарына  сол 
тұлғаның  субъективтік  қатынасын  (қарауын)  сипаттайтын  үлгілердің  (нышандардың) 

 
жиынтығы  жатады.  Мұнда  басты  категориялары  болып  –  кінə,  себеп  жəне  мақсаттар 
көрінеді. 
Кінəнің - қасақаналық жəне абайсыздық деген екі түрі ажыратылып көрсетіледі. Құқық 
бұзуға ниеттенген адам өз əрекетінің құқыққа қайшы жəне оның зиянды салдарын біле тұра 
сондай  əрекетке  баруы  қасақаналық  деп  бағаланады.  Құқыққа  қайшы  əрекетке  баруда  адам 
оның зияндылығын жете түсініп тұрып сондай салдардың болуын тілеген болса бұл тікелей 
(əдейі) қасақаналық болып шығады. Ал енді сондай əрекетке баруда құқық бұзушы адам сол 
əрекетінің  нəтижесінде  зиянды  салдардың  болуын  болжалдаған  болса,  онда  бұл  əрекет 
жанама қасақаналық болады. 
Абайсыздық  қылмыс  астамшылдық  жəне  қылмыстық  астамшылық  (менменсу)  деп 
жіктеледі.  Қылмыстық  ұқыпсыздық  болғанда  адам  өз  əрекетінің  құқыққа  қайшы  екендігіне 
мəн бермейді, ол əрекетінің салдары қандай болатындығын да болжай алмайды. 
Қылмыстық  астамшылықта  адам  өз  əрекетінің  құқыққа  қайшы  келетіндігін  түсінеді, 
оның қандай салдарға апарып соқтыратынын да, оның қауіпті нəтиже беретінін де болжайды, 
дегенмен жеңілтектік жасап ондай салдарды болдырмауға тырысады, үміттенеді. 
Себеп  -  құқық  бұзуға  іштей  талаптану.  Мақсат  -  құқыққа  қайшы  əрекетке  барудағы 
құқық  бұзушының  ұмтылыс  жасап  жетсем,  алсам  деген  түпкілікті  ойындағы  көздеген 
нəтижесі. 
Кінə  жəне  казус  -  факт  ұғымы  тығыз  байланысты,  ол  адамның  ерік-ықтияры  қалауына 
байланысты туындамайды. 
Заң  алдындағы  жауаптылық  -  құқық  бұзушылыққа  барған  жағдайда  оны  жасаған 
адамның мемлекеттік мəжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі. 
Заң алдындағы жауаптылық белгілері: 
а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді; 
ə) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді; 
б) мемлекеттің мəжбүрлеуіне негізделеді; 
в) құқық бұзушылықтың жасалуын нəтижесінде ғана туындайды; 
г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады; 
д) міндет жүктеумен байланысты болады; 
е) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады; 
ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады. 
5.  Заң  алдындағы  жауаптылық  қай  салаға  жататындығына  байланысты  мынадай 
түрлерге бөлінеді. 
- əкімшілік – əкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды жəне шара 
қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады; 
-  азаматтық  —  заң  алдындағы  жауаптылық  міндеттеме  шарттарының  бұзылу 
нəтижесінде туындайды; 
-  қылмыстық  –  заң  алдындағы  жауаптылық  қылмыс  жасалуының  нəтижесінде  ғана 
қолданылады; 
-  материалдық  (дүниемен  байланысты)  –  қандай  бір  мемлекеттік  кəсіпорындар, 
мекемелер  ұйымдарға  зиян  немесе  залал  келтірілген  жағдайда  заң  алдындағы  жауаптылық 
туындайды; 
-  тəртіптік  —  заң  алдындағы  жауаптылық  əскери,  еңбек,  оқу  орнындағы  тəртіптер 
бұзылған  жағдайда  туындайды,  бұлар  шара  қолдану,  сөгіс  жариялау,  ескерту  жасау 
түрлерінде болады. 
Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай 
түрлерге бөлуге болады: 
- сот арқылы анықталып жүктелетіндері; 
- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері; 
- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері. 
Заңдық 
жауапкершілік 
жүктеудің 
мақсатын, 
қызметтері 
(функциялары) 
мен 
қағидаттарын қарастырайық. 

 
Заңды  жауапкершіліктің  мақсаты  осы  құқықтық  амал,  тəсіл  арқылы  кайсындай 
нəтижелерге  қол  жеткізуге  болатынын  көрсетеді,  анықтайды.  Жəне  де  осы  нəтижелердің 
қандай  болатынын  анықтайды.  Сөйтіп  олардың  мəнін  терең  ұғынуға  мүмкіндік  береді. 
Заңдық  жауапкершіліктің  негізгі  мақсаты  субъектілердің  құқықтарымен  бостандықтарын 
қамтамасыз  ету  жəне  қоғамдық  тəртіпті  сақтау  əрі  қорғау  болып  табылады.  Атап  айтқанда 
осы  заңдық  жауапкершілік  аспабы  құқық  субъектілерінің  мүдделерін  қанағаттандыру  жəне 
əлеуметтік байланыстардың əділетті түрде реттелінуіне бола белгіленеді. 
Заңды  жауаптылықтың  қызметтерін  оның  алдына  қойылған  мақсаттар  анықтайды,  əрі 
содан туындайды. 
Жазалау  қызметі  (функциясы)  -  орын  алып  отырған  құқық  бұзушылыққа  мемлекеттік 
жаза  қолдану  түріндегі  жауабы.  Бұл  жаза  түріндегі  жауап  кінəлі  адамға,  оның  жеке  басына 
мүліктік  немесе  ұйымдық  тауқымет  тартқызу  немесе  мұқтаждыққа  ұшырату,  сөйтіп 
қолайсыз зардаптар шектіру арқылы сазайын беру түрінде білдіріледі. 
Құқықты қалпыңа келтіру қызметі (функциясы) - құқыққа өкілетті субъектінің мүддесін 
қамтамасыз  етудің  барысында  кінəліден  келтірілген  зиянды  өндіріп  алуға,  шыққан 
шығынды,  шеккен  залалды  өткізуге,  жоғалған  мүліктің  орнын  толтыртқызуға  мүмкіндік 
береді. 
Тəрбиелік 
қызметі 
(функциясын) 
– 
заңға 
теріс 
жүріс-тұрыстардың, 
құқық 
бұзушылықтардың  алдын  алудың,  ондайларды  болдырмаудың  қажеттілігі  дəлелдерін 
субъектілердің  саналарында  қалыптастыру,  күнделікті  болмыстағы  қызметтерінде  əдетке 
айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады. 
Осы  қызметтер  заңдық  жауапкершілік  белгілеген  мақсаттарға  жетуге  қолғабыс  етіп 
көмектеседі. 
Заңдық  жауапкершілік  қағидаттары  (принциптері)  -  осы  институттың  іргетасын 
құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері болып табылады. 
Заңдық жауапкершіліктің қағидаттарын төмендегідей етіп бөліп көрсетуге болады. 
а)  əділеттілік  -  мұның  өзі  тағайындалатын  жазаның  болған  құқық  бұзушылыққа 
мөлшерлестігі  арқылы,  теріс  кылық  үшін  қылмыстық  санкцияның  белгіленуін  болдырмау 
арқылы,  жауапкершілікті  бекітетін  немесе  оны  күшейте  түсетін  заңның  кері  күшін  жоққа 
шығару  арқылы,  кінəлыға  бір  бұзықшылығы  үшін  тек  бір  ғана  жаза  түрінің  жүктеліп 
(қолданылуы) арқылы білдіріледі.  
ə) заңдылық — заңдық жауаптылық кінəлы адамға қатал түрде заң бойынша жөне заңда 
көзделген əрекеттері немесе əрекетсіздіктері) үшін жүктеледі (қолданылады). 
б)  дəлелділік  -  істің  нақты  жағдайын  жан-жақты  жəне  əділдікпен  қарап,  əрі  тек 
жинақталған  дəлелдемелер  байынша  шешудің  қажеттілігін,  адамның  құқық  бұзушылық 
жасаудағы  айғақтарын,  құқық  бұзушылығының  нақты  түрін,  соған  сəйкес  келетін  құқық 
нормасын анықтау бойынша білдіріледі. 
в)  жазадан  құтылмайтындық  -  құқық  бұзушылық  үшін  заң  алдындағы  жауаптылықтың 
болмай қоймайтындығы; құқық бұзушылықтың ашылуының ұтымдылығы, сапалылығы жəне 
толықтығы,  кінəлы  адамдарға  мемлекет  тарапынан  жазалау  түріндегі  жауаптылықтың 
міндетті жəне ұтымды түрде жүктелетіндігінің сөзсіз болатындығы. 
г)  мақсатқа  лайықтылық  -  жазаның  заңдық  жауаптылық  мақсаттарына  сəйкестігі, 
санкцияларды даярлау; жасалған əрекеттердің (əрекетсіздіктердің) түрлі жағдайларын есепке 
алуда оны жұмсартатын да, ауырлататын да жақтарын ескеру. 
Заңдық  жауаптылықпен  қатар  құқық  негізімен  соның  шегінде  жүзеге  асырылатын 
мемлекеттік  ырықтандырудың  басқа  да  түрлері  атқарылады,  оларға  қорғау  шаралары, 
бұлтартқызбау  шаралары,  тəрбиелік  ырықтандыру  шаралары,  медициналық  сипаттағы 
ырықтандыру шаралары жатады. 
Егер  заңдық  жауаптылық,  қосымша  заңдық  міндет  жүктеумен  байланысты  болса 
(мысалы:  еркінен  айырумен),  онда  қорғау  шарасы  "ескі"  яғни,  "бұрынғы"  осы  субъектіге 
жүктелген міндетті орындаумен байланысты болады. Қорғау шарасының мақсаты - жазалау 
емес,  тек  құлық  бұзушылық  жасаған  адамды  жауаптылыққа  тартпай,  бұзылған  құқықты 

 
қалпына  келтіру  болып  табылады  (мысалы,  балаларын  бағып-қағу  үшін  оның  əкесінен 
нəпақа өндіруді заң жолымен еріксіз түрде алу. 
Қылмыстық,  əкімшілік,  азаматтық  істер  бойынша  өндірістің  қалыпты  жүргізілуін 
қамтамасыз етуге бағытталған бұлтартпау шаралары (ешқайда кетпейтіндік қолхаты, ұстау), 
сондай-ақ  бұлардан  басқа  іс  жүргізу  шараларында  (дербес  тексеріс,  куəландыру,  күш 
қолданып  тінту  жəне  т.б.)  заңдық  жауапкершілік  шараларына  қарағандағы  айырмашылығы, 
олар  тек  құқық  бұзушылықтың  алдын  алып  болдырмау  мақсатында  қолданылады.  Осы 
айтылып  (жоғарыда  мысал  түрінде  келтірілген)  отырған  жағдайда  құқық  бұзушылықтың 
орын алмауы себебінен жазалаудың да болуы орын алмайды. 
Жаза қолданумен сипатталмайтын ырықтандыру шараларына: еріксіз түрде сақтандыру 
(алдын  алу)  шаралары  (мысалы,  карантин  жағдайында  жүріп-тұру  еркіндігін  шектеу); 
қоғамға  қауіпті  əрекеттерге  (əрекеттіліктерге  немесе  əрекетсіздіктерге)  барғаны  үшін 
кəмелет  жасына  толмаған  жастарға  (əрекет  қабілеттігі  жоқ)  қолданылатын  тəрбиелік 
ырықтандыру  шаралары;  мемлекеттің  немесе  қоғамның  мүддесіне  бола  құнының  өтемін 
төлеп  меншік  иесінен  мүліктерін  төтенше,  шұғыл  жағдайларда  (апатты  ауыр  жағдайларда, 
аварияларда, эпидемия-эпизоотия таралғанда) жəне басқа да төтенше сипаттағы жағдайларда 
қолданылатын алып қою шаралары жатады. 
Сонымен,  қоғамға,  тұлғаға  немесе  мемлекеттік  зиян келтіретін  жағдайлар  да  бар.  Бірақ 
мұнда зиян, залал келтірген тұлға заңдық жауаптылыққа тартылмайды. Міне осы жағдайлар 
əрекеттің  құқықтық  қайшылықтарын  жоққа  шығаратын  жағдайлар  деп  аталады.  Бұларға 
мына жағдайлар жатады: 
1) қабілетсіздік - тұлғаның өз əрекеттеріне есеп бере алмайтын ессіздік күйі; 
2) қажетті қорғану - бұл жағдайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының 
немесе  өзге  бір  адамның  жеке  басын,  тұрғын  үйін,  меншігін,  жер  телімін  жəне  басқа  да 
құқықтарын,  қоғамның  немесе  мемлекеттің  заңмен  қорғалатын  мүдделерін  қоғамға  қауіпті 
қол сұғушылықтан сол қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда 
қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса (ҚР ҚК-нің 32-бабы); 
3)  қылмыс  жасаған  адамды  ұстау  —  қылмыс  жасаған  адамды  мемлекеттік  органдарға 
жеткізу  жəне  оның  жаңа  қол  сұғушылыққа  бару  мүмкіндігін  тыю  үшін  ұстау  кезінде  зиян 
келтіру,  егер  мұндай  адамды  өзге  амалдармен  ұстау  мүмкін  болмаса  жəне  бұл  орайда  осы 
үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе; 
4)  аса  қажеттілік  -  заң  арқылы  қорғалатын  мүдделерге  аса  қажет  болған  жағдайда  зиян 
келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары 
мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін 
қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса жəне 
бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмеген жағдайында (ҚР ҚК-
нің 34-бабы); 
5)  күштеп  жəне  психикалық  мəжбүрлеу  (жүйкесіне  зақым  ету)  –  егер    күштеп 
мəжбүрлеудің  салдарынан  адам  өзінің  іс-əрекетіне  (əрекетсіздігіне)  ие  бола  алмаса,  күштеп 
мəжбүрлеудің нəтижесінде заңдармен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайында (ҚР 
ҚК-нің 36-бабы); 
6)  орынды  тəуекелге  бару  -  қоғамдық  пайдалы  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  орынды 
тəуекел еткен ретте заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы (ҚР ҚК-нің 35-
бабы); 
7)  бұйрықты  немесе  өкімді  орындау  -  адамның  өзі  үшін  міндетті  болып  табылатын 
бұйрықты  немесе  өкімді  орындау  жөнінде  іс-əрекет  жасағанда  оның  заңмен  қорғалатын 
мүдделерге  зиян  келтіру  жағдайы  -  көрінеу  заңсыз  бұйрықты  немесе  өкімді  орындамау 
жағдайы (ҚР ҚК 37-бабы); 
8)  елеулі  маңызы  болмайтын  құқық  бұзушылық  -  коғамға  мемлекетке  зиян  келтірмеген 
жəне зиян келтіру қаупін туындатпаған жағдай (ҚР ҚК-нің 9-бабы); 
9) казус (уақиға, шытырман қиын жағдай) жəне тағы басқалар. 

 
Құқық бұзып, кінəлы болған субъектіге мемлекет өзінің мəжбүрлеу шараларын 
қолданады. Ол бойынша кінəлы субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды 
немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі. 
Заң  алдындағы  жауаптылық  бірнеше  түрге  бөлінеді  —  қылмыстық,  əкімшілік, 
азаматтық, тəртіпсіздік жəне материалдық жауаптылық. 
Заң  алдындағы  жауаптылық  тек  құқық  бұзушылық  орын  алған  жағдайда  ғана 
туындайды.  Мемлекеттің  құқық  бұзушыны  жауапқа  тартуға  хақысы  бар,  ал  құқық  бұзушы 
мемлекеттің  мəжбүрлеу  шарасын  мойындауы  тиіс.  Жауапқа  тартылушы  тұлға,  мемлекеттің 
мəжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендігі анықталғанда жəне ол заңға 
сай  келсе  ғана  мойынсұнуға  құқылы.  Жауапқа  тартылушы  адам,  өзін  заңсыз түрде  жауапқа 
тартудан қорғауды талап етуге құқылы. 
 
№28 Дəріс 
Тақырып: Заңдылық, құқықтық тəртіп, тəртіп. 
    Дəрістің мазмұны: 
1.Заңдылық пен құқықтық тəртіп 
2.Заңдылықтың қағидалары 
3.Құқықтық тəртіптің түснігі. 
4.Кепілдік жəне заңдылықты  жəне құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету əдістері. 
Заңдылық  —  заңдардың,  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілердің  Республика 
аумағында  мүлтіксіз  жөне  дəлме-дəл  орындалуы.  Заңдарды  сақтайтын,  орындайтын,  жүзеге 
асыратын  мемлекет  органдары,  ұйымдары,  мекемелері,  кəсіпорындары,  лауазым  иелері, 
азаматтар,  қоғамдық  бірлестіктер.  Егер  аталған  субъектілер  заңдарды  мүлтіксіз  орындаса 
қоғамда, мемлекетте заңдылық үстемдік етеді деп айтуға болады. Егер заңдар орындалмаса, 
бұзылса  қоғамда  заңдылық  бұзылды  деп  айтады.  Заңдылықтың  сақталуы,  үстем  болуы  — 
қоғам өмірінің тұрақтылығының алғы шарты. Заңдылық бұзылса демократияға, адамдардың 
құқықтары мен бостандықтарына зор нұқсан, зиян келтіріледі, қоғамдық тəртіп бұзылады. 
Заңдылық  қағидаттары  (принциптері)  -  заңдылықтың  мазмұнын  ашатын,  білдіретін 
негізгі идеялар, негіздер (бастаулар). Бұларға жататындар: 
а)  заң  үстемдігі  -  ең  жоғарғы  акт  ретінде  бүкіл  нормативтік  актілердің  жəне  құқықты 
жүзеге асырудың бүкіл актілерінің заңға бағыныштылығы; 
ə)  заңдылықтың  тұтастығы  (жалпыға  бірдей  міндеттілігі)  —  белгілі  бір  мемлекеттік 
бүкіл  аумағында  құқық  шығармашылығы  мен  құқықты  жүзеге  асырудың  құқықтық 
қатынастардың субъектілері қызмет атқаруларының бірыңғай бағыттылығы. 
б) заңдылықтың мақсаттылығы - қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, өзі 
ең  қолайлы  əрі  қатал  түрде  заң  аясынан  шықпайтын  құқықтық  əрекеттер  нұсқасын  таңдап 
алудың қажеттілігі; 
в)  заңдылықтың  іске  асатындығы  -  барлық  қызметтердің  түрлерінде  құқықтық 
нормалардың  орындалуына  шын  мəнісінде  жету  жəне  қандай  да  болсын  құқық  бұзушылық 
үшін жауапкершіліктен құтылмайтындықтың орнығуы. 
Заңдылық Қазақстан аумағының барлық жерінде біртүтас құбылыс болып орнауы қажет. 
Мемлекеттің өр жерінде өр түрлі заңдылық болмайды. Алматының өз заңдылығы, Семейдің 
өз  заңдылығы  -  бірінен-бірінің  ерекшелігі  болуы  мүмкін  емес.  Егер  олай  болса,  қоғамда 
тəртіпсіздік, бассыздық орын алатын болады. Заңдылық барлық Республика аумағында тұтас 
орнатылуы  тиіс.  Заң  Батыс  Қазақстанда  сақталып,  Шығыс  Қазақстанда  сақталмайтын, 
мойындалмайтын 
болса, 
ол 
заңдылықты 
бұзған 
болып 
саналады. 
Заңдылықты 
мақсаттылыққа  қарсы  қоюға  болмайды.  Себебі  кез  келген  заң  бір  мақсатқа  жету  үшін 
жасалады.  Заңдылықтың  бұзылуының  бір  себебі  —  оны  мақсаттылыққа  қарсы  қою. 
Жергілікті жердің ерекшелігін немесе басқа жағдайларды сылтауратып заңды бұзушылыққа 
жол берілмеуі керек. 
Заңдылықты нығайту үшін кепілдіктер қажет. Олар: а) экономикалық кепілдік — қоғам 
шаруашылығының  деңгейі  жоғары  болып,  заңды  жүзеге  асыру  үшін  қаражат  жеткілікті 

 
болуы керек; ə) саяси кепілдік — мемлекет органдары заңға сүйене отырып, өзіне тапсырған 
қызметті оралымды, тиімді істеуі қажет; б) құқықтық кепілдік — заңдарды үнемі жетілдіріп 
отыру,  заңды  бұзушылықтың  алдын  алу,  сот  əділдігін  жүзеге  асыру,  жауаптылықтан 
бұлтартқызбау, əлеуметтік бақылау, т.с.с. 
Қоғам  тəртіпке  негізделіп,  арқа  сүйеп  қалыптасып,  өмір  сүре  алады.  Қоғамда  тəртіп 
болмаса,  ол  құлдырайды,  қирайды,  оның  келешегі  болмайды.  Мұны  адамдар  ежелден-ақ 
жақсы түсінген. 
Сондықтан да қоғамда тəртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Қоғамдағы тəртіп түрлі 
əлеуметтік  нормалардың,  былайша  айтқанда,  адамдардың  мінез-құлқын  реттейтін 
қағидалардың өсерімен яғни күшімен орнатылады. 
Əлеуметтік  нормалардың  ең  негізгісі,  алғашқы  пайда  болғаны  əдет-ғұрып,  дəстүр 
қағидалары. Əр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Қазақ халқы əдеттерінің заң түрінде 
күші  болған,  "Қасым  ханның  қасқа  жолы",  "Есім  ханның  ескі  жолы",  "Тəуке  ханның  Жеті 
жарғысы"  –  бұлар  негізінен  əдеттік  заңдардың  жинақтары.  Осындай  əдеттердің  күшімен 
қоғамда тəртіп орнатылған. 
Əлеуметтік  нормалардың  маңызды  түрі  -  əдептік  нормалар.  Əдептік  нормалардың 
құқықтық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Олар адамның 
ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тəртіп орнатуға ұйтқы балады. 
Əдептік  нормалар  құқықтық  нормаларға  түрткі,  негіз  балып  отырады.  Құқықтық 
нормалардың  басым  көпшілігі  əдептік  нормалардан  нəр  алады,  соларға  арқа  сүйейді. 
Неғұрлым  құқықтық  нормаларға  əдептік  нормалар  арқау  болса,  соғұрлым  заңдардың 
əділеттік, адамгершілік мəні жоғары балады. 
Құқықтық нормаларды қолдану нəтижесінде қоғамда құқықтық тəртіп орнығады. Демек, 
құқықтық  тəртіп  дегеніміз  құқықтық  нормаларды  жүзеге  асыру  нəтижесінде  қалыптасатын 
қоғамдық тəртіп. 
 
№29 Дəріс 
Тақырып: Құқық, жеке тұлға, қоғам 
1.Мемлекет жəне құқық теориясының көқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы. 
2.Адам жəне азаматтың құқықтары мен босатндықтарының түсінігі,олардың жүйесі. 
3.Қоғам мен мемлекет алдындағы заңды міндеттеме жəне жауапкершілік  
Адам 
жəне 
адамзат 
құқықтарын 
қарастырар 
алдында, 
"тұлға", 
"азамат", 
категорияларының  өзара  қатыстылықтарын  белгілеп  алу  өте  маңызды.  "Адам"  ұғымы  оны 
биологиялық  жағынан  қарастырып  жануарлар  əлемінің    белгілі  бір  физиологиялық 
қасиеттері бар өкілі ретінде сипаттап барып таниды. 
"Тұлға"  ұғымы  адамды  қоғамдағы  өзінің  орны  мен  рөлін,  оның  алдында  қаншалықты 
өзінің  жауапты  екендігін  жете  түсінген  саналы  да  дербес  адам  ретінде  бағалап  əлеуметтік 
жағынан сипаттап барып таниды (əр түрлі объективтік-субъективтік себептерге байланысты 
адамның тұлғалық қасиеттерге (сапаларға) ие бола алмайтын жағдайлары да болуы мүмкін, 
мысалы,  сот  адамды  психикалық  кеселге  ұшырауы  себепті  əрекет  қабілеттілігі  жоқ  деп 
танығанда солай болады). 
"Азамат"  ұғымы  адамды  нақты  мемлекетпен  орнықты  түрде  құқықтық  байланыс 
орнатқан дербес "тұлға" ретіңде заңдық жағынан сипаттап барып бағалайды һəм таниды. 
Адам  құқығы  -  адам  мүдделерін  қанағаттандыруға  бағытталған,  өзі  заң  арқылы 
қорғалатын  болуы  мүмкін  жүріс-тұрыстың  (мінез-құлықтың)  өлшем  (шамасы).  Мұның  өзі 
адамның  жаратылыстық  табиғатынан  туындайтын,  қарапайым  да  ең  маңызды  игіліктерді, 
тұлғаның  осы  қоғамда  еркін  де  қауіпсіз  тіршілік  ету  жағдайында,  оп-оңай  жүзеге  асырып 
пайдалануының  мүмкін  екендігін  білдіретін  əмбебап  категория  болып  табылады.  Қазіргі 
кезеңде  адам  құқығы  жалпы  əлеуметтік  ұғым  ретінде  түсініледі.  Мұның  өзі  тұлға 
бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар 
мен стандарттарды бейнелейді, əрі оларды қамтиды. 
Адам құқықтарына мынандай белгілер тəн болады: 

 
1)  бұл  құқықтар  адамның  табиғи  жəне  əлеуметтік  мəнінің  қоғам  болмысы 
жағдайларында  үнемі  өзгеріп  отыратындығын  ескеру  арқылы  туындап  өрі  қарай  дамып 
отырады; 
2)  объективті  түрде  қалыптасып  барып  пайда  болады  жəне  мемлекеттің  тануына 
байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тəуелді емес); 
3) жеке адамға тумысынан тəн болады; 
4)  ажырамайтын,  тартып  алынбайтын  сипатта  болады,  табиғи ретінде  (ауа,  су  жəне  т.б. 
сияқтылар ретінде) танылады; 
5) тікелей күші бар болып келеді; 
6) ең жоғары əлеуметтік құндылық деп танылады; 
7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мəнін білдіретін (яғни бейнелейтін) 
нысаны түрінде көрінеді; 
8) жеке адамға өз білігінше əрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға 
мүмкіндік  жасайды  жəне  оны  қамтамасыз  етеді  сөйтіп  барып  адамдар  мен  мемлекет 
арасында  болатын  өзара  қатынастарды  реттейтін  қағидаттар  мен  нормалар  болып 
қалыптасады; 
9) Бұларды тану, бұлжытпай орындау, сақтау жəне қорғау – мемлекеттің міндеті болып 
табылады. 
Адамның  өмір  сүруі  жəне  оның  лайықты  тұрмыс  жағдайларында  тіршілік  ету  құқығын 
жүзеге  асыру  үшін  оның  дүниеге  келуінің  өзі-ақ  жеткілікті  болады.  Ал  басқа  құқықтарын 
іске асыру үшін ол адамда азамат пен тұлғаға тəн қасиеттерінің болуы қажет-ақ. 
Сонымен,  азаматтық  құқық  -  заң  жөне  мемлекет  тарабынан  қорғалатын,  əрі  заң 
тұрғысынан  алғанда  осы  азаматтың  жүріс-тұрысының  шама  мөлшері.  Енді  осы  құқық  кім 
көрінгеннің  мүддесін  қанағаттандыруға  емес,  тек  нақты  мемлекетпен  тиянақты  байланыс 
орнатқан азаматтың ғана мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған болады. 
Азамат  құқықтары  адам  құқықтарына  қарағанда  əрдайым  заңдық  категориялар  түрінде 
көрінеді,  бұл  олардың  айырмашылығы  болып  табылады.  Олардың  (азамат  құқықтарын) 
мемлекет  танымайынша  олар  заң  жүзінде  баянды  етілмейінше,  адамның  нақты  жақпен 
байланысы  орнамайынша  тəуелсіз  түрде  бар  болуы,  іске  қосылуы  мүмкін  емес  яғни 
қолданылуы да мүмкін емес. 
Тұлға  бостандығы  -  азамат  құқығы,  мұның  өзі  қандай  да  бір  кедергінің  немесе  бір 
нəрседен қысылудың жоқ екендігін ғана білдіреді. 
Азаматтардың  негізгі  құқықтары  мен  бостандықтарын  жариялау  кезеңдеріне  сүйеніп 
негіздегенде оларды əдетте үш буынға бөледі. 
Бірінші  буын  —  бұған  ХVІІ-ХVШ  ғғ.  буржуазиялық  революциялар  жариялаған 
азаматтық  жəне  саяси  құқықтар  кіреді.  Осы  құқықтар  "негативті"  яғни  теріс  немесе 
болымсыз  деген  атауға  ие  болады.  Мұның  мағынасы  тұлға  мемлекет  билігіне  тəуелсіз 
дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда оның (тұлғаның) жеке адамға тəн бостандық пен өзінің 
кім  екендігін  көрсетуіне  деген  араласпаушылық  шегін  белгілейді  (мысалы,  тұлғаның  өмір 
сүруге,  бостандыққа  жəне  қауіпсіздікке  құқықтылығы,  тұрған  жайының  дербестігіне,  заң 
алдындағы  тең  құқықтылығына,  сайлау  құқығына,  ойлау  мен  ар-ождан  бостандығына,  сөз 
жəне баспасөз бостандығына жəне т.б.). 
Екінші  буын  -  социалистік  идеялар  мен  социализм  орнаған  елдердің  ықпалы  негізінде 
халықтардың  əлеуметтік-экономикалық,  мəдени  мəртебелерін  көтеру  мақсатында  жүргізген 
күрестерінің нəтижесінде XX ғасырдың орта шенінде осындай түрде пайда болды. Кейде бұл 
құқықтарды  "позитивтік"  деп  атайды.  Олай  болатыны  бұларды  жүзеге  асыру  бірінші 
буындағы  құқықтарға  қарағандағы  өзгешелігі  белгілі  бір  дəрежеде  мақсатты  əрекеттерге 
баруды мемлекеттен талап етеді. Яғни оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шараларды 
жасауға  "позитивтік"  түрде  кірісуді  қажет  етеді  (мысалы,  бұларға  енбек  ету,  еңбекті  еркін 
таңдау,  демалыс,  тынығу  құқықтары,  ана  мен  баланы  қорғау,  білім  беру,  денсаулық  сақтау, 
əлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдағы мəдени болмысқа қатысу жəне т.б. құқықтар жатады). 

 
Үшінші  буын  -  адамзаттың  ғаламдық  проблемалары  туындатқан  ұжымдық  немесе 
ортақтық  құқықтар.  Бұл  құқықтар  қаншалықты  жеке  адамдардың  əрқайсысынан  гөрі 
тұтастай  ұлттар  мен  халықтарға  соншалықты  тиесілі  (мысалы,  бейбіт  өмір  сүру  құқы, 
лайықты  қоршаған  ортаға  құқықтылық,  өзін-өзі  билеу  немесе  өмірдегі,  қоғамдағы  орнын 
əркімнің  өзінің  белгілеуі  құқығы,  ақпарат  алу,  əлеуметтік  жəне  экономикалық  дамуға 
құқықтылық  жəне  т.б.  құқықтар).  Құқықтардың  осы  түрі  екінші  дүние  жүзілік  соғыстан 
кейін,  көптеген  елдердің  отарлық  тəуелділіктен  бостандық  алу  жағдайында,  экологиялық 
ахуалдың  дамыған  елдер  қоғамына  тəн  проблемалардың  шиеленісіп  асқынуы  нəтижесінде 
туындады жəне əлі де болса көбінесе өзінің даму кезеңін басынан өткеруде, заңдық міндетті 
нормалар ретінде қалыптасу сатысында тұр. 
Құқық пен тұлғаның сан-алуан байланыстары ең толық түрде құқықтық мəртебе ұғымы 
арқылы  ғана  сипатталуы  мүмкін.  Осы  сипаттауларда  жеке  адамның  заңдық  болмысының 
негізгі  жақтары  қамтылып  көрсетіледі.  Осының  барысында  олардың  мүдделері  мен 
мұқтаждықтары,  мемлекетпен  болатын  өзара  қатынастары,  еңбек  жəне  қоғамдық-саяси 
қызметтік əрекеттесулері айқындалады. 
Ең  қысқаша  түрде  құқықтық  мəртебе  ғылымда  тұлғаның  қоғамдағы  заң  баянды  етіп 
бекіткен  жайы  мен  күйі  ретінде  анықталады.  Құқықтық  мəртебенің  негізінде  шындыққа 
негізделген мəртебе жатады, ал құқық болса осы жайды баянды етіп бекітеді, сөйтіп оны заң 
аясына (шеңберіне) енгізеді, əрі орнықтырады. 
Құқықтық  мəртебе  тұлға  құқықтарының,  бостандықтарының,  міндеттері  мен 
мүдделерінің  мемлекет  таныған  жəне  оған  мемлекеттің  кепілдіктері  берілген  жиынтығы 
болып табылады. Тұлғаның шынайы жай-күйінің тұжырымдалуы түрлі жолдармен сан алуан 
тəсілдер  арқылы  бірнеше  ерекше  құралдардың  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Мұның  өзі 
адамды  қоғамда  бар  құқықтардың  субъектісі  деп  танудан-ақ,  сөйтіп  оған  ерекше  сипатты 
қасиет беруден басталады. Осыдан кейін ол өзіне лайықты құқықтық қатынастарға кірісуге, 
өзінің  теріс  қылықтарына  жауапты  болуына  мүмкіндіктер  ала  алады.  "Мəртебе"  сөзін 
латыншадан  аударғанда  біреудің  немесе  заттың,  бір  нəрсенің  "жайы-күйі,  қалпы"  дегенді 
білдіреді.  Тұлғаның  құқықтық  мəртебесінің  кіндігін,  яғни  тұғырлық  негізін  Конституция 
жəне басқалай да маңызды заң актілері мен Адам жəне азамат құқықтары Декларациясында 
жарияланған  құқықтар,  бостандықтар  мен  міндеттер  құрайды.  Міне  осылар  қоғамдағы 
тұлғаның 
жай-күйін 
мемлекеттік 
істердегі 
рөлін, 
мүмкіндіктерін, 
оған 
қатысу-
қатыспауларын ен алдымен анықтайды. 
Құқықтық мəртебенің түрлері: 
а) азаматтың жалпы немесе Конституциялық мəртебесі; 
б) азаматтардың арнайы немесе тектік мəртебесі; 
в) дербес мəртебе; 
г)  жеке тұлға мен заңды тұлғаның мəртебесі; 
д) шетелдік адамдардың, азаматтығы жоқ адамдардың, босқын адамдардың мəртебелері; 
е) шет елдерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының мəртебесі; 
ж) салалық мəртебелер: азаматтық-құқықтық, əкімшілік-құқықтық жəне т.б. мəртебелер; 
з)  кəсібилік  жəне  лауазымдық  мəртебелер  (депутат,  министр,  судья,  прокурор 
мəртебесі); 
и) түрлі экстремалдық жағдайларда немесе елдің ерекше аймақтарында жұмыс істейтін 
адамдардың мəртебесі. 
Жалпы  құқықтық  мəртебе  -  бəрінен  бұрын  Конституциямен  анықталады.  Сөйтіп  ол 
ағымдағы  əр  түрлі  жағдайларға  (қызмет  бабымен  ауысуларға,  отбасылық  жағдайларға, 
лауазымға, атқаратын қызметке) тəуелді  болмайды, елдің бəріне бірдей əрі жалғыз болады. 
Жалпы  құқықтық  мəртебе  құқық,  субъектілерінің  бүкіл  сан  алуандығын,  олардың 
өзгешеліктері  мен  ерекшеліктерін,  айырмашылықтарын  ескеруге  мұршасы  келе  бермейді. 
Сондықтан  да  көптеген  субъективтік  құқықтар  мен  міндеттер  оған  кірмейді.  Өйткені  бұлар 
ол  субъектілерде,  оның  еңбек  етуіне,  құқықтық  қатынастарының  сипатына,  басқалай  да 
жағдайларының  өзгермелілігіне  қарай  бір  жағынан  туындап,  басқа  жағынан  тоқтатылып 

 
жататындығына байланысты болады. Белгілі бір қоғамның сипаты жөнінде, оның əлеуметтік 
табиғатын,  демократиялылығының  дəрежесін,  жалпы  құқықтық  мəртебесін  жəне  т.б. 
зерделеп барып қана пікір айтуға болады. 
Арнайы,  немесе  тектік  мəртебе  —  бұл  мəртебе  белгілі  категорияға  жататын 
азаматтардың 
(зейнеткерлер, 
жұмысшылар, 
шаруалар, 
мүгедектер) 
жағдайының 
ерекшеліктерін  көрсетеді.  Аталған  топтар  мен  топтамаларға  жататын  азаматтар  жалпы 
құқықтық  мəртебелер  аясында  өздеріне  тиесілі  өзгешіліктерге,  қосымша  құқықтарға, 
міндеттерге ағымдағы заңдарда алдын ала қарастырылуы бойынша ие болуы мүмкін. 
Дербес  құқықтық  мəртебе  —  жеке  адамның  деректерін  белгілейді  (жынысын,  жасын, 
отбасы  жағдайын,  атқаратын  жұмысын  анықтайды).  Əрбір  адам  өзінің  дербес  мəртебесін, 
құқықтары  мен  міндеттерін,  жауапкершілігін,  мүмкіншіліктерін  жақсы  білуі  -  құқықтық 
мəдениеттіліктің белгісі болып табылады. Дербес құқықтық мəртебе жылжымалы, өзгермелі 
болып  келеді.  Ол  адам  болмысында  болып  жататын  өзгерістермен  қатарласа  бірге  өзгеріп 
отырады.  Құқықтық  мəртебе  күрделі  жинақталған  сипатта  болады.  Ол  адамның  қоғаммен, 
мемлекетпен,  ұжыммен,  өзін  қоршаған  адамдармен  жасасқан  бүкіл  байланыстарын  ашып 
береді. Бүл ұғымның құрылымына мынадай элементтер кіреді: 
а) осы мəртебені белгілейтін құқықтық нормалар; 
б) құқық субъектілік; 
в) негізгі құқықтар мен міндеттер; 
г)  заңға негізделген мүдделер; 
д) азаматтық; 
е)  заң алдындағы жауаптылық; 
ж) құқықтық қағидаттар. 
Құқық  бар  бостандықтың  өлшемі,  оның  нормасы,  мүмкін  болатынның  шегін  нұсқау 
қызметін  атқарады.  Сонымен  бірге  құқық  осы  бостандықтың  жүзеге  асырылуының  кепілі, 
оның  сақшысы  жəне  қорғаныс  құралы.  "Зорлық-зомбылық  болмай,  заң  өз  үстемдігін 
жүргізген  кезде  бостандық  та  сонда".  Құқық  нормалары  -  бостандық  нормалары.  Ал 
осындағы  бостандық  -  заң  таныған,  мемлекет  оны  заңдар  мен  басқадай  да  актілер  түрінде 
тұжырымдаған бостандық – мəселе міне осында. Бостандық өзіне қажет сүйенішті (тіректі), 
кепілдікті  құқықтан  алады,  ал  тұлға  болса  өзіне  тіректі  яғни,  кепілдікті  құқықтан  алады, 
сөйткенде ғана тұлға өз мүддесін қанағаттандыруына мүмкіндік алады. 
Адамның  құқықтары  мен  бостандықтары  табиғи  жəне  оған  тумысынан  берілген. 
Ажырамайтын,  ең  жоғары  құндылық  деп  танылады.  Адамның  құқықтарын  сақтау  жəне 
қорғау - мемлекеттің міндеті. 
Əркімнің  өмір  сүруге,  денсаулығының  болуына,  жеке  басының  қауіпсіздігіне  жəне 
дербестігіне,  ар-намысы  жəне  қадір-қасиеті  мен  ізгі  атағының  қорғалуына,  ой  жəне  сөз 
бостандығына,  өзінің  пікірі  мен  сенім-нанымдарын  білдіруге,  тұрғын  мекен-жай  таңдауға, 
меншік алуға, сатып алуға, оған ие болуға, оны пайдалану мен оған иелік етуге, кəсіпкерлік 
іспен айналысуға, өз елінен басқа елге баруына, одан қайтып келуіне құқылы. 
Азаматтардың  митингілер,  көшеде  шерулер  мен  демонстрациялар  өткізу  құқығы; 
мемлекеттік  органдарға  сайлауға  жəне  сайлануға,  ақпараттар  алуға  жəне  оларды  таратуға, 
дербес  жəне  ұжымдасып  үндеулер  (петициялар)  беруге,  өз  еркі  бойынша  ұлтын  анықтау 
құқықтары  бар,  жəне  олар  заң  арқылы  баянды  етілген.  Əлеуметтік  жəне  мəдениет 
салаларында  да  азаматтарға  тиісті  құқықтар  қаралған  (еңбек  ету,  демалысқа  шығу,  тынығу, 
білім  алу,  əлеуметтік  қамсыздандыру,  зияткерлік  шығармашылықпен  айналысу  жəне  т.б.). 
Адам  құқықтары  мен  бостандықтары  көпшілік  мақұлдаған  жіктеуге  сəйкес  əлеуметтік-
экономикалық, азаматтық, мəдени жəне дербестік деп бөлінеді. Жіктеп бөлудің мұндай түрі 
əлемнің заңдық іс-тəжірибелерінде, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйелерде де қабылданған. 
Адам  құқықтары  мен  азамат  құқықтарының  араларындағы  айырмашылықтарға  келер 
болсақ, бүл айырмашылықтардың болуының өз негізі бар. 
Біріншіден  -  адамның  құқықтары  қайсы  бір  мемлекеттің  таныған-танымағанынан  жəне 
заңдарда 
баянды 
етілген-етілмегеніне 
қарамастан-ақ 
сол 
құқықты  иеленушісінен 

 
(сақтаушысынан)  тысқары  қандай  да  болмасын  мемлекетпен  байланыссыз-ақ  бар  бола 
береді. Ал азаматтың құқығы осы адамның өзі тиісті болып отырған мемлекеттің қорғауында 
болады. 
Екіншіден  -  жер  жүзінде  көптеген  адамдар  азамат  мəртебесін  тіпті  алмағандар 
(азаматтығы  жоқ  адамдар),  демек  олар  формалды  түрде  азамат  құқықтарын  алмағандар, 
сондықтан азамат құқықтары оларда жоқ. 
Заң  ғылымында  азаматтардың  барлық  құқықтары  субъективтік  құқықтар  деп  аталады, 
яғни  дербес,  ол  адамдардың  барлығына  ғана  емес,  əркімге  де  тиісті  құқық.  Бұл  құқық 
олардың  иелерінің  (сақтаушыларының)  алдынан  қаншама  түрлі  қызметтер  атқаруына  кең 
жол,  яғни  мол  мүмкіндіктер  ашады.  Өздерінің  қажеттіліктері  мен  мүдделерін 
қанағаттандыруға,  қандай  да  бір  əлеуметтік  игіліктерді  пайдалануына,  өздерінің  заңда 
көрсетілген талаптарын басқа адамдардың ұйымдардың орындауына деген кең мүмкіндіктер 
береді. 
Субъективтік  құқық  (яғни  жеке  адамның  өзіне  ғана  тəн  дербес  құқығы)  -  бұл 
мемлекеттің  өзі  кепілдендірген  тұлға  яғни  жеке  адам  жүріс-тұрысының  (мінез-құлқының) 
болу мүмкіндігінің (немесе берілген рұқсатының) өлшемі, мөлшері. 
Сонымен  субъективті  —  талаптанушы  сипатта  болатындарға  тиесілі  азаматтық, 
мүліктік, əлеуметтік-экономикалық құқықтар ғана емес, сонымен бірге осындай субъективті-
талаптанушылық  сипатта  -  саяси  жəне  дербес  бостандықтарға  жататын:  сөз,  баспасөз, 
жиналыстар  өткізу,  митингілерге  шығу,  көшелерде  шеру,  демонстрациялар  өткізу,  пікір, 
сенім, ар-ождан бостандықтары жəне басқалай да бостандықтар болады. Субъективтік құқық 
қашан  да  болсын  мемлекет  тарабынан  кепілдіктің  болуын  ғана  болжап  қоймайды,  сонымен 
бірге басқа адамдардың тиісті міндеттерін де болжалдайды. Егер де осы міндеттер болмаса, 
онда  біздің  көз  алдымызда  субъективтік  құқық  емес,  жай  ғана  рұқсат  болған  болар  еді.  Ал 
енді осы рұқсаттылыққа əйтеуір бір кедергі болып тұрған бірдеңеге тыйым салынғанда ғана 
мүмкін болар еді. 
Адам  құқықтарының  кепілдері  көлемді  əлеуметтік-саяси  жəне  заңды  құбылыс  болып 
табылады. Мұның өзі төмендегідей сəттермен сипатталады: 
1)  танымдық,  яғни  өзі  ықпалын  тигізетін  объектілер  жөнінде  пəндік-теориялық 
білімдердің  сырын  ашып  көрсетуге  жəне  мемлекеттің  əлеуметтік  жəне  құқықтық  саясаты 
жөніндегі  іс-тəжірибеде  (практикада)  мəні  бар  мағлұматтар  алуға  мүмкіндіктер  жасайтын 
сипатта; 
2)  идеологиялық,  саяси  биліктің  демократиялық  идеяларды  мемлекет  ішінде  жəне  одан 
тыс шеттерде де насихаттаудың құралы ретінде пайдаланатындығы сипатында; 
3)  практикалық  (іс-тəжірибеде  қолданылатын)  заңтанудың  аспаптар  жинағы  ретінде 
танылатын  жеке  адамның  əлеуметтік  игіліктерін  қанағаттандырудың  алғышарттары 
сипатында. 
Кепілдіктер  -  тұлғаға  өзінің  құқықтары  мен  бостандықтарын,  мүдделерін  жүзеге  асыру 
үшін  тең  мүмкіндіктер  жасайтын  əлеуметтік-экономикалық,  саяси,  имандылық,  өнегелік 
ұйымдастыру  алғышарттарының,  жағдайларының,  құралдары  мен  тəсілдерінің  жүйесі. 
Кепілдіктер  ұғымы  адамзат  жасаған  ізгілік  (яғни  гуманизм  адамгершілік),  имандылық, 
өнегелілік,  əділдік,  заңдылық,  мақсаттылық,  теңқұқықтылық  жəне  т.б.  негіздерге  сүйенеді. 
Өзінің  мəні  бойынша  кепілдіктер  дегеніміз  адамның  заңды  мүдделерін  қанағаттандыруды 
қамтамасыз ететін жағдайлар (шарттар) жүйесі. Бұлардың негізгі қызметі мемлекеттің жөне 
басқа да субъектілердің тұлға құқығын жүзеге асыру аясындағы міндеттерін орындату болып 
табылады.  Кепілдіктердің  объектісіне  адам  құқықтарын  сақтау  мен  қорғауға  байланысты 
болып келетін қоғамдық қатынастар, азаматтардың мүліктік жəне мүліктік емес  мүдделерін 
қанағаттандырулар  жатады.  Адам  жəне  азамат  құқықтары  жүйе  тұрғысынан  қарағанда 
мыналардан тұрады: 
1. Материалдық кепілдіктер - экономикалық кеңістіктің тұтастығы, тауарлардың, қызмет 
көрсетулердің  жəне  қаржы  қаражаттарының  еркін  түрде  ауысып  орналасулары, 

 
экономикалық  қызмет  еркіндігі,  жеке  меншік  жəне  мемлекеттік  меншік  түрлерінің  тең 
құқықты деп танылуы жəне қорғалуынан тұрады. 
2.  Саяси  кепілдіктер  —  халық  билігінің  жүйесі,  мемлекет  жəне  қоғамды  басқару  ісіне 
тұлғаның қатысу мүмкіндігінің бар болуы. 
3.  Рухани  кепілдіктер  -  отанды  сүю  жəне  құрметтеуге,  жақсылық  пен  əділдік, 
əділеттіліктің  бар  екендігіне  сену  сезіміне  негізделген  мəдениет  құндылықтарының  жүйесі: 
мұның  өзі  қоғамдық  саналылық  жəне  адамның  білімділігінен  тұрады.  Рухани  кепілдіктерге 
əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық жəне діни араздықтарды тұтатуға тыйым салу да жатады. 
4.  Заңдық  кепілдіктер  -  адам  жəне  азамат  құқықтарын  сақтау  мен  қорғаудың  заңда 
қарастырылған амалдары мен тəсілдерінің жүйесі болып табылады.   Тұлға   құқықтарының   
заңды  кепілдіктерінің  арасынан  жүзеге  асырудың  кепілдіктері  мен  сақшылық  (сақтау) 
кепілдіктерін  ажырата  білу  керек.  Бірінші  топқа  құқық  жəне  еркіндік  (бостандық)  шегі; 
заңды айғақтар; жүзеге асырудың бастамашылық жолмен жүзеге асыруды ынталандыру үшін 
қолданылатын  қолдау  көрсету  тобымен  конституциялық  бақылау  мен  қадағалау;  тұлғаның 
құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзғаны  үшін  кінəлыларға  қолданылатын  қорғау  мен 
жауапкершіліктердің  мөлшері;  бақылау  мен  қадағалауды  жүзеге  асырудың  іс  жүргізу 
формалары  (түрлері);  тұлға  құқығын  бұзудың  алдын  алу  жəне  сақтандыру  амалдары  жəне 
басқа да құқықтық амалдар.  
Адам жəне адамзат құқықтарының заңды кепілдіктері жүйесін құрудың басты қағидаты 
—  құқықты,  бостандықтарды  жəне  заңдық  мүдделерді  заңға  қайшы  келмейтін  тəсілдермен 
қорғаудың жалпыға бірдей болуы. 
Əлеуметтік  мемлекет  жəне  оның  заңдары  мақсатты  түрде  материалдық  молшылықты 
жасауы  жəне  оларды  қорғау  болуы  тиіс.  Сонымен  қатар  адамның  лайықты  өмір  сүруін 
қамтамасыз  ету  міндеттеріне  қызмет  етуі  жөн.  Қоғамдағы  адамгершілік,  ізгілік  (гуманизм); 
əділдік  қағидаттарын  (принциптерін)  нығайту  ең  басты  жəне  күнделікті  атқаратын  істер 
болуы тиіс. 
Құқық_саласының_түсінігі._2._Қоғамның_құқықтық_жүйесі.'>№30 Дəріс 
Тақырып:  
  Дəрістің мазмұны: 
1. Құқық саласының түсінігі. 
2. Қоғамның құқықтық жүйесі.  
3.Қазіргі заманғы құқықтық жүйелер  
Құқық
  саласы  –  бұл  белгілі  бір  қоғамдық  қатынастар  түрін  (саласын)  реттейтін  заң 
нормаларының жиынтығы. 
Құқық саласының белгілері; 
- əрбір саланың өз пəні болады; 
- əрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады; 
-  құқық  субъектілерінің  құқықтық  жағдайын  реттейтін,  құқықтар  мен  міндеттерді 
жүзеге  асыру  тəсілдерін  жəне  құқықтық  нормаларды  жүзеге  асыруға  бағытталған 
мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады. 
Құқық салаларының түрлері: 
1)  негізгі  салалар;  бұлар  басты  құқықтық  режимдерді  қамтиды,  жалпы  алғанда,  құқық 
салаларының  жүйесінің  ең  басында  конституциялық  құқық,  одан  кейін  материалдық 
құқықтар  –  азаматтық,  қылмыстық,  əкімшілік  құқықтар  жəне  оларға  сəйкес  іс  жүргізушілік 
салалар  –  азаматтық  іс  жүргізушілік,  қылмыстық  іс  жүргізушілік  жəне  əкімшілік  іс 
жүргізушілік құқықтары орналасқан; 
2)  арнайы  салалар;  бұларда  құқықтық  режимдер  қоғамның  ерекше  сфераларына 
бағытталған:  еңбек  құқығы,  жер  құқығы,  қаржылық  құқық,  əлеуметтік  қамтамасыз  ету 
құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы; 
3) кешенді салалар; бұларға негізгі жəне арнайы салалардың əртүрлі институттарының 
бірігуі  тəн:  шаруашылық  құқық,  аграрлық  құқық,  экологиялық  құқық,  сауда  құқығы, 
прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы. 

 
Құқықтық  жүйе  –  бұл  құқықтың  құқықтық  идеологиямен  жəне  сот  тəжірибесімен 
біртұтастықта  қарастырылуы.  Осы  үш  элемент:  заңдар  мен  басқа  да  мемлекетпен  танылған 
қайнар  көздерден  көрініс  тапқан  жалпыға  міндетті  нормалар  жүйесі  ретіндегі  құқық, 
құқықтық  сананың  белсенді  жағы  –  құқықтық  идеология  жəне  сот  тəжірибесі  құқықтық 
жүйені  құрайды.  «Құқықтық  жүйе»  түсінігінің  белгілі  бір  мемлекеттегі  құқыққа  сипаттама 
берудегі  маңызы  зор.  Бұл  жағдайда  ұлттық  құқықтық  жүйе  жөнінде  сөз  болып  отыр. 
Құқықтық  жүйенің  құқықпен  қатар  қай  элементінің  –  не  сот  тəжірибесінің,  не  құқықтық 
идеологияның  –  ерекше  рөлге  ие  болуына  сол  мемлекеттегі  барлық  құқықтық  құбылыстар 
т.уелді  болып  келеді. Осы  белгі  бойынша  құқықтық  жүйенің келесі  жанұяларын  (құқықтың 
қайнар  көздерінің  ортақтығы  негізінде  бөлінген  құқықтық  жүйелердің  жиынтығы)  бөліп 
қарастырады: 
1.  Континенталдық  Еуропаның  нормативтік-заңнамалық  жүйелер  отбасы  –  бұл 
романдық-германдық құқық. Бұл құқықтық жүйелерде бірінші орынға заң қойылған (Италия, 
Франция, Германия, Португалия жəне т.б). 
2.  Нормативтік-соттық,  ағылшын-саксондық  құқықтық  жүйелер  жанұясы  –  бұл 
Ұлыбританияның,  АҚШ-тың,  Канаданың,  Австралияның  жəне  т.б.  елдердің  прецеденттік 
құқығы. Бұл құқықтық жүйелерде басты орынды сот тəжірибесі, заңды прецедент иеленген. 
3.  Діни-дəстүрлі,  идеологиялық  құқықтық  жүйелер  жанұясы  –  бұл  мұсылман  құқығы 
(Иран,  Ирак,  П.кістан,  Судан  жəне  т.б)  жəне  кеңестік  құқық.  Бұл  құқықтық  жүйелерде 
ерекше рөлді дінмен партиялық идеология иеленеді. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының мəліметтері бойынша осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 
230-ға  тарта  мемлекет  бар  көрінеді.  Алуан  түрлі  мемлекеттік-құқықтық  құбылыстарды 
зерттеу-зерделеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы қолданылады. 
Құқықтық  жүйе  —  нақты  мемлекеттің  тұтастай  алынған  құқықтық  болмысының  бəрі. 
Құқықтық  жүйе  ұғымына  құқықтық  құбылыстардың  мол  тобы  -  нормативтік,  ұйымдық, 
мəдени-əлеуметтік аспектілер, құқық феноменінің жақтары кіреді. 
Құқықтық жүйенің құрылымы құқықтық құбылыстардың 3 топтамасынан тұрады: 
а) заң нормалары, қағидаттар, институттары (нормативтік жағы); 
б) құқықтық мекемелердің жиынтығы (ұйымдастыру жағы); 
в)  осы  қоғамның  өзіне  тəн  құқықтық  көзқарастардың,  түсініктердің,  идеялардың 
жиынтығы, құқықтық мəдениет (идеологиялық жағы). 
Əрбір  мемлекеттің  құқықтық  жүйесі  қоғам  дамуының  заңдылықтарын,  оның  тарихи, 
ұлттық,  мəдени  ерекшеліктерін  бейнелейді.  Əрбір  мемлекеттің  өзінің  құқықтық  жүйесі 
болады.  Оның  басқа  мемлекеттердің  құқықтық  жүйелерімен  ортақ  болып  келетін 
ерекшеліктерімен қатар, сондай-ақ айырмашылықтары да яғни өзгешеліктері де болады. 
Құқықтық  жүйенің  дамуына  қоғамның  бүкіл  рухани  мəдениеті,  дін,  философия,  өнеге, 
имандылық, көркемдік мəдениет, ғылым ықпал жасайды. Құқықтық мəдениетке саясат жəне 
саяси  мəдениет  зор  ықпал  тигізеді.  Ежелгі  Қытай,  Үндістан,  Мысырда,  Рим  мемлекетінде 
құқықтық жүйелер дін мен табиғи түрде өзара байланысты болып келетін. 
Құқықтық  жүйелердің  дамуында  сабақтастық  байқалады.  Мысалы,  дəстүрлі  құқықтық 
құндылықтар  жаңа  құндылықтармен  өзара  ықпалдасады.  Ал,  бұл  жаңа  құндылықтарды 
басқаруға  құқықтық  жүйеден  немесе  жүйелерден  дəстүрлі  құқықтық  жүйе  қабылдап  алып 
жатады. 
Құқықтық  жүйелер  өздерінің  элементтерінің  ұқсастығы,  тұтастығы  бойынша  топтарға 
"құқықтық жүйелерге" бірігеді. 
Құқықтық жүйелерді бөлу жəне жіктеудің белгілеріне мыналар жатады: 
1)  идеологияны,  дінді,  философияны,  экономикалық  жəне  əлеуметтік  құрылымдарды 
қоса алғанда; 
 2) заң техникасы, құқықтың қайнар көздері мұның негізі болады. 
Осы  белгілерді  негізге  ала  отырып  құқықтық  жүйелердің  мынандай  түрлерін  атап 
көрсетуге  болады  -  роман-германдық,  ағылшын-американдық,  социалистік,  діни  жəне 
дəстүрлі құқықтық жүйелер. 

 
Романо-германдық  құқықтық  жүйе  –  көптеген  мемлекеттердің  құқықтық  жүйелерін 
біріктіреді.  Бұл  мемлекеттерге  Франция,  ГФР,  Италия,  Испания,  Швеция,  Дания,  Латын 
Америкасының  барлық  мемлекеттері,  Таяу  Шығыс  елдері  жатады.  Бұл  құқықтық  жүйенің 
ықпалы Жапония, Индонезия т.б. мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өз көрінісін тапты. 
Роман-германдық  құқықтық  жүйе  рим  құқығын  рецепциялаудың  нəтижесі  болып 
табылады,  яғни  мұнда  құқықтың  негізінде  рим  құқығының  жетістіктері  алынған.  Роман-
германдық құқық жүйесінің негізгі сипаттарына мыналарды жатқызуға болады. 
1. Роман-германдық жүйесі бар барлық елдерде жазбаша конституциялар бар, бұлардың 
нормаларында ең жоғары заң күші бар деп танылады. 
2.  Əдеттегі  заңдардың  үш  түрі  бар:  кодекстер,  арнайы  заңдар,  ағымдағы  заңдар,  жəне 
нормалар мəтіндерінің жинағы. 
3. 
Құқық 
негіздерінің 
арасында 
заңға 
негізделген 
нормативтік 
актілердің 
(регламенттердің, əкімшілік бұйрық-жарлықтардың, министрлік декреттерінің жəне т.б.) рөлі 
едəуір. 
Роман-германдық құқықтық жүйеге кіретін елдердегі қызмет істейтін судья заңдық істі 
шешуде көбінесе тек істі бағалау процесін жүзеге асырады. 
Ағылшын-американдық құқықтық жүйе немесе жалпы құқық жүйесі 
Бұл  құқықтық  жүйе  Англияға  жөне  Британия  империясының  бұрынғы  отарларына  тəн. 
Англиядан  басқа  бұл  құқықтық  жүйе  АҚШ,  Канада,  Австралия,  Жаңа  Зеландия,  сондай-ақ 
Британия достастығына кіретін. 36 мемлекеттерге таралған. 
Заңтану  əдебиеттерінде  ағылшын-американдық  құқықтық  жүйе  кейде  негізгі  құқықтық 
жүйесі  деп  аталады.  Жалпы  құқық  (Coman  Law)  тарихи  түрде  Англияда  қалыптасқан  жəне 
оның  бұлай  деп  –  аталуы  оның  бүкіл  Англия  аумағында  тарауымен  байланысты  болған 
(оның  қалыптасу  кезеңі  Х-ХІІІ  ғасырлар)  жəне  бұл  құқықтық  жүйе  сот  əдет-ғүрыптары 
түрінде  заңдардың  қатысуынсыз  пайда  болып  азаматтық  сот  істерін  жүргізуде  ел  королінің 
қол астындағы азат азаматтардың бəріне таралған болатын. 
"Жалпы  құқық"  жүйесі  өз  негізінде  соттар  жасаған  үлгі  іс  құқығы  (құқықтық  үлгі  іс) 
болатын. 
 Ағылшын-американдық  (саксондық)  құқықтық  жүйенің  негізгі  ерекшелік  белгілері 
төмендегідей болып келеді: 
1. Сот құқық жасаушы (шығарушы) болады. 
2. Кодификацияланған заң болмайды. Мысалы, Англияда жазбаша Конституция жоқ. 
3.  Сот  шешімдері  (прецеденттері,  яғни  үлгі  істері)  заңдармен  қатарлас  қолданылып 
құқықтың  қайнар  көздері  болып  табылатын.  Ұқсас  істерді  қарағанда  оларды  шешім 
қабылдау үшін басқа соттар үлгі ретінде қолданатын болған. 
4.  Сот  билігі  қандай  да  болмасын  басқа  биліктерден  автономиялы  (дербес)  болады, 
прокуратура, əкімшілік, əділет (мекеме, қызмет) болмайды. 
Діни-дəстүрлік құқықтық жүйелер 
Осының  алдында  сипатталған  жүйелерге  қарағанда  Азия  мен  Африканың  көптеген 
елдері құқықтық жүйелерінің тұтастығы аталған жүйелерге тəн
 
дəрежесі болмайды. 
Бұл  мемлекеттердің  құқықтық  жүйелерінің  ерекшеліктері  –  құқықты  олардың  басқаша 
түсінетіндіктеріне байланысты, мұнда қоғамдық қатынастар құқықтық жолмен емес басқаша 
– діни-дəстүрлік тəсілмен реттелуі тиіс деген сенім, пікір Қиыр Шығыс, Африка, Мадагаскар 
елдеріне таралған. 
Осылардың арасынан қазіргі күнге ен кең таралғаны мұсылман құқығы болады. 
Мұсылман  құқығы  –  бұл  діни  нысанда  баяндалған  жəне  мұсылман  діні  исламға 
негізделген  нормалар  жүйесі.  Ислам  діні  бойынша  барлық  əдет-ғұрып  Алланың  əмірімен 
жаратылған.  Оны  құран  аяттары,  сүрелері  түрінде  өзінің  пайғамбары  Мұхаммед  арқылы 
тарихтың белгіленген мерзімінде, адамдарға мағынасын ашып тарат деп Алланың өзі берген 
көрінеді.  Мұсылман  құқығы  адам  болмысының  əлеуметтік  салаларының  барлық  аяларын 
түгел  қамтиды.  Алланың  адамға  берген  құқықтары  оған  біржолата  мүлдем  берілген. 

 
Дегенмен  құдайдың  жіберген  жаңалықтары  (құқықтары)  түсіндірулер  беру  мен 
талқылауларды қажет етеді. 
Мұсылман құқығының негізгі төрт қайнар көзі бар: 
а) құран — исламның (мұсылман дінінің) қасиетті кітабы; 
б)  сунна  немесе  Алланың  пайғамбары,  Мұхаммедтің  өмірі  мен  істеріне  байланысты 
дəстүрлер; 
в) Иджма немесе мұсылман коғамының бірыңғай келісімі; 
г) Кийас немесе ұқсастығы бойынша пікір түю (пайымдап ой жүгірту). 
Мұсылман құқығының негізгі белгілері: 
1) бірнеше құқықтық институттардың жалпы догмаға айналуы; 
2) нормалардың казуистикалығы (жалпы догмаға айналуы); 
3) нормаларда жүйеліліктің болмауы; 
4) əдет-ғұрыптардың мұсылман құқығында орын алмауы (оған кірмеуі). 
Тұтастай алғанда мұсылман құқығы адамдардың дінге жəне наным-сеніміне негізделген 
құқық. 
Ислам (мұсылман діні) əлемдік үш діннің ішіндегі ең жасы, дегенмен сонда да болса ең 
кең  таралғаны.  Бұл  діннің  құрамында  теология  да  бар,  ол  догмаларды  (соқыр  сенім 
қағидаларын)  орнықтырады  жəне  не  нəрсеге  сенуі  керек  екендігін  анықтайды.  Исламның 
құрамында  сондай-ақ  шариғат  та  бар.  Шариғат  дегеніміз  мұнда  дінді  ұстанушыларға 
берілген  нұсқау,  ұйғарым,  онда  қандай  істерді  істеуге  болатындығы,  қандай  істерді  істеуге 
болмайтындығы  көрсетілген.  Шариғат  дегеніміз  адамның  "жүретін  жолы",  ал  мұның  өзі 
дұрысын айтқанда мұсылман құқығы. 
Шариғат 
адамдарға 
жүктелген 
міндеттер 
идеясына 
негізделген. 
Міндеттерді 
орындамаудың салдары оны орындамай бұзғанның күнəсі болады. Сондықтан да мұсылман 
құқығы осы норманың өзі белгілеген санкцияларға көңілді молынан бөледі. 
Мемлекет  дегеніміз  діннің  қызметшісі.  Осындай  қызметші  мемлекеттердегі  бар 
Конституциялар, заңдар мен басқалай да актілер исламның (мұсылман дінінің) талаптарына 
сай болуы тиіс. 
Индуизм  діні  құқығы  —  діни-дəстүрлік  жүйенің  екіншісі  жəне  ол  əлемдегі  жүйелердің 
ең ежелгісіне жатады. Бұған Үндістан, Пəкістан, Бирма, Сингапур, Малайзия елдері жатады, 
Африканың  Шығыс  жағалауындағы  Танзания,  Уганда,  Кения  жəне  тағы  басқа  да  елдер 
жатады. Исламшыларды белгілі бір діни догмаларды қабылдауды міндеттейді. 
Индуизм діні құқығына тəн белгілер: 
1.  Адамдар  өздерінің  туған  сəтінен  бастап  əлеуметтік  касталарға  бөлінген  жəне  əрбір 
кастаның өзіне тəн құқықтар мен міндеттері жəне тіпті өнегелілік те жүйесі бар. 
2.  Жүріс-тұрыстарды  (мінез-құлықтарды)  реттеуші  ретінде  əдет-ғұрыптарды  пайдалана 
беруге  ризашылық  (рұқсат)  беріледі.  Ал  əдет-ғұрыптар  тым  көп,  жəне  түрлі-түрлі  болып 
келеді. 
3. Қауымдар құқығымен қатар заңдар, сот прецеденттері де бар. 
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі 
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі өзінің даму кезеңін бастан өткізуде. 
Қазақстан  өз  тəуелсіздігін  алғаннан  соң  əртүрлі  факторларды  ескере  отырып  өзінің 
құқықтық жүйесін қалыптастыру ісіне белсенді түрде кірісті. 
Толығымен  алғанда  Қазақстан  Республикасының  құқықтық  жүйесі  роман-германдық 
құқықтық  жүйеге  бəрінен  де  жақын.  Мұндағы  құқықтық  жүйеде  құқықтың  негізгі  қайнар 
көздері  нормативтік  құқықтық  актілер  болып  табылады.  Мысалы,  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының 4-ші бабына сəйкес Қазақстан Республикасында Конституция нормалары 
күші бар құқық болып табылады, жəне де Конституция нормаларына сай заңдардағы, басқа 
да  нормативтік  құқықтық  актілердегі,  Республиканың  халықаралық  шарттарындағы  жəне 
басқа  да  міндеттемелеріндегі  нормалар,  Конституциялық  Кеңестің  жəне  Республика 
Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларындағы нормалар күші бар құқық болып табылады. 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұсынылатын əдебиеттер тізімі 
 
1.Актуальные проблемы теории права / курс лек. Под ред. А.Г.Хабибуллина. Уфа 1995. 
2. Алексеев С.С. Общая теория права . Курс в 2 тт. М.,1981, 1982.  
3. Бабаев В.К. Теория современного права. Н.Новгород. 1991.  
4. Баянов Е. Қазақстан Републикасы мемлекеті мен құқығының негіздері, Алматы, 2003. 
5. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Т.1,2. М.,1996. 
6. Гайман-Черновюк В.И. Очерк теолрии государства и права М.,1996 
7. Жеругов Р.Т. Теория государства и права. / Ввопросах и ответах . М.,1996. 
8. Ибраева А. Общая теория государства и права А., 2000 
9. Ибраева  А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учеб. Пособие. – Алматы:  «Жеті 
жарғы», 2003. 
10. Жоламан Қ.Д. Мемлекет жəне құқық теориясы, Алматы, 2005. 
11. Комаров С.А. Общая теория государства и парва Сарнск, 1994. 
12. Кулапов В.Л. Юридический словарь общеобьязательных  категорий и терминов. Саратов, 
1993.  
13. Курс лекции по теории государства и права/ под ред. А.В..Малько, Саратов. 1993 
14. Комарпов С.А. Общая теория государства и права. Саранск, 1994. 
15. Курс теории государства и права. / под. Ред. И.П.Марова, Тюмень, 1994. 
16.Лазарев В.В. Теория государства и права. М., 1992. 
17. Лившиц Р.З. Теория права. М., 1994. 
18. Ибраева А.И.  Мемлекет жəне құқық теориясы, Алматы, 1997.  
19 Малько А.В. Экзамен по теории государства и права: сто ответов на сто вопросов. М., 
1996. 
20. Марченко М.М.Теория государства и права М., 1996. 
21. Общая теория государства и права. М., 1998 
22. Общая теория права. / под ред. А.С.Пиголтна. М., 2000 
23. Общая теория права. Курс лекции под ред . Б.К.Бабаева, Н.Новгород, 1993. 
24. Обща теория праа и госудапрства. / под. Ред. В.В.Лазарева. М., 1996.  
25. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері, Алматы, 2003ж. 

 
26. Теория государства и права. / под. Ред. А.В.Венгенова. М., 1995. 
27. Теолрия государства и праа. Отв. Ред. В.М. Королский. М., 1997. 
28. Теория государства и права. Курс лекции под ред, М.И.Матузова. М., 1999. 
29. Теория государства права . / Марченко. М., 1998. 
30. Теория государства и права. / под ред. Н.А. Ктаева. Уфа, 1994 
31. Теория государства и рправа. Под ред. Г.Н.Манаова .м., 2000 
32. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М., 2000 
33. Черданцев а.Ф. Теория государста и права. Курс лекции . Екатеринбург, 20001. 
34. Четвернин В.А. Понятие права и государства. М.,1997. 
35. Тихомиров Ю.А. Теория закона. М.,2000. 
36. С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет жəне құқық теориясы. – А., 2006ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Глоссарий 
 
 
Абсолютизм 
Абсолютизм 
Absolutism 
Автономия 
Автономия 
Autonomy 
Администрация 
Əкімшілік 
Administration 
Вето 
Вето 
Veto 
Вина 
Кінə 
Quilt 
Вменяемость 
Есі дұрыстық 
Responsibility 
Вотум 
Вотум 
Vote 
Власть 
Билік 
Power 
Гипотеза 
Болжам 
Hypothesis 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет